«Бабалар сөзінің» 100 томы жарық көрді
Бөлісу:
«100 томдық «Бабалар сөзін» жарыққа шығару барысында Қытай қазақтарының фольклорын өзінің жанрлық ерекшелігіне қарай 10 томға жіктеп беру – біздің тарихымызда тұңғыш рет атқарылып отырған жұмыс». Бүгін Астана қаласында өткен 100 томдық «Бабалар сөзі» атты қазақ фольклоры топтамасының тұсаукесер рәсімінде Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед осылай деді.
«Тәуелсіздік жылдарынан кейін қазақ фольклоры бойынша алған бай мұрамыз – Қытай қазақтарының фольклоры болатын. Жүз томдықты қарасаңыз оның сыртында «Қытай қазақтары» деген сөз жоқ. Бірақ, ішіне мұқият үңілер болсаңыз 10 томнан астам мұра Қытайдағы қазақтардың фольклорына арналған. «Моңғолиядағы халық әдебиеті» деген екі томдық нұсқа да бар. Неге бірін-бірі қайталайды деген сұрақ туындауы мүмкін. Хикаялық дастандар, ғашықтық дастандар, тарихи жырлар, ежелгі дастандар тақырып бойынша жіктеліп берілді. Қытай қазақтарының фольклорын өзінің жанрлық жігімен 10 томға жіктеп беру – біздің тарихымызда тұңғыш рет атқарылып отырған жұмыс. Сондағы бір жарым миллион қандасымыздың ата-бабамызбен бірге тудырған бай мұрасы тұңғыш рет қазақстандық оқырманмен қауышып отыр» дейді министр Мұхтар Абрарұлы.
BAQ.KZ
Майгүл СҰЛТАН,
Суретті түсірген: Ғабит Мадалиев
Бөлісу: