«Әмбебап журналист»

Бөлісу:

13.02.2014 4409

ЖАҢА КІТАП

2014 жылдың ақпан айында жазушы, журналист Айтмұхамбет Қасымұлының «Әмбебап журналист» аударма кітабы жарық көрді. Бұл кітап – танымалбритан журналисі Дэвид Рэндаллдың журналистика саласына арнаған ұзақ жылғы еңбегінің жемісі.. Рэндалл әлемнің бірнеше елдерінде, соның ішінде Қазақстан мен Ресейде журналистикалық, редакторлық және дәріс оқу қызметтерімен шұғылданған. 
 

1899233_463019503798579_1125584349_n.jpgШекарамен шектелмейтін, нәсіл мен ұлтқа бөлінбейтін журналистика ілімі бойынша қазақ тілінде ғылыми-теориялық, әдістемелік оқулықтар әлі де болса аздық етіп жатқандығы шындық. Сол жағдайды ескере отырып, өзі де біраз уақыт С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің журналистика бөлімінде сабақ берген, қырық жылға жуық облыстық «Дидар» газетінде қызмет істеген тәжірибелі журналист, белгілі қаламгер, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Айтмұхамбет Қасымов сол британдық қаламгер Дэвид Рэндаллдың журналистикаға, өзінің жас әріптестеріне арнаған кітабын орысшадан (ағылшын тілінен орысшаға тәржімалаған – Алексей Порьяз) қазақ тіліне ықшамдап аударып шықты. 
 

Кітап журналистика әлеміне сапар шегуге бел буған студенттерге, сөз өнері саласында қалам сілтеп жүрген жас талапкерлерге, жалпы журналистер қауымына елеулі көмек көрсетеді. 
 

«Қалай жақсы репортер болуға болады?», «Сұрақ қоя білу өнері», «Түпнұсқалармен жұмыс», «Журналистік зерттеу», «Жаңа этика», «Газет үшін қалай жазу керек?», «Беттеу (верстка)» секілді тараулардан тұратын бұл кітап қолына қалам ұстайтын жалпы оқырман қауым үшін де қызғылықты, өйткені ол – журналистік шеберліктің әліппесі.

 

 

Азамат Тасқараұлы,

 

Ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі,

 

ҚР Үкіметінің «Дарын» жастар сыйлығының иегері

 

Бөлісу:

Көп оқылғандар