Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Олардың қаламнан басқа ештеңесі, бізден басқа ешкімі жоқ!.

14.08.2017 2415

Олардың қаламнан басқа ештеңесі, бізден басқа ешкімі жоқ!.

"Ақынды ақын сүйемесе, болмайды,
Ақынды ақын күйелесе, ол - қайғы", депті Мұқағали. Белгілі ақын Ерлан Жүністің ұзаққа созылған ақын-жазушылар жайлы талқыға білдірген пікірі де осыған саяды. "Адамды адам түсінбеу бір ақырет" (тағы да Мұқағали), ал ақынды ақын, жазушыны жазушы түсінбесе ше?

Ерлан ЖҮНІС, ақын:

Сен мұңайма!..

Стивен Фрайдың "Гиппопотамында" кейіпкер: "Бүкіл Англияда, Ирландия, Шотландия, Уэльсте тұратын барлық ақын бір түнде жойылып кетсе де ешкім байқамас еді. Бәлкім, 14 күн өткеннен кейін кенеттен аңғарар" деуші еді.

Жалпы, ақын я жазушы адамдарға (қоғамға) керек пе? Оның мәселесі, өзі қажет пе? Өзгені алаңдата ма? Әлде, азап шегуші, күйзелуші, қорлық көруші, қайыршылық халдегі ханзада бейнесіндегі кейпі ұнамды ма? Мүмкін, катарсис әлеуметтік қажеттілік пен мәжбүрлік арқылы жүзеге асады деп саналатын болар?.. Жан азабы жыртық шекпеннен анық көрінер? Мүмкін, Муза жалдамалы пәтер мен жылаған баланың даусына үйірсек деп түсінілетін болар?.. Мүмкін, өз тағдырының быт-шыты шыққан адам ғана ұлт, адамзат тағдырына алаңдар?.. Мүмкін, өлі ақындар анағұрлым сүйкімді болар?..

Лев Толстой "Менің ең сүйікті ақыным кім екенін білесіз бе?" деп сұрақ қояды да, өзі жауап береді: "Ол - Тютчев, онсыз өмір сүруге болмайды".

Менің ойымша, өзгелер сырт айналса да, қаламгерлер бір-біріне қамқор болуы керек. Әсіресе, жас қаламгерлерге. Олардың қаламнан басқа ештеңесі, бізден басқа ешкімі жоқ!.

Дайындаған: Наурыз САРША


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Көп оқылғандар