Фариза Оңғарсынова
(1939 – 2014) 25 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіләдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы» қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген. 1966 – 68 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған.
1968 – 70 жж. республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен. 1970 – 78 жж. республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») журналының бас редакторы, 1978 – 2000 жылдары «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы болып істеді. 2000 – 04 жж. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы, тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы. Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.
1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгісі», Парасат (2001) ордендерімен марапатталған. Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. Қазақстанның Халық жазушысы.
2015 жылы ақынның туған жерінде ескерткіш, 2015 жылы Астанада ақынның тұрған үйіне ескерткіш тақтайша орнатылды. 2016 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Сардар» баспасынан 12 томдық шығармалар жинағы жарық көрді 2018 жылы Алматыда тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды, көше берілді. 2018 жылы балаларының қолдауымен естеліктер жинағы жарық көрді. 2018 жылы Ақтөбе қаласында Ф.Оңғарсынова атындағы мектеп, 2019 жылы Астана қаласында Ф.Оңғарсынова атындағы көше, 2019 жылы Ақтау қаласында мектеп ашылды. 2019 жылы ақынның 80 жылдық мерейтойына орай «Шілде» және «Полдневный жар» кітаптары жарық көрді.
Шығармалары: Сандуғаш. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1966; Маңғыстау маржандары. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969; Мазасыз шақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972; Асау толқын. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; Көгершіндерім. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974; Биіктік. Очерктер. А., «Жазушы», 1975; Біздің Кәмшат. Повесть. А., «Жазушы», 1976; Сенің махаббатың. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977; Шілде. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1978; Нежность. Стихи. А., «Жалын», 1978; Тревоги. Стихи. М., «Молодая гвардия», 1979; Озарение. Стихи. М., «Советский писатель», 1980; Полдневный жар. Стихи. А., «Жазушы», 1980; Сұхбат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1983; Жүрек күнделігі. Таңдамалы. А., «Жалын», 1984; Дауа. Өлеңдер. «Жалын», 1985; Алмазный клинок. Стихи. М., «Художественная литература», 1984; Ожидание солнца. Стихи. М., «Молодая гвардия», 1985; Таңдамалы шығармалары. Екі томдық. А., «Жазушы», 1987; 10 томдық таңдамалы шығармалар жинағы. 2004.
Көп оқылғандар
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
Маржан Ершу. Пишта
Юй Хуа. Соқыр ішек
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
Қазақстан Жазушылар одағына тоқсан жыл
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Қос шынар
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
Бір күні бәріміз оянармыз
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
Жасанды интеллект және әдебиет
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
Ясунари Кавабата. Аригато
Морфидтер түнде не істейді?
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…