Қазыбек би Келдібекұлы
Қазыбек Келдібекұлы – 1667 жылы Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келген (нақты туылған жері белгісіз). Балалық шағын Қаратау мен Ұлытауда өткізді. Жас кезінен бастап, өзінің өткір ақыл-ойымен және терең білімімен ерекшеленген. Көптеген аңыз-әңгімелермен, мақал-мәтелдермен және нақыл сөздермен жақсы таныс болған.
14 жасында қазақ елшілерімен бірге, Жоңғар ханы – Сыбан Раптанмен келіссөздер жүргізуге аттанды. Өзінің батылдығының және шешендік өнерінің арқасында, халықтан ұрланған мүлікті елге қайтарып, тұтқындарды босатты. Оның шешендігіне таң қалған Сыбан Раптан, болашақ биді «қаз дауысты» деп атап, бұл ат Қазыбек бидің өмірінің соңына дейін сақталып қалды. Бұдан кейін, Жоңғар хандығына тағы да бірнеше рет дипломатиялық сапармен барған. Осындай сапарлардың бірінде, тұтқынға алынған Абылай ханды босата алды.
Қазыбек би Абылайды қазақ халқын біріктіре алатын адам ретінде қарастырып, оны азат ету үшін үлкен табандылық танытты. Сондай-ақ, келіссөздердің нәтижесінде, Түркістан қаласы және қазақтың 32 елді мекені жаудан құтқарылды. Тәуке хан Қазыбекті Орта Жүздің басты биі етіп тағайындаған. Ол үш жүзді біріктіруге үлкен үлесін қосып, жоңғар басқыншыларына қарсы жалпыұлттық күресті ұйымдастырған.
Сондай-ақ, «Жеті жарғы» заңдар жинағының авторларының бірі болып саналады. Тәуке хан өлгеннен кейін, Сәмеке, Әбілмәмбет және Абылай хандардың тұсында, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына белсене араласқан.
Атақты би 1764 жылдың желтоқсанында Семізбұға тауының етегінде қайтыс болды. Оның баласы Бекболат киіз үй салып, әкесінің денесін төрт ай бойы осында ұстады. Қар жауып болған соң, мәйітті Түркістанға жеткізіп, Ясауи кесенесінде жерледі. Қазыбек өмірінің барлық кезеңінде елімізді біртұтастыққа шақырды, хандар арасындағы алауыздықтарды шешіп отырды және көрші халықтармен өркениетті қарым-қатынасты орнатуға тырысты.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2247
28.10.2026
2216
26.10.2026
1594
27.10.2026
983
27.10.2026
822
26.10.2026
818
29.10.2026
614
28.10.2026
547
28.10.2026
532
29.10.2026
521
28.10.2026
429
29.10.2026
405
21.10.2026
4393
22.10.2026
4261
20.10.2026
3386
07.10.2026
3299
15.10.2026
3218
20.10.2026
2935
09.10.2026
2891
16.10.2026
2582
05.10.2026
2303
09.10.2026
2298
28.10.2026
2247
28.10.2026
2216
30.09.2026
2178
08.10.2026
2136
