«HIVOS» қорының қолдауымен өтетін «Новеллазия» атты Орта Азиялық әдеби байқауға қатысыңыз

Бөлісу:

18.03.2014 2557


 

poster_watermelon_rus A2Новеллазия.jpg

Байқаудың мақсаты – Орта Азиялық  аймақтардан дарынды жазушыларды анықтау. Байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Тажікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдерінің азаматтары қатыса алады. Үміткер ретінде әуесқой жазушылар, блоггерлер, журналистер мен новеллистер және басқа да авторлар қатыса алады. Байқауға қатысушылардың жасы шектелмейді.

 

Байқаудың ережесі:

– Байқауға көркем шығармалар қабылданады. Үміткерлер өздерінің жұмыстарын: повесть, новелла, әңгіме түрінде ұсына алады.

– Байқауға ұсынылатын шығармалар А4 форматында 12 өлшемді қаріппен жазылуы тиіс. Ұсынылатын шығармалар 30 беттен аз болмауы және 100 беттен аспауы керек.

– Шығармалар MS Word.doc түрінде жіберілуі керек. (.pdf  немесе .rtf  түрінде қабылданбайды).

– Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға 5 жүлделі орын тағайындалған.  

– Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен  300 евро көлемінде қаржылай сыйлық ұсынылады.

–Үміткерлер арасынан жеңімпаз деп танылған үздік шығармалар ағылшын тіліне аударылып, NewEurasia сайты мен "Әдебиет порталы" интернет-жобасында онлайн түрінде жарияланатын болады. 

– Егер жіберілген жұмыстармен қатар аудиовизуалды контент немесе басқа арнайы құралдар бірге жіберілетін болса, алдымен NewEurasia сайтымен  кеңесу керек.

– Ұсынылатын жұмыстар 2014 жылдың 1 сәуіріне дейін мына мекен-жайда competition@neweurasia.net. қабылданады.  Жеңімпаздар 2014 жылдың 1 мамыр күні "Әдебиет" порталы мен NewEurasia сайтында жарияланатын болады.


 

«Әдебеиет порталы» байқаудың Қазақстандағы ақпараттық серіктесі болып табылады. Байқау қорытындысы бойынша  қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі жеңімпаз болып танылған үздік шығармалар «Әдебиет порталында»  жарияланады.

 

 

 

 

Бөлісу:

Көп оқылғандар