Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
СЫН
«Астана Операда» «Қаһарлы Орландоның» қойылымы өте...

03.10.2024 510

«Астана Операда» «Қаһарлы Орландоның» қойылымы өтеді 14+

«Астана Операда» «Қаһарлы Орландоның» қойылымы өтеді - adebiportal.kz

 

 

XVIII ғасырдағы итальяндық скрипка өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі, қырыққа жуық операның авторы, композитор Антонио Лучо Вивальдидің ең таңдаулы операсы «Қаһарлы Орландоның» «Астана Операда» алғаш рет қойылымы өтпек. Негізінде «Қаһарлы Орландо» италияның қайта өрлеу дәуірінің ақыны әрі драматургі Людовико Ариостоның (1474-1533ж.ж.) рыцарьлық поэмасына негізделген үш актіден тұратын опера.

Опера алғаш рет 1727 жылы қарашада Венецияда «Орландо» деген қысқаша атаумен қойылды. Премьера жұмысын әлдеқашан тоқтатқан Сан-Анджело театрында өтеді. Мифологиялық құрылымына қарамастан, сиқыр мен дуаның күшін сюжеттің тұздығы еткен «Қаһарлы Орландо» операсы қызғаныштың табиғатын, сезімдердің арпалысын, махаббаттың баяны үшін күрескен қаһарманның өз мақсаттары жолында серіктестерімен тізе қоса отырып кедергілерді қалай жеңіп шыққанын қызықты етіп баяндап шығатын опера. Екі ғасыр ұйқыда жатқан Антонио Вивальдидің еңбектері тек XX ғасырдың музыкатанушыларының қызығушылығын оятып, содан бастап көрермен көзайымына қайтадан айнала бастайды.

Абзал Мұхитдин, «Астана Опера» театрының дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,«Қаһарлы Орландо» операсының қоюшы дирижері:

«А.Вивальди өзінің аспаптық шығармаларымен танымал болғанымен, ол көптеген вокалдық туындылар, оның ішінде опералар да жазды. Біздің сахнадағы «Қаһарлы Орландоның» премьерасы осының жарқын көрінісі болмақ. Жалпы, камералық опера бароккодан бастау алады, дәл осы бағыт опера өнерінің одан әрі дамуына негіз болды. К.Монтеверли сынды ерте кезеңдегі композиторлардың арқасында біз бүгін тамашалап жүрген опералар, мәселен Дж.Верди. Дж.Пуччини немесе Ж.Бизенің туындылары пайда болды. Бұл ұлы композиторлардың барлығы да ерте кезеңдегі опера шеберлерінен үйреніп, олардың бароккоға салып кеткен дәстүрлерін жалғастырды. Біздің театрымыздың сахнасында «Piccolo театры» жобасы аясында Доминико Чимарозаның «Жасырын неке» немесе жас Джоаккино Россини жазған «Жібек саты» опералары жүреді. Бұл опералар Антонио Вивальдидің «Қаһарлы Орландосы» секілді ерте кезеңдегі туындыларға салынған дәстүрлердің жалғастырушылары. Нәтижесінде, театрымыздың көрермендерге опера өнерінің қайнар көздерін паш етіп әрі сол арқылы логикалық тізбек құра отырып, түп тамырға бойлап жатканын көреміз».  

Расул Жармағамбетов, Орландо партиясын орындайтын театр солисі:

«Орландо образын ашу үшін өте күрделі де, жаңаша дайындыққа кірісуге тура келді. Шындығында, Орландо образы сүйіспеншілік пен үмітсіздікке толы эмоциялардың шарықтау шыңы еді. Бұл күрделі тұлғаны сахнада бейнелеу үшін өз ішкі ресурстарымды қаһарман образын беруге барынша бейімдедім. Осы операның қоюшы режиссер Алла Симонишвили осы образды ұсынған кезде: «Оның образын жеткізу үшін сен біріншіден, опера әншісі емес. драмалық әнші, драмалық актер ретінде өзіңді көрсету керексің», - деді. Ал, бұл талап мен үшін өте қызық болды. Бұл образды алып кету үшін өзімді Орландоның бейнесінде сезіну керек екенімді түсіндім, әрі соңғы бір аптада өзімді қаһарман бейнесінде көре бастадым. Өйткені бұл Орландо от пен судың ортасында, соғыса жүріп махаббатын қорғаған, арпалысқан жан. Ал соғысқа барған адам қайтып еліне оралған кезде бұрынғы адам болып оралмайды. Өйткені соғыстан көретіні тек қана қатігездік пен қан кешу ғана. Бұл жерде ер азамат болғандықтан, ерлерге тән еркіндік рух пен ерлікке құштарлық әр ер азаматтың ішінде ұйықтап жатады ғой. Мен соны сездім, соны оята алған секілдімін. Соны опера барысында қалай жеткізгенімізді ертеңгі қазанның төрті, бесі күндері берілгелі жатқан қойылымға қатысып, көрермен ретінде бағалап, пікірлеріңізді білдіресіздер деген ойдамын», - деп сөзін аяқтады.

Сондай-ақ Операның премьерасында сахнада танымал солистер, атап айтканда Қазақстанның еңбек сіңірген кайраткері Салтанат Ахметова, Лейла Аламанова (Брадаманте), Әсем Сембина, «Құрмет» орденінің кавалері Айзада Қапанова (Анжелика), Татьяна Вицинская, Салтанат Мұратбекова (Альчина), Расул Жармағамбетов, Сұлтан Бақытжан (Орландо), Артур Габдиев, Әлихан Зейнолла (Медор), Нарұл Тойкенов, Батыржан Смақов (Руджеро), Алтынбек Әбілда жане Ермек Қасым (Астольфо) өнер көрсетеді.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар