Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
№3. Қалам мен қаруды қатар ұстаған 10 қаламгер...

03.05.2016 5042

№3. Қалам мен қаруды қатар ұстаған 10 қаламгер

№3. Қалам мен қаруды қатар ұстаған 10 қаламгер - adebiportal.kz
f027eb5dd377d278dd21dafa0f9aefac.jpg



Қару мен қалам майданында. №3


Ұлы Отан соғысындағы қанды қырғынға қатысып, ерлікпен көзге түскен қазақтың ақын-жазушылар аз емес. Қанды қырғынға қатысып, ерлікпен көзге түскен қазақтың ақын-жазушылар аз емес. Қаламын қаруға айырбастап, майданның алдыңғы шебіне ұмтылған жазушы қауымының соғыс жылдарындағы өмірімен таныстырып отыру, сол бір қилы кезеңге байланысты олардың қаламынан туған шығармаларды жариялап отыру мақсатында «Әдебиет порталы» жаңа жоба ұсынып отыр. Жобаның алғашқы топтамасына дүние жүзін шарпыған жойқын соғыстың даңқты жауынгері, қаһарман қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлы бастаған майдангерлердің шығармаларын, фотосуреттерін, естелік жазбаларын, бейнекөріністерін жариялау арқылы оқырмандармен қайта қауыштырамыз. Әр шығарылымда он майдангер қаламгерді қамтып жариялап отыратын боламыз.



 
ысмваым.jpg

 

15 қарашада Көкшетау облысының Зеренді ауданындағы Қойсалған ауылында дүниеге келді.

 

 

1935 жылы ҚазПИдің тіләдебиет факультетін бітірген. «Пионер» газеті жауапты редакторының орынбасары, КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалында кіші ғылыми қызметкер болып істеген.

 

 

1938–1941 жж. ҚазПИдің аспирантурасында оқыды.

 

 

Генерал И.В. Панфилов бастаған даңқты 28 гвардия дивизиясы құрамында Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысты. 1-автоматшылар ротасының саяси жетекшісі, 2-атқыштар батальонының комиссары, полк үгітшісі болған. Мәскеу іргесіндегі қанды шайқаста қаһармандықтың асқан үлгісін көрсеткен.

 

 

1944-1946 жж. КСРО Қорғаныс министрлігі Жоғарғы саяси басқармасы үгіт-насихат бөлімінің бастығы болып істеген.

 

 

1946-1951 жж. Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтында директордың орынбасары, директоры, 1951-1963 жж. ҚазПИдің ректоры, 1963 жылдан өмірінің соңғы күніне дейін Қазақ КСР ҒА М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында фольклор бөлімінің меңгерушісі міндеттерін атқарды. Екі рет КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болып сайланған.

 

 

1938 жылдан бастап қазақ фольклорының мәселелерін терең зерттеді.

 

 

1947 жылы «Қобланды батыр» жырын ғылыми зерттеудің проблемалары» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» деген (1958) монографиясында халқымыздың лироэпосы, батырлық жырлары, ертегіаңыздары, тұрмыссалт өлеңдері, жұмбақтар, мақалмәтелдер, жаңылтпаштар, суырыпсалма өнері туралы ғылыми топшылаулар мен қорытындылар жасады.

 


Шығармалары:

 

Менің майдандас достарым. ҚБМБ, 1947;

 

Алтын жұлдыз. ҚБМБ, 1948; Майдан очерктері. ҚМКӘБ, 1959;

 

Ел намысы – ер намысы. А.,»Жазушы», 1966;

 

Сұрапыл жылдар. А., «Жазушы», 1972;

 

Қазақ халқының ауыз әдебиеті. А., «Мектеп», 1958;

 

Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес. А., «Мектеп», 1966;

 

Менің майдандас достарым. А., «Жазушы», 1985.



жзз.jpg
зъ.jpg
зъдхъ.jpg


2. Дебольский Алексей


джъхэ.jpg


13 қаңтарда Украинаның Харьков қаласында туған. Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтының география факультетін бітірген.

 

Ұлы Отан соғысына қатысқан.

 

1945-1954 жж. Совет Армиясы баспасөз органдары мен Германиядағы кеңестік әскери әкімшілігінде қызмет істеген. Шығармашылық еңбегінің бастауы – Берлиндегі «Тэглихе рундшау» газетінде (Германия тұрғындарына арналған кеңестік газет) неміс тілінде 1948 жылы жарияланған очерктер шоғыры. Бұл А.Гуммельс деген бүркеншік атпен жеке кітап боп шыққан (1949, Берлин).

 

50 жылдардың соңы мен 60 жылдардың басында А. Стражевский деген бүркеншік атпен орыс тілінде жазған, сондай-ақ неміс, ағылшын, француз тілдерінен кейбір шығармаларды орыс тіліне аударған. Осы кезеңде өзінің «Истина стоит жизни» (1960) романы мен «От Белого моря до Черного» атты жолсапар очерктер кітабын шығарды.

 

Л.Кернектің «В Индии» (1956) атты очерктер жинағын, М.Лафайттің «Принцесса Клевская» (1959), Г.Нахбардың «Дурная примета» (1963) романдарын орысшалаған.

 

 «Туман» романы (1971) және «Такое долгое лето» (1975) әзілсықақ повесі жарық көрді. «Простые смертные» романы «Простор», «Феникс» журналдарында жарияланды (1993-1994).

 

1966-1977 жж. республикалық «Фройндшафт» газеті редакциясын басқарған.




3. Деркаченко Константин


зърщд.jpg


23 қаңтарда Кронштадт қаласында туған.


1921 жылы Кронштадта еңбек мектебін бітірген. Он бес жасында еңбекке араласқан. Ұлы Отан соғысына қатысқан.


Алғашқы өлеңін 1922 жылы 30 тамызда «За дело» деген атпен Ленинградтағы «Красная газетада» жариялады. Шығармашылық қызметінде түрлі жанрда еңбек етті. Шығармалары Мәскеу, Ленинград, Алматы, Орынбор, Ақтөбе, Орал, Новгород қаларында шығатын газеттер мен журналдарда, майдан газеттерінде басылды. «Резец» атты жұмысшылардың әдеби журналын шығаруды ұйымдастырушылардың бірі әрі оның жанындағы әдеби топтың төрағасы болған. Кейін «Ленинградская кузница» әдеби бірлестігінің хатшылығына сайланған. Пролетар жазушыларының Ленинград Ассоциациясының мүшесі болған.


1964 жылдан Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан Жазушылар одағы облысаралық бөлімшесінің хатшысы болып істеді. ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған.

 

Қазақ көркем әдебиет баспасынан өлеңдері мен поэмаларының екі жинағы шықты: «Жүрек сөйлейді» (1960), «Ал мынаны – сақта…» (1964).

 


Шығармалары:

 

Говорит сердце. Стихи и поэма. ҚМКӘБ. 1960;

 

А это – сохрони… Стихи и поэма. А., «Жазушы», 1964;

 

Венок из полыни. Стихи и поэма. А., «Жазушы», 1968; 

 

От всей души. Стихи и поэма. А., «Жазушы», 1979.




ншщзз.jpg
 

4. Дубицкий Андрей


зщжншщ.jpg
 

1915 жылдың 30 қазанында Ақмола стансасында туған. Омбы көркемсурет училищесінде білім алған.

 

1936 жылдан мектептерде сурет және сызу пәндерінен сабақ берді. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

 

1938 жылдан жаза бастады. Оның алғашқы әңгімелері, өлеңдері мен очерктері Ақмолада шығатын аудандық газетте басылды. Кейін облыстық «Акмолинская правда», «Целинный край», «Целиноградская правда» газеттерінде қызмет істеген. Бірнеше кітабы жарық көрген.

 

ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Еңбекте үздік шыққаны үшін», т.б орденмедальдармен марапатталған. Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағы берілген.

 

Шығармалары:

 

Донин Садик. Рассказы. А., ҚМКӘБ, 1958;

 

Кованый шлем. Рассказы. А., ҚМКӘБ, 1959;

 

Улыбка. Рассказы. А., .»Жазушы», 1965;

 

Где течет Ишим. А., «Казахстан», 1965;

 

На грозовом ветру. А., «Казахстан», 1970;

 

Знойные междуречье. Рассказы. А., «Жазушы», 1978;

 

Малиновый благосвет. Рассказы. А., «Жалын», 1982;

 

Заслон. Повести и рассказы. А., «Жазушы», 1985.


  

эээээээээ.jpg


5. Душкин Николай


олоолол.jpg 


1922 жылғы 20 желтоқсанда Алтай өлкесі, УстьБоровушка селосында туған.

 

1941 жылы Алматыда орта мектепті бітіріп, Совет Армиясы қатарына алынған.

 

Харьков артиллерия училищесінде оқып, атыс взводы командирі ретінде Курск – Орел иінінен Венаға дейін майдан жолынан өткен.

 

1946 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіреді. 1950 жылдан баспасөз органдарында істейді. Бірнеше жинақтар шығарған, қазақ ақындарының өлеңдерін аударған.

 

Қызыл Ту және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

 

Шығармалары:

 

Дружба. Стихи. А., ҚМКӘБ, 1952;

 

Отчий край. Стихи. А., ҚМКӘБ, 1961;

 

Подорожник. Стихи. А., «Жазушы», 1975;

 

Внучек бабушку учит. Стихи. А., «Жалын», 1981;

 

Мужание. Повесть. А., «Жалын», 1984.




6. Егоров Федор



зэъзхъ.jpg


1913 жылдың 24 қыркүйегінде Ресейдің Волгоградқа таяу жердегі Калмыцкая Балка селосында туған. Жеті жастан бастап Батыс Қазақстан облысының Жәнібек селосында тұрған. Шаруа жастарының мектебінде оқыған.

 

1932 жылы Атыраудағы аудандық «Рабочая правда» газетінің редакциясына жұмысқа жіберілген. 1933–1935 жж. округтік «Прикаспийская коммуна» газетінде бөлім меңгерушісі болған.

 

Ұлы Отан соғысынан оралғаннан кейін, республикалық «Казахстанская правда» газетінің редакциясында істеген, Алматы жоғары партия мектебінің журналистика кафедрасының аға оқытушысы болған. Алғашқы деректі повесі «Бас имегендер» 1958 жылы жеке кітап болып шықты.


Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және жауынгерлік медальдармен марапатталған.

 

 

Шығармалары:

 

Не склонив головы. Документальная повесть. А., ҚМКӘБ, 1958;

 

Эвакогоспиталь. Документальная повесть. А., 1960;

 

Повести. А., ҚМКӘБ. 1963;

 

Гвардейцы. Повести. А., «Жазушы», 1977.




7. Елков Александр



ролдщжнршщждшщж.jpg
 

1926 жылғы 1 сәуірде Ресейдің Новосибирск облысы Сузунск ауданының Плоцкое селосында туған.

 

1943 жылы Душанбе қаласында 9 сыныпты бітіріп, Ленинград комедия театрының суретшідекораторының көмекшісі және сахна жұмысшысы болып істеген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

 

Соғыстан кейін Джутов совхозында бастауыш мектептің мұғалімі, агрономтұқым маманы, Алматы құрылыстарында тас қалаушы, сүт комбинатында аппаратшы, баспахана жұмысшысы, мұғалім, агроном, музыкант, лаборант болады.

 

Алғашқы өлеңі 1948 жылы әскери «Во славу Родины» газетінде жарияланған.

 

Бірнеше жауынгерлік медальдармен марапатталған.

 

 

Шығармалары:

 

Солнечные будни. Стихи. А., ҚМКӘБ, 1959;

 

Рождение дома. Стихи. А., ҚМКӘБ, 1960;

 

На восходе. Стихи. ҚМКӘБ, 1962;

 

Голубая валторна. Стихи. А., «Жазушы», 1979;

 

По тропам памяти. Стихи. А., «Жазушы», 1966;

 

Поиск. Стихи. А., «Жазушы», 1970;

 

Мужество. Стихи. А., «Жазушы», 1972;

 

Капли марта. Стихи. А., «Жазушы», 1974;

 

Круги. Стихи. А., «Жазушы», 1977;

 

Восприятия чудо. Стихи. А., «Жазушы»,

 

За третьим перевалам. Стихи. А., «Жазушы», 1982.






ыпрекпрпнр.jpg


Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқыған. Ұлы Отан соғысына қатысты (1941-45). Тұңғыш өлеңдері Гурьевтің облыстық газетінде 1936 жылы жарияланды. Ол көптеген өлеңдер, публицистикалық мақалалар, эпикалық поэмалар, прозалық шығармалар жазды.

 

Хамит Ерғалиев – 20-дан астам кітаптың авторы. Ақын шығармашылығының тақырыбы әр алуан. Ол қазақ халқының өткен өмірін, Октябрь революциясынан кейінгі азат заманның, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдан мен тылдың бірлігін, жауынгерлердің ерлігі мен тыл адамдарының еңбегін, соғыстан кейінгі коммунизмге қарыштай қадам басқан бүкіл халықтық қозғалысты жырлады.

 

"Әке сыры" (1947) поэмасында ақын совет адамдарының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ересен ерлігін, халықтардың бейбітшілік жолындагы жанқиярлық күресін жырлады. "Үлкен жолдың үстінде" (1949) поэмасында социалистік өмірді жаңа қарқынмен орнатып жатқан жұмысшы табының қажырлы еңбегін суреттеді. Хамит Ерғалиевтің бұл поэмасында Мойынты-Шу темір жол құрылысындағы еңбек адамдарының ерлік істері, рухани өскендігі бейнеленген. "Біздің ауылдың қызы" (1950), "Сенің өзенің" (1953) поэмаларында қуаңшылық жайлаған шөл даланы суландырған, жасыл орман өсіріп, сол даланы гүл-бақшаға айналдырған адамдардың еңбегі суреттелген. Бұл төрт поэма да эпикалық екпінмен жазылған, қазақ поэзиясында белгілі орын алған көркем туындылар.

 

"Оралдағы отты күн" (1956) поэмасында азамат соғысында аты аңызға айналған Чапаевты, оның майдандас серіктерін жырлады. "Аңыз ата" (1965) поэмасын украин халқының ұлы ақыны Тарас Шевченкоға арнады. Ал "Құрманғазы"(1962) поэмасында қазақ халқының ұлы композиторы Қ.Сағырбаевтың, "Күй дастан" (1970) поэмасында академик композитор А.Жұбановтың бейнесін жасады. "Жылдар, жылдар" (1966) дастанында коммунистік дәуірді жырлады.

 

X.Ерғалиев көркем очерк, публицистикалық мақалалар арқылы заманымыздың көкейкесті мөселелеріне үн қосып отырады. Таңдамалы прозалық шығармалары "Шындық шырқайды" деген атпен 1966 жылы жеке кітап болып шықты.

 

Ақын аударма саласында да еңбек етеді. Д. Байронның, В. Шекспирдің, П. Неруданың, Н. Хикметтің, А. Пушкиннің, М. Лермонтовтың, А. Некрасовтың, В. Маяковскийдің, Д. Бедныйдың, А. Сурковтың, Р. Ғамзатовтың таңдаулы шығармаларын қазақ тіліне аударды. Қырғыздың "Манас", қарақалпақтың "Қырыққыз" эпостарын қазақ тіліне аударушылардың бірі болды. Ерғалиевтың негізгі шығармалары орыс тіліне, басқа да туысқан халықтар мен шетел тілдеріне (чех, венгр) аударылды.



12.jpg          34.jpg           56.jpg           78.jpg
 


9. Еркінбеков Дүйсенбек




фкапкуа.jpg

Алматы облысы, Ақсу ауданындағы Саға Бүйен өзенінің бойында қыркүйекте дүниеге келген. 13-14 жасында ауыл мұғалімінен арабша хат таниды.

 

1920 жылы Алматыда қысқа мерзімді курстарда оқып, сауатсыздықты жою жөніндегі мұғалім болған.

 

1925 жылы Алматыда әуелі дайындық курсты, 1932 жылы Алматы педтехникумын, 1935 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін бітіреді. Сосын Алматы музыка мектебіне директор болып орналасады. Майданнан қайтып келген соң, түрлі шығармашылық жұмыстар атқарады.

 

Әдебиетпен 1932 жылдан бастап айналысады. Проза, поэзия және драматургия саласында еңбек еткен. Әсіресе өзінің сатиралық және юмористік шығармаларымен танылған.

 

Шығармалары:

 

Шаншу. Сықақ әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1936;

 

Шымыр. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1939;

 

Оқу кітабы. 2бөлім. ҚМКӘБ, 1940;

 

Айдай. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1945;

 

Шымыр әңгімесі. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1958;

 

Өлеңдер. Поэмалар. Пьесалар (құрастырған Р.Байжанов). А., «Жазушы», 1965.




10. Есқараұлы Исабай

 
злзхшъш0ъ.jpg


1919 жылы 8 қарашада Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған Көлащы ауылында дүниеге келген. Балалар үйінде тәрбиеленген.

 

1938 жылы Түргендегі мұғалімдер даярлайтын училищені бітіріп, мектепте ұстаздық етеді. 1939 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, 1939-1940 жылы фин соғысына, одан Ұлы Отан соғысына қатысады.

 

1946 жылы елге оралып, Жамбыл аудандық оқу бөлімінде инспектор, кешкі мектеп директоры болып қызмет атқарады.

 

1952 жылы ҚазПИді сырттай оқып бітірген.

 

1952 жылы Жамбыл аудандық газетінде Панфилов туралы поэмасы шықты. «Ақыл айнасы» пьесасы қуыршақ театрында қойылған. ІІІ дәрежелі Құрмет, Ұлы Отан соғысы ордендерімен, көптеген медаль, Құрмет Грамоталарымен, ҚР Президентінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

 

«Мен командирмін», «Ақ жамылған періште», «Әділбек Майкотов», «Тазша бала», «Тікенек», «Ақыл айласы», «Шот аяқ», «Атаманның ақыры» сияқты пьесалардың авторы.

 

 

Шығармалары:

 

Тосқауыл. Повесть. А., «Жалын», 1977;

 

 Ар мен ажал. Повесть. А., «Жалын», 1993;

 

Барлаушыға түн серік. Роман. А., «Жазушы», 1986;

 

Барлау түн жарымында басталады. Роман. А., «Ана тілі», 1998;

 

Барлау бағыты – Гамбург. Роман. А., «Шартарап», 1998;

 

Қанды із. Детектив роман. А., «Шартарап», 2000;

 

Ұстаз. «Үш қиян», 2008; Қанды белес. «Ан Арыс», 2008;

 

Черкас өрт жалынында. «Жас қазақ», 2004;

 

Өмірдерек. «Жазушы», 2008;

 

Пулеметші Төлен мен Коля. Повесть. 2009;





Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар