Талғат Кеңесбаев дүниеден өтті

Бөлісу:

23.10.2018 3549

Астанада белгілі жазушы, «Моцарт» романы, «Үнсіз нота», «Лениннің бәтеңкесі», «Гауһар», «Ойшоғыр» т.б. әңгіме-повестерімен жаңашыл әңгімелерімен қазақ оқырманына танылған Талғат Кеңесбаев мезгілсіз дүниеден өтті.

Талғат Кеңесбаев 1961 жылы 15 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Сарыжал ауылында дүниеге келген.

1992 жылы Семей педагогикалық институтын тәмамдаған. Жазушы. Алғашқы шығармалары 1980 жылдары баспасөзде жарияланды.

1988 жылы республикалық "Жігер" фестивалінің лауреаты атанды. Тұңғыш кітабы "Француз әтірінің иісі" 1990 жылы жарық көрген.

2017 жылы "Ұлт болмысы" журналы ұйымдастырған "Ұлт болмысы" әдеби конкурсында бас жүлдені иеленді.

Қаламгердің артында қалған бала-шағасына, туыс-туған, ет-жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

Adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар