Эскишехирде Әдебиет порталы интернет-жобасының таныстырылымы өтті

Бөлісу:

18.02.2014 3187

IMG_0745.JPG

18 ақпан 2014 жылы "Түркі әлемінің мәдени астанасына" айналған Түркияның Эскишехир қаласында VI Түркі Әлемі әдебиет журналдары конгресі аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, "Қазконтент" АҚ "Әдебиет порталы" Интернет-жобасының таныстырылымы өтті. Таныстырылымды "Әдебиет порталы" Интернет-жобасының түрік тілі редакторы Беген Руслан жасады.

Әдебиет порталы – өз бағыты айқын бұл бірегей жаңа жобалар қазақ елінің мәдени, тарихи және әдеби мұрасына қызығушылық танытатын әлемнің түпкір-түпкіріндегі ғаламторды белсенді пайдаланатын көзі қырақты оқырман қауымның басын біріктіретін Интернет жобасы болып табылады.

Веб-порталдың негізгі мақсаты – жас ақын-жазушыларға ақпараттық қолдау көрсетіп, қазақ әдебиетін интернет әлемінде жүйелі түрде, яғни қазақша, орысша, ағылшынша және түрікше насихаттау.

Веб-порталда кітаптар бөлімі, сонымен бірге арнайы жобалар бөлімдері де орын алған. Конгрес барысында қазіргі таңда әдебиетшілер қауымы тарапынан сөз болған аударманың маңызды роль алатындығы тілге тиек етілді. Осыған байланысты болашақта порталдағы “Аударма” жобасының қол жеткізер мүмкіндігі мен табыстылығы сөз болды.

IMG_0731.JPG

“Хат” арнайы жобасы “Әдебиет порталының” маңызды бөлігі ретінде, портал қолданушылар мен танымал ақын-жазушылардың сирек кездесетін хаттарымен танысу мүмкіндігіне ие болатындығы және “Қысқаша мазмұн” мен “Поэзия әлемі” жобалары да әдебиет сүйер қауымның еңбектерімен қысқаша танысу мен поэзияны аудио және видео түрінде қол жеткізу мүмкіндігіне ие болатындығы баяндалды. Сонымен қатар, аталған бұл жобаларды интернет желісінде оқумен қатар, оны жариялау мен ғаламторда достармен бөлісу, пікірлер жазуға да болады. Конгреске қатысушылар тарапынан жылы ықыласқа бөленген “Әдебиет порталына”, әдебиетшілер мен ақын-жазушылар өз еңбектерін порталға орналастыруға ынталы екендіктерін де білдірді.

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар