Есенқұл Жақыпбековтың туғанына 60 жыл
Бөлісу:
06.02.2014
3481

Қазақ поэзиясына өзіндік өрнегімен келіп, халқының жүрегін тағылымды, нәзік, жанды жырларымен тербеткен Есенқұл Жақыпбековтың өмірден озғанына да бірнеше айдың көлемі болды. Ақын ортамызда болғанында алпысты алқымдар еді.
Шайырдың көзі тірісінде «Ағымнан жарыламын», «Біз екеуміз», «Жеріңе табын», «Жанқисса», «Есіл дүние-ай», «Біздің елдің жігіттері», «Бұл жаз да өтер» сынды жыр жинақтары жарық көрген. Бұдан бөлек, оның авторлық «Алдай-ау», «Қара күз», «Жұлдыздар», «Жаздың соңы», “Біздің елдің жігіттері” секілді бірқатар әндер халық арасында танымал.
Бөлісу: