Сұраған Рахметұлы. Азаттықтың алдаспаны – Петефи Шандор

Бөлісу:

07.12.2022 30100

Азаттығың, үй-ішіңмен 
Ғажап ұғым, тағылым. 
Махаббатпен у ішуге
Жан беруің мағұлым. 
Бостандықсыз күн үшін де
Керек емес ханымың.

Петёфи (Петөфи) Шаандор (Petőfi Sándor 1823-1849) аңыз ақын, типтік образы өте кесек ұлы тұлға. Небәрі 27 жыл ғұмыр кешкен бейбақ. Жас шамасы жағынан қазақтың Ұлы ағартушысы 30 жасында лаулап өткен Шоқан Уәлихановтен (1835-1865) ары айтса – бір мүшел жасы үлкен һәм бері айтса – замандас. Қазақтың күрескер Ұлы ақыны Махамбет Өтемісұлынан (1804-1846) екі мүшел кейін туып, 2 жыл кейін өлген әрі тағдыры да соған өте ұқсас. Ол, Орыстың Ұлы ақыны А. С. Пушкин өлгенде 14 жастағы естияр бала. Рязанның шайыры Сергей Есенинмен (1895-1925) үндес. ХХ ғ. лиризмінің құдіретті ақыны француз поэзиясындағы сюрреализм ағымының көшбасшысы Поль Элюардың (Paul Eluard 1895-1952) әйгілі «Бостандық» жырының құрылымы Шаандордың ішкі үніне сынық сүйем жақын. Ұлы дала жыршысы қазақтың Қасым Аманжолы (1911-1955) секілді дауылпаз жыршы Шаандор. Ол, ХІХ ғасырда туса да Қытайдың небәрі 25 жасында мерт кеткен есе талантты ақыны Хайзының (1964-1989) ХХ ғасырдағы құрдасы.  Саяси азаматтық, азаттық сарынына сәйкес келетін Моңғолдың атақты ақыны Дэндэвийн Пүрэвдоржның (1933-2009) «Тәуелсіздік» жыры, Ринчингийн Чойномның (1936-1979) «Азаттық» жырлары Петёфи жырының  мүмкін әсерінен туды. 

Петёфи Шандордың жастық шағы бей қиялмен өткен бей сері бізше, осал ақын емес, орсан мінезді ойрансалдың өзі. Әлденеше мектептің есігін ашып, қабырғасын көрген ерке-шора, кіресалылығынан – шығасалылығы басымдау сотқар, шоң кірпияз. Оны қабағат қағылез оқу ұғымталдығы – «оқу соқты»-ға, ұтқыр көзқарасы – қызушүйірке ұщқыр даушәй жініктікке жеткерген. Ол өзіне етене  жәрдемгер ақын ағасы Михали Верешмартиды қатты құрметтеген. Одан үйренгені өте көп секілді. Сардар шерік, сарыалатүймелі, күймелі шегенді (рыцарь) генерал Йозеф Бем секілді сұсты күрескер, сойқан қолбасшы, ғаскер әміршісі болуды армандағаны бар бозбалаң шағында. Алайда сәл дімкәстеу, еркемәлік аурушаңдығы ол арманына дес бермеген секілді. Жекпе-жекте (дуэльқұмар), серуенбақ, тоятбазар, ойынханаларда жиі төбелесетін. Наурыз жастарын басқарған революционер болды ол. Тұңғыш өлеңі 1842 жылы жарияланып, ес-ақылынан айрылғанша шарықтап кайф (кейф) кешкен. Өлеңдерінде мұңлы элегия, юмор, сатира т.с.с. Кульминациялық шырқау, шытырман хаосқа толы тұстары бар. Янош Витез (János Vitéz 1408-1472) оны ортағасырлық ең ғажайып еңіздік елгезек ақында елеске сүйреді. Оның Витез Янош, Матьяша Хуньяди эпикасы мен теңдессіз іліміне керемет еліктеуі де содан. Алайда кедір-бұдырсыз байырғы халықтық мақам сылдыраң – сыңғыр, сыпыра – сілтең келісімді шумақ жолдары тіптен осал емес. 

Шаандор орыстың Ұлы шайыры Пушкин өлгенде 14 жасар жеткіншек бозбала еді. Ендеше желік қууды немесе Пушкиннен қалай құлай сүюді ұқты, ұқпады – бір құдай құдайдың баласы Иса Христосқа ғана аян!? Махаббат, межнүндікпен керемет ару Жулия қызға деген ерекше сыр сүмбіл сүгіретті, дестесі кестелі керемет лейлі өлеңдерін арнаған. Оқырмандардың түрлі пікірталасына бірден өлеңнің шелі арқылы іліккен, сыншыларға тура «жем» болған туындылары да сәл ертерек жарық көргеніне қарағанда ол қазыналы үйдің қалталы «ханзадасы». Петёфи Шаандор Ақын, тәржімашы Юлия Сендреи (Júlia Szendrey 1828-1868)-мен неке құрған, жалғыз ұл баласы Золтан. Тегі жағынан шексіз аристократ, көкірегі толған шер, көзі тым ерте ашылған бостангер һәм шеругер, ақсүйек. Петёфи Шаандордың бір топ өлеңдерін ғалым інім Бабақұмар Қинаятұлының көмегіне сүйене отырып тәржіма жасап, оқырманға ұсынғанымыз осы.

ЕЛ ҰРАН
(Немзети Дал)

Мажария еліңіз шақырады, 
Аттандап!
«Бүгін үлгер, ертең жоқ» талайыңыз батпанда аһ!. 
Азаттықтың ақ таңы арайлатып атқанда, 
Қаласың ба, халайық құлдық құрған қақпанда! 
Аманатың, сауалың алдыңызда ~ «Аменің» 
Мажар тәңір сізге біз ант етеміз әуелі.

Бабаларым батқан жер, жан тәнімді  қариды. 
Бостансыздық, бодандық тегімізде зар илеп. 
Құтыламыз құрсаудан, бағындарып пәниді ең. 
Құл емеспіз біз енді, ниетіміз 
ғанибет?!

Азаттықтың, ұранның құрбандығы шығармыз, 
Тұғырындамыз біз енді туған жердің, 
тұмардың, 
Мажар тәңір сізге біз серт етеміз ұран ғып, 
Тұтылмаймыз тозақтың тозаңына Тралдың.
Мажар тәңір біз сізге ант етеміз әрине
Бағындарып пәниді, 
Құл емеспіз біз енді ниетіміз ғанибет!

Ынжықтық пен момындық бөгеп келді жолыңды, 
Жүрегіңе жүк болды жүре-жүре сол үлгі. 
Көңіліңді шырмады көнбістік пен көнімдік. 
Отаның мен арыңның алдына сал жөніңді
Мажар тәңір біз сізге серт етеміз толымды.
Құл емеспіз біз енді, 
таныдым оң, солымды.

Сабер қанжар ұшымен шырмауын кес шынжырдың, 
Найзаласу қолыңның ебіне серт, тындырғын. 
Кісен салып, мойныңа қамыт кисең – бұл бір мін, 
Сайтан алғыр құрсаудың сабын шауып сындырғын. 
Мажар тәңір біз сізге серт береміз сүмбірлі
Құл етеміз бір күнде
Ұлығы болып Ұңғырдың*.

Мажарлардың тегі тең тарихынан тағылым, 
Өткен шағым өжеттік өртінде өтті мағұлым: 
Сан ғасырлық қасірет табындырған лағнет
Тазартамыз жуамыз көпіршітіп сабынын. 
Мажар тәңір марқабат, уәде еттік тағы мың, 
Енді малай емеспіз, 
Егелейміз дәуірін.

Бабалардың топырағы шөкім-шөкім қабірде, 
Ұрпақ дұға оқиды, басын иіп қадірлеп. 
Баталарын тілейді барлығы үшін қабыл деп. 
Мажар тәңір  сізге біз ант етеміз пәк үнмен
Құл болмаймыз біз енді
Құл болмауды  мәлімдеп.

-----

*Унгар

***

Beszél a fákkal a bús őszi szél

Күзгі жел ағаштар сыбдыры жырлайды
мың қилы,
Жапырақтар ызыңы сыбырлап мүлгиді.
Былдыр үн естиміз, мұңдарын бұтақтан
Бастарын шұлғиды жауабы – 
озаны,
Ыңғайлы құраққа жайғасып, қолымды  созамын.
Таң атып келеді күндіз бұл, 
Қараңғы іңір де қайтады бозарып. 
Үнсіздік,
Шаршаған мойыны иіліп, бір мызғып
Тып-тыныш тынығып қалғиды гөзалым.

Бақытты қарыммен толқынды есемін 
тынбастан
Қолымда солардың кеудесі – гір басқан.
Азаттық үшінгі шайқастар тарихы бір дастан,
Дұғалы кітабым кәдімгі катехизммен 
жымдасқан.
Құйрықты жұлдыздай алып нұр
Хаттары тәңірдің көзінде жарқырап тұрды аспан.
Шаршаған мойыны кеудеңе иіліп,
Тып-тыныш ұйықтайды жұбайым бұйығып.

Залымның қаһарлы зәріне бағынған 
елім бей,
Шайқаста алтын мен қамшыға табынған едім кей,
Азаттық, бостандық тегін бе? 
Бір мәрте күлімдеу дедің бе!?
Батырлар ұрысқа қорықпай кіреді шегінбей
Қыздардың жіберген қызғалдақ гүлі деп қабылда мені де,
Жазылмас жарақат, қандағы арылмас өлімдей.
Шаршаған мойыны қойныңа иіліп,
Тып-тыныш ұйықтайды жұбайым бұйығып.

Өзгеше даңқты, киелі азаттық өзіңнің жаныңда,
Өмірің үшін сен – өлімге баста айқас, 
адымда!
Жеңіліс болмайды – жеңіс тиегі тек тайталасыңда!
Соңғы шайқастар жеңісті уәде етеді жадыңда.
Жараланғандар, жазым болғандар үшін 
кек қайтарасың да:
Кек алу – керемет кесірлі  үрейлі ғайым қиын іс!
Бұрымды мойыны иініңе иліп,
Бұрдыққан жұбайым ұйықтайды бұйығып.

Көз алдым қанды панорамалар көремін ұнатып,
Болашақ болмыстарымен  туады өстіп, 
өксітіп жылатып:
Бостандық жаулары өз қанына өледі батып,
Дүние арылып озбырлықтардан өзгеріп нәті.
Жүрегім соғып, күн күркірейді дәйім
Найзағай жарылып, кеудемде арман түнейді.
Шаршаған басы салбырап,
ләйім, 
қалғиды тыныш менің жұбайым.

                                                                                                                          Колту 1847 жыл, қыркүйек

***

Буырқанды теңіз

Бұқара жойқын тірілді, 
Буырқанды теңіз, зор тыныс.
Алапат түрен ірі үнді,
Аспан мен жерде қорқыныш.

Көрдің бе, бидің тербеуін,
Құдыретті әуез күйін сіз?
Қаймана жұрттың серуенін,
Ұқтыратындай үнсіз.

Сілкінген теңіз, шуылы,
Кемелер әлсіз қарысып,
Құрдымға қарай қуылып.
Құлаған, сынған арысы*,
Желкені желбір жұлынып.

Қаһарлан,тағы дүлейлен,
Ашуың, кегің арайлар.
Тұңғиығыңды көрсет сүлейлен,
Тұманды бұлтқа қарай бір.

Кеңіске антың жазылсын,
Кейінгіге куә белгісі.
Кемеңе сенсең – жазымсың,
Кемерде теңіз – сел күші.
Себебі теңіз – ел күші!

*арысы – мачта - мәтшә

 

Бөлісу:

Көп оқылғандар