«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ – ТІРЕГІМ» атты дөңгелек үстел
Бөлісу:
2016 жылдың желтоқсан айының 13-і күні сағат 11.00-де «Астана» Ұлттық сурет галереясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ – ТІРЕГІМ» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел аясында Тәуелсіздік кезеңінде қалыптасқан 25 жас суретшінің туындыларынан құралған көрме ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – іргелі еліміздің Тәуелсіздігін ұлықтау, Тәуелсіздік жылдары қалыптасқан дарынды жастардың шығармашылық өнерін насихаттау, жаңа есімдерді қалың жұртшылыққа таныстыру және елдің мәдени дамуына қомақты үлес қосатын жас өнерпаздардың бастамаларына қолдау көрсету, өскелең ұрпақ бойына өнер мен мәдениетке құштарлық, азаматтық белсенділік, өз ойын өнер арқылы жеткізе білу сынды қасиеттерді сіңіруге атсалысу болды.
Іс-шараға өнер және әдебиет салаларының белгілі тұлғалары қатысты. Қатысушылардың арасында:
жазушы, «Жас Алаш», «Жетісу», «Қазақ әдебиеті», «Анатілі» газеттерінде, «Таң-Шолпан» журналында, «Нүр-Астана» газетінде бас редакторының орынбасары лауазымында қызмет атқарды. Қазір «Мәдени мұра» журналының бас редакторы. Шығармалары (Жалғыз желкен. Әңгімелер. А., «Жалын», 1984; Теңіздей бір тамшы. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1986; Қулан жанарында-ғы ғұмыр. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1988; «Жизнь в глазахкулана». Повестер мен әңгімелер. А., «Балауса», 1992; «Жер сілкі иісі нен бір жұма бұрын». Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1996; Қателесесің, қымбаттым.... 2004. Елде жоқ ережелер. А., 2006; Жиделі тоғай дағы жеті күн. А., 2007; Сырдария сериясымен жарық көрген екі томдық шығармалар жинағы. 2008; Ән салуға әлі ерте. 2008) бірнеше тілге аударылған. «Жалын» баспасы жариялаған жабық бәйгенің бірнеше мәрте жүлдегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Республикалық «Астана-Бәйтерек» әдеби шығармалар бәйгесінің бас жүлдегері - Жиенбай Қуаныш (Жазушы Қуаныш ағамыз сол 18-21 тамыз айында 1991 жылғы Мәскеуде болған «Тамыз бүлігінде» («Августовский путч») болған оқиғаларды өз көзімен көргенін айтып өтті. Жалпы барша келген кісілерді келе жатқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі 25 жылдығымен құттықтады).
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi «Қазақ ұлттық өнер университеті» мемлекеттiк мекемесiнiң бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, Суретшілер Одағының мүшесі Байқоңыр Ижанұлы,
Айман Мұқтарханқызы, Ерлан Бақтыбайұлы, Бейбіт Әсемқұл, Сырлыбек Бекботаев, Гүлмарал Тәтібекова, Ренат Елубаев, Айдос Есмағанбетов, Қайрат Жайырбекұлы, Өмірәлі Исмаилов, Наталья Легай, Жеңіс Молдабеков, Жанна Нүгербек, Гүлназым Өмірзаққызы және тағы да басқа қоғам қайраткерлері болды.
Қонақтар назарына еліміздің жас әрі дарынды суретшілері бейнелеу өнерінің түрлі жанрындағы жұмыстарын ұсынды. Олар – пейзаж, натюрморт, тарихи және тұрмыстық мәнердегі картиналар, мүсіндер мен қыш бұйымдары. Сонымен қатар заманауи стильде жасалған қолданбалы өнер: текемет, гобелен, ши, сырмақ және т.б. көптеген туындылар да көрмеден орын алды.
Ұсынылған жұмыстар ұлттық көріністерді қамтып, мәдениет пен ұлттық салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттайды деп сенеміз.
Дөңгелек үстел аясында еліміздің тәуелсіздігі кезінде мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері, шығармашылық жоспарлары туралы әңгіме болып, жас суретшілердің әлемге танымал музейлермен, галереялармен бірлесе жасаған жұмыстары талқыланды.
Жас суретшілер өз шығармашылықтарында ел тәуелсіздігінің басты тақырып болғанын баяндап, өз ойларын ортаға салды.
adebiportal.kz
Бөлісу: