«AlmatyBookExpo» Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өткізіледі

Бөлісу:

28.05.2014 3631

ALMATYBOOKEXPO1.jpg
2014 жылдың 29-30 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы  Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы, Қазақстан баспагерлері, полиграфистері мен кітап таратушылар қауымдастығы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен бірлесе отырып «AlmatyBookExpo» Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесін өткізеді.

«AlmatyBookExpo» Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі – ұлттық мәдениетті насихаттау, баспалар, полиграфиялық және кітап саудасы ұйымдары арасында мәдени және іскер байланыстарды орнату мен кеңейту мақсатындағы дәстүрлі шара. Көрмеге Қазақстанның және шетелдердің, Түркия, БАӘ, Қырғызстан, Қытай, Иран, Өзбекстан, Ресейдің кітап шығару, кітап тарату және полиграфия саласындағы ұйымдары кітап, мерзімді басылымдар, нота, географиялық карталар, ашық хаттар, басқа да полиграфиялық өнімдер, электронды басылымдар, кеңсе тауарлары, сувенирлер ұсынады. 
Көрменің негізгі бөлімдері: кітаптар, журналдар, газеттер, плакаттар, ашық хаттар; аудио, бейне, электронды кітаптар; кітап дүкендері; полиграфиялық құралдар; полиграфиялық қызметтер; кеңсе тауарлары; кітапханалар, мұрағаттар, әдеби алаңдар болып табылады.
Көрме аясында белгілі қазақстандық ақын-жазушылармен әдеби кездесулер, кітап ісінің өзекті мәселелеріне арналған семинарлар, дөңгелек үстелдер өтеді.

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар