«Әдебиет порталы» латын және төте жазу нұсқасында

Бөлісу:

05.03.2014 3688

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деген болатын. Шын мәнінде, латынға өту арқылы көп мәселенің шешілетіні рас. Латын қарпі – өркениеттің жазу, оқу құралы. Осыған орай, төрт тілде қатар жұмыс жасайтын (қазақ, орыс, түрік, ағылшын) «Әдебиет порталы» енді Сіздерге түрлі ақпараттар мен әдеби мақалалардың толық нұсқасын латын және төте жазу үлгісінде ұсынып отыр. ХХ ғасырдың басында араб әліпбиі біраз қолданыста болды. Одан бертінде А.Байтұрсыновтың төте жазуы енді. 1939-40 жылдары қазір тілге тиек етіліп отырған латын әліпбиін де қолдандық. Қытай Халық Республикасындағы 1 миллионнан астам қандастарымыз әлі күнге дейін А.Байтұрсыновтың төте жазуын қолданады. Енді бүгіннен бастап «Әдебиет порталы» Интернет-жобасының толық нұсқасын латын және төте жазу үлгісімен де оқи алатын болады.

                         

Бөлісу:

Көп оқылғандар