Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ДРАМАТУРГИЯ
/
«Островский ‒ ФЕСТ» фестиваліндегі жүлде...

31.08.2025 516

«Островский ‒ ФЕСТ» фестиваліндегі жүлде 12+

«Островский ‒ ФЕСТ» фестиваліндегі жүлде - adebiportal.kz

Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан облыстық сазды драма театры ұжымы жаңа маусым қарсаңында Ресейде өткен «Островский ‒ ФЕСТ» VII Халықаралық фестивалінде Василий Шукшиннің «Ауыл әңгімелері» қойылымымен өнер көрсетті. Қойылымды режиссер XX ғасырдың 50-60 жылдары кезеңіндегі қазақ ауылына алып келген. Дін мен діл, мораль мен этика бір бағытта көрініс тапқан, сезім мен сүйіспеншілік, ар мен адамдықтың аражігін ашуға ұмтылған кейіпкерлердің қым-қуыт тағдыры оқиғалар өрбіген сайын ширыға түседі. Ауыл өмірі, ауыл тұрғындары жан-жақты көрсетілген, қазіргі қазақ қоғамындағы отбасылардың өзекті мәселелері мейлінше қамтылған бұл қойылыммен аталған театр ұжымы «Кеңестік классиканы ұлттық дәстүрге енгізгені үшін» номинациясымен марапатталып, ел мерейін үстем етті. Қойылым режиссері - Құдыс Қожамияров атындағы мемлекеттік академиялық Ұйғыр музыкалық комедия театрының көркемдік жетекшісі, ұстаз, халықаралық байқаулардың жүлдегері Фархадбек Қанафин, ал пьесаны аударғандар: жазушы-драматург, әдебиеттанушы-ғалым, алаштанушы, сыншы Әлібек Байбол және жазушы, сыншы, әдебиеттанушы-ғалым, алаштанушы Елдос Тоқтарбай.   

Алдағы маусымда театр көрерменді тың жобалармен, мазмұнды қойылымдармен қуантпақ!

 

 


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@qcontent.kz 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар