Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК
Құлбек Ергөбек. Қайран да, қайран Бейсекең!...

26.12.2018 8134

Құлбек Ергөбек. Қайран да, қайран Бейсекең!

Құлбек Ергөбек. Қайран да, қайран Бейсекең! - adebiportal.kz

Жақында Жерорта теңізі жағалауында демалған жайым бар. Тамыры бір, туыс түрік елі дегенмен, сыртқа шықтың-ақ туған ел, туған жер есіңе түсіп, өз еліңнің өсіп-өркендеуі жолын ойша шолып, өзің де іштей есеп беріп ойға шомып жатқаныңды білмей де қаласың. Осындай күннің бірінде, дұрысы түннің ішінде қазақ түркологиясы басында тұрған, ұлт әдебиеті тарихын «Түрік қағанаты» дәуіріне дейін тереңдеткен ұлы оқымысты Бейсембай Кенжебайұлы түсіме енсе бола ма?! Жарықтықтың желеп-жебеуі шығар, сырт елде жүргенде! Түр-келбеті ренжулі секілді де көрінді. Неге? Әйтеуір, солай болды. Ұйқысы қашқан мен әкемдей болған әзіз адам рухымен сырласа жөнелгенімді білмей де қалдым.

Кеңестік кезеңде туып, коммунистік режим тәрбиесін алған біз «бұ дүние» мен «о дүние», «жалған дүние» мен «бақилық дүние» ара-қатынасын дінтану еңбектерінен ғана оқып білдік емес пе?! Сондықтан ол кісінің ренішті кейпін тіршілігінде көр- ген қиянатына жорырымды, әлде «о дүниеде» жағдайы болмай жүргенге баларымды біле алмадым. Әйтеуір, ұлы рухпен сырласып қоя бердім. Кейде үнім де шығып кетті. Сырласуым ақталу ма, арылу ма, әйтеуір дәрменсіздеу бірдеңе болып шықты.

Аса қадірлі Бейсеке, – деймін мен, «аса қадірлі» сөзінің арзандап кеткенін де ескермей, аса қадірлі Бейсеке, Сіз неге ренжисіз? Өзіңіз ойлаңызшы, еліңіз аман, жеріңіз тыныш, ғұмыр бойы армандаған тәуелсіздікті алдық. Өзіңіз де көрдіңіз ғой. А-а, тәуелсіздік алғанымызды көрген жоқсыз. Бірақ, желтоқсан оқиғасын көріп, тәуелсіздік аларымызға сеніп аттанғандай едіңіз ғой о дүниеге! Тіпті өмір бойы армандаған Орхон-Енисей ойма жазуларына тағзым етіп, Күлтегін ескерткіші көшірмесін, Еуроазия университеті ауласына әкеліп тас тұғырға орнатты ғой ой-парасаты биік жандар. Одан артық не керек, Сізге? О дүниеге арлы өлім, таза рухтан, бағыштай оқылған құраннан өзге ештеңе де керегі жоқ десетін еді ғой. О дүниені былай қойғанда, Сіз баянсыз мынау жалған дүниеде байлыққа бой алдырмаған, аярлық арамдыққа аяқ шалдырмаған жан едіңіз ғой. Енді, неге ренжулісіз, аяулы аға? Бүгінмен ғана тыныстап, бүгінмен ғана ғұмыр кешетін пендедей бәрін бүгінгі күннен бастаппын-ау, жә, бәрін басынан бастайыншы бар болғырды.

Арғы тегіміз жаугершілікте қолға түскен башқұрт екен, – деп әңгіме сабақтайтын едіңіз. – Ойбай айтпаңыз, – деп шыр ете қалатын едім мен – Қартайғанда Ғабең түркпен, Сіз башқұрт болып, біз әдебиеттің бар қаймағынан айырылып қалар жағдайымыз жоқ.

Е, онда тұрған не бар екен, Сұлтанмахмұт айтқандай бәріміз бір түріктің баласымыз ғой. Тарылғаннан, бөлінгеннен пайда табар болса қазақ алдына жан салмас еді ғой. Сондықтан да біздің ағайындар менің бала кезіме дейін «Эстек» деп аталатын.

«Эстек» башқұрттың бір аты. Башқұрттар ертеде жауынгер халық болған. Айналасына өте ықпалды. Бәлкім «башқұрт» аталуы да содан шығар. «Құрт» – қасқыр, «баш» – бас. Демек, қасқыр текті түріктердің басы деген сөз. Түрік көк бөріден тарайды ғой. Өзің білетін Лев Николаевич (Гумилев) мұны қаузап көп жазған...

Өмір жолы жайлы әңгімеңізді осылай сабақтар едіңіз. Ал, менің білетінім – Сіздің көкірегіңіз «қазақ қайтсе ел болады?», «Азаматтық тарихымыз «Түрік қағанатынан» неге сабақталмайды?», «Ұлт әдебиетіміздің тарихы неге «Орхон-Енисей» ойма жазуынан неге басталмайды?» деген сұрақтарға толы шер-шемен болып өткені. Менің білетінім – Сіздің жүрегіңіз қашанда қазақ деп соққаны. Қазақтың әрбір перзенті өз ұлты жайында Сізше ойланғанда ғой, шіркін?! Кешегі кеңестік кезеңде коммунистік идеологияға ішін алдырмаған азын-аулақ азғантай адамның бірі болдыңыз. Көзкөргендік раймен Алаш рухы азбаса деп армандап, қазақ қайтсе ел болады деп зарлаумен өттіңіз.

Біз қайраткерлікті қызмет, мансаппен өлшейтін түсінігі түсініксіз ұрпақпыз. Министр дәрежесіне жетті-ақ «қоғам және мемлекет қайраткері» деп шыға келеміз. Ертеректе ұлты қазақ бола тұра, өзі орыс болып жазылған бір азаматты да білеміз. Көзі тірісінде оны да қайраткер деп аспандатып, атынан Құрманғазы туралы мақала (марқұм Қ.Нұрмаханов жазған), Қазақ ССР мәдениеті туралы кітап жазып беріп, әуреге түскенбіз. Асылы, адам мансапты қызметімен емес, өз ұлтына, өз мемлекетіне сіңірген ақ ой, адал қызметімен қайраткер атанса жарасым. Сіз мансапқа қызынбадыңыз. Бар саналы ғұмырды ғылымға бағыштадыңыз. Шәкірттеріңіздің де солай ойлауын қаладыңыз. Рымғали мен Мұхтарға «ғылым жасап алмай тұрып үйленіп қоймаңдар», Алмаға «қарағым тұрмысқа шыға көрме» – деп құдайдың зарын қылар едіңіз. Өзіңіз жақсы көретін шәкіртіңіз Мырзатай Жолдасбеков І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтына ректор болып тағайындалған күні қуана құттықтау орнына қаныңызды ішіңізге тарта қуарып, «тағы бір ғалым өлді, тарихқа баруға зор мүмкіндігі бар бір ғалым тоқтады» – дедіңіз ауыр күрсініп. «Бағы жансын, қайтейін» – дедіңіз іле-шала. Шәкіртіңізге деген жаман тілеумен айтқан жоқсыз, әрине. Қашанғыдай тарихқа, ғылымға адалдықпен айттыңыз. Сіз қайраткер ойдың адамы, қайраткер ойдың ғалымы едіңіз.

Кеңес өкіметіне бір иліксе – Сіз илігуіңіз керек еді. Неге? Өйткені Сізді жетім тағдырдан жетілген тағдырға жеткізген Кеңес өкіметі. Мына жайға қараңыз. Есіңізді білер-білмес сәби шағыңызда аяулы анаңыз көз жұмды. Әкеңіз біреудің қызын алу үшін кәмелетке әлі толмаған Айнаш әпкеңізді бәленбайыншы тоқалдыққа бай кісіге берді. Ордабасы тауын айнала, күнде жиын өткен Күлтөбені жалаңаяқ жар кешіп Малдыбек байдың малын бақтыңыз. Бұл кәсіптен баян болмасын сезіп, әрі аштық қинап Арысқа жаяу қаштыңыз. Арыстан Ташкент астыңыз. Ол кезде«Ташкент – нанды қала» атанар еді. Бірақ, көшеде жатқан нан бар ма? Тағы да өзбек байға жалдандыңыз. «Өзбек байыса үй салады». Қалып арқалап, кесек (кірпіш) құйдыңыз. Жер шауып, егісін ектіңіз, бақша күттіңіз. Байдың балауса қызы Зухра балалық бейілмен Сізге қызыға қарайтын. Сіз де байдың қызына әлдебір түсініксіз түйсікпен тесіле, үзіле қарайсыз. Сондай күннің бірін- де Сіз сүзекпен сырқаттанып, дерт меңдеп құладыңыз. Ешкімге керегі жоқ қазақ баласы өзбек бақшалығында қиналып жатты. Тек Зухра ғана қайнаған шөп тамырын аузыңызға тосты. Әупірім-тәңірмен аман қалдыңыз. Күндіз-түні шеккен бейнеттен баз кешіп, қашып көшеге шығып кеттіңіз. Кетіп бара жатып Зухраны құшақтап бір сүйдіңіз. Алма беті жәудіреп Зухра қалды. Кезбе атанып Сіз кеттіңіз көше аралап. Ол жылдары Ташкент көшелерінде теңкиіп өліп жатар қазақтар аз емес еді. Ол жылдары Ташкент көшелерінде ұрлықты кәсіп еткен кезбе балалар аз емес еді. Сіз де сондай тобыр топқа қосылдыңыз. Аштық қысқан балалардың аңдығаны – базар. Баукеспе балалардан базардағылар азар. Жамау-жыртық киімді балалар базардың бір жағынан дуылдата кіріп, қолына ілінгенін алып, екінші жағынан шуылдата шығады. Бір-біріне арамдық жасамайды. Қолдарына не ілінсе шып-шырғысын шығармай ортаға салады. Қылдай бөліп жейді. Тағдыр тар кезеңде жолықтырған жандар арасындағы жазылмаған заң – жан бағу... Осындай күннің бірінде жадау-жалпы балалар жастардың жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың қолына түсті. Ғани Мұратбаев, Садықбек Сапарбеков, Әбдікерім Ақбаев кезбе балаларды үгіттеп, №4 балалар үйіне алып келді. Сау-тамтығы қалмаған киімдерін сыпырып алып, өртеп жіберді. Кір-қожалақ өздерін моншаға түсірді. Су жаңа киім берді. Міне, осы сәттен бастап Сіздің бағыңыз ашылды.

Соған қарамастан Сіз Кеңес өкіметіне бар жан-тәніңізбен берілмедіңіз. Оның да өзіндік себептері бар еді. Оны біз енді біліп жүрміз.

Сіз әдебиеттануға Абай жайындағы 1925 жылғы тегеурінді мақалаңызбен келіп ендіңіз. Мақалаңыздың уақытында әдеби ортада қаншалықты рөлі болғанын айтып та, жазып та келемін. И.В.Сталин атындағы күншығыс еңбекшілері коммунистік университеті студенті жазған мақала Мәскеуде – Мағжандай ұлы ақын, шынайы ұстазды, Қазақстанда – Бейімбеттей қара сөз ұстасынан тартып, әдебиетті тапқа бөлмей қарайтын жандарды қуанышқа кенелтті. Ал, тапшыл азын-аулақты ақ көз ашуға міндірді.

Содан кейін де Сіз абайтануға әрдәйім араласып, атсалысып отырдыңыз. Тіпті 1945 жылы ұлы абайтанушы Мұхтар Әуезовпен тізе қосып, қос авторлықта, қазақша-орысша қос тілде Абай жайында кітап жаздыңыз. Ұлы ақын өмір жолынан тартып мәтін тануына (текстологиясы) дейін араласып, қалам тербедіңіз.

Өзіңізді қоса айтқанда, аға буынның ілкімді қимылы дәстүр түзіп, бұл күнде абайтану іргелі ғылымға айналды. Өзіңіз Қаз МУ-ге тартып оқытқан, М.О.Әуезовтің қарсылығына қарамай, абайтануға баулыған, Санкт-Петербургта С.Е.Маловқа айтып аспирантураға орналастыратын, аяқталар жылында аспирантура тарап, мүшкіл хал кешетін сәтте ақшалай қаржыландыратын, диссертация қорғау сәтінде арнайы ұшып барып, жолдастық раймен Жирмунскийге жолығып студент кереуетіне жатып қорғатып алып қайтқан Зәкиіңіз (Ахметов) абайтануды бір биікке көтеріп, өзі де бір биікке айналып, дүние салды. «Абай шәкірттері» үшін абақтыға қамалып, итжеккенге айдалған, қайтып оралғанда, Меңжамал анамыз екеуіңіз алдынан дәм ала шығып, елімен елдестіретін Қайым Мұхамбетханов досыңыз да жоқ мынау жалғанда. Алғашқы адымын абайтану тарихын зерттеуден бастаған Мекемтас Мырзахметов ініңіз де бүгінде шау тартты. Абайшыл түбіт иек Тұрсын Жұртбаевтың сақалы қауқиды, Ғарифолла Есім елеулі еңбек үстінде. Ұлы ақын басын әр алуан ілім, түрлі дінге апарып тықпалап жүргендер де бар. Қалай дегенде де өзіңіз 20-шы жылдары арашалайтын «даулы» Абай – бұл күнде абайтану аталатын іргелі ілімге айналды. Қазақ өзін қадірлесе – Абайын қастерлеріне күмән жоқ. Қам жемесеңіз де болады. Сіздер бастаған іс бұл күнде арналы дәстүрге айналды...

Отызыншы жылдары Сіз Абайдан кейінгі асқар беліміз – Сұлтанмахмұтты тану, танытумен шұғылдандыңыз. Қазақ әдебиеті көгіне жарқ етіп көтеріліп, аз тұрып, ағып түскен Сұлтанмахмұт жайында алғаш қалам тербеген жан – Бернияз Күлеев. Онан соң – жампоз жазушы Жүсіпбек Аймауытұлы! Бір өңірде туып, қатар жасаған Жүсіпбектің бұл саладағы басты еңбегі – өмірден қыршын өткен ақынның шашылып қалған әдеби мұрасын жинақтап, алғысөзін жазып, кітабын дайындағаны. Бір өкініші – Ж.Аймауытұлы ұсталып, атылып кетті де, ақын жинағы Сәбит Мұқанұлы алғысөзімен жарық көрді. Бір қуанышы – Жүсекең түзген ақын өмірбаяны кітапта авторсыз жарияланды. Міне, осы бір алғы әрекеттерден кейінгі бұл саладағы бар маңызды іс-шара Сіздің атыңызбен байланысты.

Сіз – ақынның ғылыми өмірбаянын түзушісіз.

Сіз – ақынның әдеби мұрасын жинақтап, хронологиялық тұр бірнеше шәкірт зерттеуші даярлауыңыз сондай кең бейіл ұстаздың көрінісі. Сұлтанмахмұттанудағы абзал ісіңізді алға адал жалғап Арап Еспенбетов жүр. Өзіңіз сызып берген бағдармен жүріп «Сұлтанмахмұт Торайғыров» аталатын маңызды монография жазды, докторлық диссертация қорғады. Ректорлық қызмет қолбайлау ма, соңғы жылдары Арап шәкіртіңіздің қаламы суып кетті. «Ақын өмірінен осындай бір ғұмырнамалық еңбек жазарсың» – деп маған венгр классигі Дюла Йиештің «Шандор Петефи» аталатын кітабын сыйлап едіңіз. Шығармашылық еңбек берер жаста мансапқорлыққа беріліп кеттім бе, әйтеуір, Сіздің бұл аманатыңызды орындай алмай келемін. С.Торайғырұлы жайында екі-үш мақала жазудан аспадым. Бәлкім, сол үшін ренжіп жүрсіз бе екен? Әйтеуір, түсімде көрген ажарыңыз өкпелеулі...

Сіз журналистік жолды Ташкентте, Ғани мен Сара кезектесіп қол қойған «Жас қайраттан» бастаған едіңіз. Одан беріде «Лениншіл жас», «Социалды Қазақстан», «Қара шаруа», «Кеңес туы», «Оңтүстік Қазақстан», «СССР Жоғарғы Советі ведомствосы» (Москва) секілді баспасөз басшылығында болдыңыз. Бірді-екілі рет «Қазақ әдебиеті» газетіне бас редактор ретінде қол қойдыңыз. Ол газеттерде Сіз жазған, жариялаған үлкенді-кішілі мақала көл-көсір. Оларға «Б.К.», «Бекен», «Байкенже», «Қалдыбай» секілді бүркеншік есімдер бергенсіз. Көбі өз атыңызбен жарияланған. Сіздің журналистік қызметіңіз ХХ ғасырдың өн бойына созылып жатыр. Уақыт нені талап етті, соны жаздыңыз. Халыққа не керек болды, соны жаздыңыз. Жазу өз алдына, ұжымды ұйымдастырып жаздырдыңыз.

Арнайы шәкірт белгілеп, осы бағыттағы материалдарыңызды жинатқан едім. Мақалаларыңыздың біразы әлі маңызын жоймаған. Ал, көбі уақыт талабына жауап беріп, міндетін атқарумен шектелген. Демек, бүгінгі күнге жарамайды. Бетке айтқанға өкпелемеңіз.

Сіз журналист қана емессіз. Қазақ журналистикасы теориясы мен тарихын жасаушы жасампаздың бірісіз. «Қазақ баспасөзі тарихынан», «Қазақ совет баспасөз», «Фельетон туралы» өзге де журналистерге жолбасшы боларлық еңбектеріңіз осындай ой топшылауға итермелейді. Қазіргі таңда журналистика өзгеріп, түрленіп кетті. Ал, теориясы бәлендей жаңарды дей алмаймын. Тарихы жаңаша түзілмей келеді. Досыңыз Х.Бекхожин о дүниеге өзіңізден бұрын аттанған. Ал, сүйікті шәкіртіңіз Темірбек Қожакеев жақында дүние салды. Ол Сізге адал шәкірт бола білді. Ендігі рухтарыңыз табысып ғыдан жүйелеушісіз.

Сіз – 1941, 1950, 1957, 1962, 1987 жылдары ақын мұрасын мәтіндік сүзгіден өткізіп бір, екі том етіп құрастырып, жарыққа шығарушысыз.

Кандидаттық диссертацияңыз – осы асау жүрек ақынға арналды. Сұлтанмахмұт әдеби мұрасын зерттеудегі жетістігіңіз қателікке баланып, 1953 жылы КОКП қатарынан шығарылдыңыз, М.Әуезовпен бірге – бір бұйрықпен жұмыстан қуылдыңыз.

Сіз сұлтанмахмұттануды зерттеу очеркінен маңызды монографияға дейін ұластыра жүргіздіңіз. Бұл саладағы әр зерттеуіңіз дау туғыза келді. Әр дау Сіздің басыңызға қатер туғызар еді. Қыран ғұмырлы ақын басына өлідей үйірілген бұлтты өз басыңызға көшіріп алып, өзіңіздің сау басыңызды саудаға салумен өттіңіз. «Алаш ұранын» жазған Сұлтанмахмұттай ақын есімі оқулықтардан сырылып түсіп қалмай, тәуелсіздік күніне аман жетсе – Сіздің жан аямас жанкешті еңбегіңіздің арқасы. Тап осы мәселеде Сізге Ғ.Мүсірепов, Ы.Дүйсенбаев, Н.Жанділдин, С.Сейітов, Т.Әбдрахманов өшіге қарады, жауыға қарсы жұмыс істеді. Сіз ақын жайлы ақиқаттан өзге ештеңеге көнбедіңіз. Ақыр нәтижесінде Сіз сұлтанмахмұттану ілімі негізін салушы, арна тартып, қалыптастырушыға айналдыңыз.

Сіз сұлтанмахмұттану ілімін қалыптастырушы ғана емес, сол ілімнің тарихын зерттеушісісіз. «Сұлтанмахмұт Торайғыровты тану, зерттеу мәселелері» аталатын ең соңғы еңбегіңіз міне осының айғағы.

«Асау жүрек» деректі әңгімелеріңіз ақын өмірінен жазылған ғұмырнамалық проза басы. Сіз «өзім білгенді өзге білмесін» деген аяр ойдан ада, «мен білгенді өзге де білсін, өзімнен кейінгі ұрпақ жалғастырып алып кетсін» – дейтін келешекшіл жан едіңіз. Өзіңіз зерттеген әр дәуір әдебиетіне бір, не бірнеше шәкірт зерттеуші даярлауыңыз сондай кең бейіл ұстаздың көрінісі. Сұлтанмахмұттанудағы абзал ісіңізді алға адал жалғап Арап Еспенбетов жүр. Өзіңіз сызып берген бағдармен жүріп «Сұлтанмахмұт Торайғыров» аталатын маңызды монография жазды, докторлық диссертация қорғады. Ректорлық қызмет қолбайлау ма, соңғы жылдары Арап шәкіртіңіздің қаламы суып кетті. «Ақын өмірінен осындай бір ғұмырнамалық еңбек жазарсың» – деп маған венгр классигі Дюла Йиештің «Шандор Петефи» аталатын кітабын сыйлап едіңіз. Шығармашылық еңбек берер жаста мансапқорлыққа беріліп кеттім бе, әйтеуір, Сіздің бұл аманатыңызды орындай алмай келемін. С.Торайғырұлы жайында екі-үш мақала жазудан аспадым. Бәлкім, сол үшін ренжіп жүрсіз бе екен? Әйтеуір, түсімде көрген ажарыңыз өкпелеулі...

Сіз журналистік жолды Ташкентте, Ғани мен Сара кезектесіп қол қойған «Жас қайраттан» бастаған едіңіз. Одан беріде «Лениншіл жас», «Социалды Қазақстан», «Қара шаруа», «Кеңес туы», «Оңтүстік Қазақстан», «СССР Жоғарғы Советі ведомствосы» (Москва) секілді баспасөз басшылығында болдыңыз. Бірді-екілі рет «Қазақ әдебиеті» газетіне бас редактор ретінде қол қойдыңыз. Ол газеттерде Сіз жазған, жариялаған үлкенді-кішілі мақала көл-көсір. Оларға «Б.К.», «Бекен», «Байкенже», «Қалдыбай» секілді бүркеншік есімдер бергенсіз. Көбі өз атыңызбен жарияланған. Сіздің журналистік қызметіңіз ХХ ғасырдың өн бойына созылып жатыр. Уақыт нені талап етті, соны жаздыңыз. Халыққа не керек болды, соны жаздыңыз. Жазу өз алдына, ұжымды ұйымдастырып жаздырдыңыз.

Арнайы шәкірт белгілеп, осы бағыттағы материалдарыңызды жинатқан едім. Мақалаларыңыздың біразы әлі маңызын жоймаған. Ал, көбі уақыт талабына жауап беріп, міндетін атқарумен шектелген. Демек, бүгінгі күнге жарамайды. Бетке айтқанға өкпелемеңіз.

Сіз журналист қана емессіз. Қазақ журналистикасы теориясы мен тарихын жасаушы жасампаздың бірісіз. «Қазақ баспасөзі тарихынан», «Қазақ совет баспасөз», «Фельетон туралы» өзге де журналистерге жолбасшы боларлық еңбектеріңіз осындай ой топшылауға итермелейді. Қазіргі таңда журналистика өзгеріп, түрленіп кетті. Ал, теориясы бәлендей жаңарды дей алмаймын. Тарихы жаңаша түзілмей келеді. Досыңыз Х.Бекхожин о дүниеге өзіңізден бұрын аттанған. Ал, сүйікті шәкіртіңіз Темірбек Қожакеев жақында дүние салды. Ол Сізге адал шәкірт бола білді. Ендігі рухтарыңыз табысып үлгерген шығар. «Асыл адам айнымас» (Абай) рас болса, арбаның ағаш доңғалағындай айны- малы заманда, Сізге көзіңіздің тірісінде қандай адал болса, сол қалыпты ұстанып өткен жан – шәкіртіңіз Темірбек Қожакеев!

Сіз үлкен фольклорист едіңіз. Бұл саладағы алғашқы еңбегіңізге ұстазыңыз Мағжан Жұмабайұлы сүйінген. Студент кезіңізде жинап, жариялаған, өзара салыстырған «Бармақтай бала» – түрік халықтары фольклорын типологиялық зерттеудің басы екен енді ойлап отырсам. «Қобыланды батыр» жыры жайындағы мақалаңызға ұлы Мұхтар Әуезов «Пәлі, Бешім, мынауың жаңалық» – деп қатты сүйсініпті. «Едіге батыр» – қытымыр қызыл империя ықпалымен түрік дүниесінен ығыстырылып тасталған сәтте жазылған, ерлікке баларлық мақала! Е.Бекмаханов, М.Ғабдуллин секілді тұлғалардан тартып қазақ тарихшылары, фольклористері «Едіге батырды» күстаналай жамандап жатқан қызыл науқан тұсында Сіздің табандап тұрып, эпосты қорғауыңыз – тірілерді қайдам, Едіге батыр рухы риза болған іс шығар. Кезіндегі жай ғой бұл.

Тәуелсіздікпен бірге «Едіге батыр» да ақталды. Шәкіртіңіз Оразгүл Нұрмағамбетованың құрастыруымен, Рахманқұл Бердібай алғысөзімен «Едіге батыр» үлкен жинақ болып жарық көрді. Мұхтар шәкіртіңіздің Едіге есімді баласы бұл тақырыпта «Едіге батыр» аталатын зерттеу жазып, кандидаттық диссертация қорғады. Демек, Сіздің қиын-қыстау сәтте жазған батыр бейіл мақалаңыз бұл күнде фольклористикада жалғасын тапты, дәстүр түзді.

Фольклористика тарихын сөз ете отырып Абылай хан, Кенесары тұлғаларына тағзым етер едіңіз. Хан-тұлғадан жерінген заманда Абылай хан туралы кітап жазып, ерлік жасадыңыз. Жарық көрген соң бірер жылдан кейін кітабыңыз зиянды кітаптар қатарында тәркіленді. Кенесары хақында қолдай мақала жазғаныңызды бір көргіш қазақ көріп, жоғарыға көрсетіп, ақыры Орталық Комитет- ке кешірім сұрап хат жазып, әупірім-тәңірмен аман қалдыңыз. Есесіне, «Шыңғыс хан», «Абылай хан», «Кенесары хан» аталатын тарихи үштіктің екі кітабы жазылмай қалды. Жинаған материалдарыңыз архивіңізде сақтаулы. Есесіне М.Сералиннің «Топжарған» поэмасын талдағанда амалсыз, шарасыз коммунистік идеология жетегіне ердіңіз. Кенесарыны сынайтын шығарма деп, жамылшы жасап Сералин «Топжарғанын» аман алып қалдыңыз. Шығарма оқулыққа енді, Кенесары есімі ұрпақтар есінде жүрді. Сіздің тарапыңыздан кеткен осы бір кемшілікті көзіңіздің тірісінде түзетіп үлгермедіңіз... Оқасы жоқ, ұрпақтар түсінер...

Сіздің ұлы замандасыңыз Мұхтар Әуезовпен достығыңыз біреуді сендіреді, біреуді сендірмейді. Сенетіндер түсінікті. Сенбейтіндер қиын тағдыр кешкен адамның кейінгі дүбірлеген даңқының құлы. Тас тұғырда тұрған ұлы ескерткішті көреді, көтеріп тұрған тас тұғырды көрмейді, ұлы адамның тас тұғырға қалай көтеріліп, ұлы ескерткішке айналу жолын көре алмайды. Өйткені... Өйткені, олар Әуезов және Кенжебаев достық кешуі тарих-тағдырын білмейді. Ұлы адамның Сізді өмір бойы «Бешім» деп еркелете атағанын естігісі келмейді. Жарлары Валентина Николаевна мен Миңкамал Мұхамедиярқызының бірінің бірі емшектегі балаларын емізіскенін білмейді олар. Дүние-ғаламға даңқы кеткен «Абай жолы» эпопеясының алғашқы нұсқасы – «Абай» романын Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.А.Скворцовтың (Қазақстандағы бірінші адам) қарсылығына қарамай, басын бәйгеге тігіп, жарыққа шығарған, кітаптың сүйінші данасын қолына ала отырып «Қазақ өмірінің энциклопедиясы» (Қ.Шаңғытбаев екеуі) атап мақала жазған, сөйтіп «Абайдың» жолын ашып, өзінің мансап жолын құрбандыққа шалғанын, «Абайды» жарыққа шығарғаныңыз үшін Сізге мансап жолының біржолата жабылғанын бүгінгі жұрт қайдан білсін. Бүгінде жұрттың көбі «Абайшыл», бүгінде жұрттың көбі «Мұқаңшыл». Өздері ашқан, өздері тапқан. Бірер еңбек беріп, Мұхтартануды, тіпті, Абайтануды өздерінен бастағысы келеді...

Жақында бір досым «Адамзат күнтізбесін» кітап етіп шығарды. Қарап отырсам, қазақ ұлтынан шыққан ұлыларды қайтсем көбей- темін деп тырысқанын байқадым. Бас-басына билікке ұмтылып, алтыбақан алауыз болып өзіміз қырқысып, бес-он тиын беріп, бұхара халықты қырқыстырғанша «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» бас-бас, қол-қол орнында қимылдап, халқымыздан шыққан ұлыларды ұлықтаумен бірге, алғы күнде шығар ұлылыққа қызмет етсекші, шіркін. Ұлылық та, ынтымақ-бірлікке бітетінін неге ұмыта береміз, осы! Сіздің қабырғаңызға осы жайлар бата ма, аға?

Ағаны-ағалай алмай, ініні саралай алмай қиналып, өзге құрылық қолына өтіп, өзге құрыққа ілініп, қырықпышақ болып кетер ме екен деп қауіптенесіз бе?

Тарих әлі талай түлер. Ұрпақ әлі талай алмасар. Дүниеге боль- шевиктік болмыспен қарап, құдайды ұмытып, обып өткісі келе- тіндер кетер бұл дүниеден. Дүниеге құдайды жүрегіне кіргізіп, ар көзімен қарайтын қанағатшыл ұрпақ келер. Сіздің бұл саладағы ерлікке баларлық еңбегіңізді елер. Ең бастысы – Сіздің жанкешті еңбегіңізді тарих біледі, тарих бағалайды. Ең бастысы – Мұқаң көзі тірісінде Сізге сенгендей ешкімге сенген емес, Сізді қадірлегендей ешкімді қадірлеген емес. Бұл жалған дүниені былай қойғанда, бақилық ол дүниеде де Мұқаңмен бірге жүрген шығарсыздар қадірлі Бейсеке! Ә, айтқандай, «Абайды» жарыққа шығарғаныңыз, «Социалистік Қазақстанда» арнайы мақала жариялағаныңыз үшін Сізді итсілікпелеп ұрсатын, тіпті жерден алып жерге салып жерлейтін қаһар-хатшы Мұхаметжан Әбдіхалықов әлі тірі. Ал, Сұлтанмахмұт үшін сілкілесетін шұбар-хатшы Нұрымбек Жанділдин қаза болғалы біраз жыл. Ол жақта не болып жатқанын қайдан білейік?!...

Мұқаң демекші, ұлы Мұхтар Әуезов желеп-жебеуімен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін зерттеуді өмірлік мұратыңыздың біріне айналдырдыңыз. ХХ ғасыр басы – әдеби әдіс, ағымдар мидай араласқан күрделі кезең. Әлемнің қай шалғайында, жиһан әдебиетінде сондай құбылыс. Шын ғалым табиғатына тән мінезбен қазақ әдебиетіндегі осындай қиын кезеңге бардыңыз. Әруақтар үшін, әрі Сіз үшін қатты қуанған М.Әуезов желеп-жебеушіңіз, ілгері орындарға хат жазып демеушіңіз болды. Осы орайдағы тарихи тұлғаның тарихи хаты архивіңізде сақтаулы. Сізді бұл бір М.Әуезов қана емес, татар М.Ғайнулин, башқұрт Харисов, Мәскеулік М.Богданова, Жирмунский, Ә.Нәжіп, қырғыз А.Тоқамбаев, қазақ Ә.Марғұлан, І.Кеңесбаев қатты қолдады. Қиын кезең, қиын зерттелді. Мәскеу, Өфе, Қазан, Ташкент, Санкт- Петербург архивтерінде отырдыңыз сарылып. Есесіне қызықты монография туды. Сол жылдары Сіз қолмен көшірген, фотоға түсірген материалдар қазір архивіңізде.

Тағдырлы ізденістен толайым табысты еңбектер туды. Баянды ізденістен бағалы еңбектер, кенеулі концепциялар туды. Партия айтқызбайтын ақпаратты астарлап айттыңыз, баспалап отырып баспасөз бетіндегі, архивтегі ұлттық рухты оятарлық мәліметтерді, жарыққа шығардыңыз, кейінгі ұрпаққа жеткіздіңіз. Нәтижесінде Сіз – ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің бас зерттеушісіне айналдыңыз. Әдебиет зерттеу мектебіңіз қалыптасты.

Еңбегіңіз еш болған жоқ. Тарихтан сызылып қалар талай тұлға объективті бағалауға түсті. Ұлтты оятуға қызмет еткен талай діни тұлға «діни оянушылық» өкілі ретінде ағартушылық сатыға көтерілді. ХХ ғасыр басында Алаш ардақтылары «Оян қазақ», «Тұр қазақ» деп жырласа. Ақаң, Жақаңдардың көзін көргендік танытып, көрегенділік жасап, «ояну дәуірінің әдебиеті» деп тәспірледіңіз ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін. Діндар деп әдебиеттен ығыстырылған шоғырды «діни оянушылық» деп тұлға тұғырына көтеріп, «Кітаби» атап кертартпа деп таныған екінші шоғырды ағартушы деп шоқтықтандыруыңыз сол оянушылық туралы концепцияңыздың жемісі.

Айтуға оңай бұл жайлар жазуға, концепция ретінде орнықтыруға келгенде қиынның қиыны болатын. Сіздің бақ күндестеріңіз Н.Жанділдин, М.Әбдіхалықов, Қ.Бисембиев, Н.А.Скворцов секілді азулы хатшылар, айтулы ғалымдар еді. Сіз бәрін жеңдіңіз. Сіздің мектебіңіз қалыптасты. Қазір ол мектепте Сіздің шәкірттеріңіз «қаһарман». Талай жастар осы мектепке шәкірт болып келіп, қанаттанып аттанып жатыр. Әлі талайы келер...

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті қазіргі таңда Алаш ардақтыларымен толықты. Сіз Жақаң, Мағжан, Жүсіпбек жайында кеңестік кезеңнің өзінде естелік жазып қалдырған едіңіз. Оларды «қайта құру» жылдары жариялаттым. Әкелі-балалы болып бір шаңырақ астында тұрған он жыл беделінде Алаш ардақтылары жайында талай тұшымды естелік айтып, маған хатқа түсіртіп едіңіз. Оларға кезек келмей жүр. Ұяттымын, кешірім өтінемін, Бейсеке! Менен ештеңе жоғалмайды. Оған Сіз еш күмәнданбасаңыз керек. Егер, түсімде көргендей, қабағыңыздағы қабаржу оған байланысты болса, кешіре көріңіз, һәм еш қам жемеңіз. Аталы- балалы екеуміздің әңгімеміз көне грек философы Плутархтың «Үстел басындағы әңгімесі» секілді дербес кітап болып түзілді. Қазір-ақ жариялауға дайын. Бірақ, кеңестік кезең психологиясында қалыптасып, аярлықпен тіршілігін баянсыз өткізіп келе жатқан көп кісіге жайсыз тиеді-ау деп тартынып жүрген жайым бар. Бәлкім, мен жарық дүниеден өткен соң жарық көрер. Әйтеуір, жерде қалмасына сенемін. Аманаттай көріп, көздің қарашығындай сақтап келемін ол жазбаларды. Сенімді қолда, сенімді жерде...

Ал, «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» аталатын бәленбай рет басылым көрген оқулығыңызды “Ғалымның хаты» атап, соңғы сөз жазып, тағы бір рет бастырып шығардым. Оқулықты докторлық диссертацияңызбен салыстыра қарап тағы бір рет қайта бастырсам деген ойға бел байлап отырмын.

Сіз өзіңіз өмір сүрген дәуірге ояу көзбен қарап, коммунистік империяның мәңгілігіне күманданумен өттіңіз. Бірақ, кім болғанда да кісі өзі өмір сүрген қоғамнан тыс бола алмайды ғой. «Жиырмасыншы жылдардағы қазақ әдебиеті», «Шындық және шеберлік», «Жылдар жемісі» – Сіздің өзіңіз өмір сүрген қоғамға еткен қызметіңіз. Аталған еңбектің алғашқысында Сіз кеңестік қоғамды дәріптеңкірегендей көрінесіз. «Әдебиет белестері» кітабыңызға енгізген «Жиырмасыншы жылдардағы қазақ әдебиеті» аталатын монографиялық очеркті жүз жылдығыңызға орай дайындаған «Түрік қағанатынан бүгінгі күнге дейін». («Ана тілі» баспасы) бір томдығыңызға енгізбеген себебім, міне осыдан. Оған өкпелемеңіз. Неге екенін, Сіз ғана емес, алпысыншы жылда- ры Сіздің ұлы досыңыз Мұхтар Әуезов те кеңесшілдеу болыпты. Әйтпесе, ғұмыр бойы Алаш рухымен тыныстап келген ұлы жазушы Кеңес Одағының бар кәделі сыйлығын қанжығасына бөктерген алпысыншы жылдары «Октябрь өркені» секілді коммунисшіл қып-қызыл мақала жазар ма?! Өзі имандай сенген, сеніскен алашорда өкілдерін жамандар ма?! Алпысыншы жылдары жазылған «Жиырмасыншы жылдардағы қазақ әдебиеті» монографиялық зерттеуіңізде өмірлік идеалыңыз – алаш ардақтыларына қарсы сөйлемегенмен, шешуші кезеңнің он жылы (20-30) жайында тым-тым коммунисше сөйлеп кеткеніңізді кеше алмай жүрмін. Тағы бір оқып, оқу үстінде тағы бір ойланармын...

Ал, өзге еңбектеріңізде Сіз сыншы ретінде өте принципшіл болдыңыз. Жұрт «Абай» романын жамандағанда, Сіз мақтадыңыз. Жұрт «Жұмбақ жалау» романын мақтағанда, Сіз жамандадыңыз. Сәкен, Тайыр, Дихан – Сіз қабылдамаған ақындар. Сәбит, Дихан, Ілияс (Есенберлин) Сіз қабылдамаған жазушылар. Әдебиеттануда Қажым, Ысқақ, Төкен, Сағынғалимен жүзіңіз жараспады.

Кеңес әдебиетіне теориялық биіктен қараған сәттеріңіз, жанр табиғаты тұрғысынан келіп жасаған талдауларыңыз дін-аман. Сыншы райында Сіз аяусыз айтыскер (полемист) едіңіз. Айтыс жеке бас дүрдараздығынан емес, ұлт әдебиеті тағдыр талайынан туындап жататын. Сізді осы мінезіңіз асқақтата түсер еді.

Айтыс дегеннен шығады, Сіздің жарты ғұмырыңызды өзіңіз отызыншы жылдардан бастап дүркін-дүркін көтеріп, ақыры жетпісінші жылдары әупірім-тәңірмен орнықтырған – көне әдебиет мәселесі. «Көне» атауы шартты әрине. Әңгіме – ешқашан көнермейтін, түрік қағанаты кезеңіндегі түрік тектес халықтардың баршасына ортақ «алтын қайнар» хақында. Яки, «көне әдебиет» – ешқашан көнермейтін әдебиет!

Бұлардың түрік еді арғы заты, Жиһанды тітіреткен салтанаты. Бұл күнде азып­тозып күлкі болған, Бұлар да сол түріктің жұрағаты. – деп Сұлтанмахмұт айтқандай, көк түріктен тарай тұра, түрік дүниесіне ортақ рухани мұраға ие бола алмай азып-тозып бара жаттық. Күллі түрік халқы бір тамырдан тараса, бүтін түрік дүниесі рухани қазынамыздың түп-қайнары – «Орхон-Енисей» ойма жазуларына біз – қазақтар да иелік етсек, әдебиетіміздің туу бастауын «Түрік қағанаты» кезеңінен бастасақ деген арман еді, Сіздің ойыңыз. Замандастарыңыз түсінбеді Сізді! Түсінбеген мәселені ғылыми-теориялық конференция күн тәртібіне көтеріп, өзара ақылдасып, өзара кеңесіп алу – ғылымдағы мәдениет, ғаламда бар тәжірибе. Қырқыншы жылдары ойластыңыз – дауға қалдыңыз, 1959 жылы кеңестіңіз – «гөрі әдебиетші», «надан» деген сөздерден бастап естімеген сөзіңіз қалмады. Алдында «Абай шәкірттері» жөніндегі даулы мәселеден аузы күйіп қалған ұлы Мұхтар Әуезов те қолдай алмады Сізді. Ауызекі жамандар ма?! Алпысыншы жылдары жазылған «Жиырмасыншы жылдардағы қазақ әдебиеті» монографиялық зерттеуіңізде өмірлік идеалыңыз – алаш ардақтыларына қарсы сөйлемегенмен, шешуші кезеңнің он жылы (20-30) жайында тым- тым коммунисше сөйлеп кеткеніңізді кеше алмай жүрмін. Тағы бір оқып, оқу үстінде тағы бір ойланармын...

Ал, өзге еңбектеріңізде Сіз сыншы ретінде өте принципшіл болдыңыз. Жұрт «Абай» романын жамандағанда, Сіз мақтадыңыз. Жұрт «Жұмбақ жалау» романын мақтағанда, Сіз жамандадыңыз. Сәкен, Тайыр, Дихан – Сіз қабылдамаған ақындар. Сәбит, Дихан, Ілияс (Есенберлин) Сіз қабылдамаған жазушылар. Әдебиеттануда Қажым, Ысқақ, Төкен, Сағынғалимен жүзіңіз жараспады.

Кеңес әдебиетіне теориялық биіктен қараған сәттеріңіз, жанр табиғаты тұрғысынан келіп жасаған талдауларыңыз дін-аман. Сыншы райында Сіз аяусыз айтыскер (полемист) едіңіз. Айтыс жеке бас дүрдараздығынан емес, ұлт әдебиеті тағдыр талайынан туындап жататын. Сізді осы мінезіңіз асқақтата түсер еді.

Айтыс дегеннен шығады, Сіздің жарты ғұмырыңызды өзіңіз отызыншы жылдардан бастап дүркін-дүркін көтеріп, ақыры жет- пісінші жылдары әупірім-тәңірмен орнықтырған – көне әдебиет мәселесі. «Көне « атауы шартты әрине. Әңгіме – ешқашан көнермейтін, түрік қағанаты кезеңіндегі түрік тектес халықтардың баршасына ортақ «алтын қайнар» хақында. Яки, «көне әдебиет» – ешқашан көнермейтін әдебиет!

Бұлардың түрік еді арғы заты, Жиһанды тітіреткен салтанаты. Бұл күнде азып­тозып күлкі болған, Бұлар да сол түріктің жұрағаты. – деп Сұлтанмахмұт айтқандай, көк түріктен тарай тұра, түрік дүниесіне ортақ рухани мұраға ие бола алмай азып-тозып бара жаттық. Күллі түрік халқы бір тамырдан тараса, бүтін түрік дүниесі рухани қазынамыздың түп-қайнары – «Орхон-Енисей» ойма жазуларына біз – қазақтар да иелік етсек, әдебиетіміздің туу бастауын «Түрік қағанаты» кезеңінен бастасақ деген арман еді, Сіздің ойыңыз. Замандастарыңыз түсінбеді Сізді! Түсінбеген мәселені ғылыми-теориялық конференция күн тәртібіне көтеріп, өзара ақылдасып, өзара кеңесіп алу – ғылымдағы мәдениет, ғаламда бар тәжірибе. Қырқыншы жылдары ойластыңыз – дауға қалдыңыз, 1959 жылы кеңестіңіз – «гөрі әдебиетші», «надан» деген сөздерден бастап естімеген сөзіңіз қалмады. Алдында «Абай шәкірттері» жөніндегі даулы мәселеден аузы күйіп қалған ұлы Мұхтар Әуезов те қолдай алмады Сізді. Ауызекі ақылдасқанда қолпаштай қолдаған, ықыластана мақұлдаған еді. Амал қанша?! Көне әдебиет мәселесі тағы да ұлт әдебиеті тарихына енбей кешеуілдеді. Өмір бойы сыйласып өткен Мұқаңдай сыралғы досыңыздың осы бір сәттегі мінезіне мәдениетті түрде ғана өкпелер едіңіз. Ал, Сізден гөрі тап осы бір мәселе үшін Қайым Мұхамбетханов досыңыз көбірек өкпелер еді Мұхаңа! «Бейсекең Мұқаң үшін басын бәйгеге тігіп, қолынан келген жақсылығының бәрін жасады, ал Мұқаң Бейсекеңді осындай ең бір шешуші сәтте қорғауға, қорғаудың керегі жоқ, қолдауға жарамады» – дер еді бетті Қайым аға! (Өтірік болса қасыңызға барды ғой, өзінен сұрарсыз). Әруақтың алдында ақ сөйлемеске әддім қане?!

Көне әдебиет мәселесінде Сіз Жирмунский, Малов, Нәжіп, Сидельников, Феотисов сынды мәскеулік ғалымдармен ұдайы кеңесіп отырар едіңіз. Әмір Нәжіп үйіңізге келіп, дастарқан басында әңгімелескен сәтті көзіммен көрдім. Арнайы шақыртып ҚазМУ студенттері – бізге Ә.Нәжіп, Кононов, Баскаков, Тенишев секілді мәскеулік түрколог ғалымдарға дәріс оқытар едіңіз. Өзгесінің жайы өзіңізге мәлім. Тенишев іні-досыңыз жақында қайтыс болды. Рухы саламаттықта болсын! Күллі славян жұрты табынатын жалғыз жыр – «Игорь жорығы туралы жырды», қазақ эпостарын түгел жатқа білетін, ұлы Абай, хас жырау Махамбет жайында ғажап еңбектер берген академик Қажым Жұмалиевтің «көне әдебиет» мәселесіне неге ғана қарсы болғаны маған түсініксіз. Сізді «надан әдебиетші», «гөрі әдебиетші» – деп балағаттауын ешқандай әдепке сыйғыза алмаймын. Қазақстан Жазушылар Одағында болған бір жиналыста Сіздің идеяңызды қолдай шәкірттеріңіз сөйлесе керек. Сонда Қажекең жарықтық: «– Әй, Бейсембай үргізбе мына иттеріңді. Мұндай иттің менде мыңы бар!» – депті. Қайран Қажекең. Шәкіртімен бақытты ғалым едіңіз Сіз.

Шәкірттерді қабатыңызға алып алғашқы зерттеулерді жүргіздіңіз. Шәкірттерді қабатыңызға алып алғашқы оқу құралын – «Ертедегі қазақ әдебиеті нұсқаларын» дайындап, кітап етіп шығар- дыңыздар. Қазақ баспасөзі үндемеді. «Вопросы литературы» ұнамды мақала жариялады. Мәскеулік түрколог достарыңыз құттықтап хат жазып жатты. Бұл – тыңға салынған түрен еді.

Шәкірттерді қабатыңызға алып көне әдебиеттен алғашқы оқулықты жаздыңыз. Х.Сүйіншәлиев, М.Жолдасбеков, Қ.Сыдиықұлы, М.Мағауин, А.Қыраубаева сынды шәкірттеріңізбен бірге жазған жоғары мектеп оқулығы «жөргөгінде» тұншықтырылды. Архивіңізде қолжазбаның бір данасы сақтаулы. Бір шәкіртіңіз сол қолжазбаны сұрап еді, рұқсат етпедім. Ортақ істі оңашалап сұраған шәкіртіңіздің ниетін түсіне алмадым... М.Мағауин, М.Жолдасбеков, Н.Келімбетов, Х.Сүйіншәлиев, Қ.Сыдиықұлы, А.Қыраубаева – Сіз бастаған ежелгі әдебиет саласында жемісті еңбек берді. Әттең, Сіз кейбірін көре алмадыңыз. Қабиболла, Алма шәкірттеріңіз дүние салды. Ежелгі әдебиет десе үркіп қарайтын жандар бүгінде ірі-ірі сөйлейтін әдет тапқан. Кезінде қарсы болғандар бүгінде өзі бастамашы болдық деседі. Бәрін де тарих біледі. Бәрін де Сіз білесіз... Өйткені, Сіз ежелгі әдебиет мәселесін тар кезеңде көтеріп, тарих биігіне шығардыңыз. Сөйтіп, өзіңіз де тарихи мектебіңізді қалыптастырдыңыз. Мектебіңіздің келешегі кеніш...

Сіз өмірден өтер шағыңызда «Зар» аталатын аманат толғауын жазып қалдырған болатынсыз. Ұлы Абай рухы Сіздің «Зарыңызда» сөйлеген. Абай заманында болған ұлт басындағы мәселе Сіздің заманыңызда асқынып тұрғанын «Зардан» оқып білді қазақ оқушысы. Мереке дос, осыдан біраз бұрын «Біздің қоғам» аталатын кемшілігімізді жаны аши отырып, ортаға салған сүйегі тұтас публицистикалық еңбегін «Ана тілі» апталығында сериялық мақала етіп жариялаған еді. Енді, міне, Мұхтар Мағауиннің «Ұлтсыздың ұраны» аталатын «Зарлы толғауын» жариялап келеді. Шәкіртіңіз Мұхтар Мағауиннің «Зарлы толғауы» Сіздің дәстүріңізді еске түсіріп отыр. Демек, Абай заманы, Сіздің заманыңыздағы ұлт тағдырына қатысты мәселелер, қауіп-қатер жағдайы, алмағайып ахуал қазір де бар деген сөз. «Бар» деген сөз бергі жағы. Ол тәуелсіздік деп тамсанып жүргенде ұлт тәуелсіздігі, ұлттың ішкі бірлігі мәселесі әлсіреп, ұлттық рух құлдырап кеткен секілді. Мұхтар шәкіртіңіз соны айтып зарлайды. Кешегі қызыл империя кезіндегі қазақ тағдырынан қауіп етіп толғаған Сіздің «Зарыңыз» сөйтіп, тәуелсіздік алғаннан соң Мұхтар шәкіртіңіздің «Зарлы толғауына» ұласты. Ұстаз бен шәкірт ұлттық рух хақында ұқсас ойлайды, сабақтас толғайды. Ұстаз рухын ұстану, ұлықтау, дәстүрін жалғау – шәкірттік адалдық. Әлде, Мұхтар шәкіртіңіз ащы айтқан ұлтсыздану процесін о дүниеде жатып байқап, соған налыдыңыз ба екен, нар аға?

Қай саланы алып қарасақ та Сіздің көп мәселеде бастамашы болғаныңызды көреміз. Сіз бастаған мәселелер бұл күнде дәстүр түзіп, жас ұрпақпен бірге жалғасып кетіп барады, Бейсеке! Сондықтан, Сіздің ұрпақтарыңызға қапаланатын еш ретіңіз жоқ.

Ұрпақ дегеннен шығады, Сіз шәкірттеріңізді кіндігіңізден өрбіген ұрпағынан артық көрген зият жансыз. Бұдан он жыл бұрын 90 жылдық тойыңыз тойланбай қала жаздап, Әбіш (Кекілбайұлы) шәкіртіңіз білек сыбанып араласып, халықтық тойға айналып өткен. Ол сәтті рухыңызбен сезген шығарсыз кезінде. Мұхтар Мағауин шәкіртіңіз Сіздің көркем образыңызды жасады. Алма марқұм маңызды ғылыми еңбегін өзіңізге арнады. Қуандық Шаңғытбаевтың өзіңізге арнаған өлеңі көпке ұнаған. Естелігі бір ғанибет! Сіз жайында сағынышты сөздер әр тараптан-ақ шаң беріп қалып жатады. Мырзатай жақында теледидардан сөйлегенде «Бейсекең жарықтық, бойын жасырған тұлпар секілді еді» – деді. «Көп пайдасын көрдім, енді музейіне қоярсың», деп Қабиболла Сыдиықұлы бір кітабыңызды, Оразгүл Нұрмағамбетова бір кітабыңызды маған қайтарды. Екеуінің де дүниеден қайтар шағы екен. Ұзамай бірінен кейін бірі бақилық болды. Жандары жәннатта болсын жайсаңдардың!

Кезінде Мәскеуге қызметке аттанып бара жатып, бір ағайынға сақтай тұруға бір сандық кітап қалдырып, кейін жоғалып, өкінетін Түркістанда бүгінде Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті бой көтерген, Сіздің атыңыздағы түркологиялық музей құрылып, аяқталуға жақын. «Тымпи», «Түрік қағанатынан бүгінге дейін», «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті», “Шұғыласыз күндер суреті» аталатын кітаптарыңыз жақында жарық көреді. Көз көрген замандастарыңыздан естелік жаздырып алған едім. Оны да баспаға ұсынбақпын. Ұлыңыздай көретін едіңіз ғой мені. Рахмет. Мен де қарап жатқан жоқпын. «Арыстар мен Ағыстар» аталатын тақырыптық (жанрлық) төрт кітап шығардым. Соның бірінде Сіз жөнінде біраз сөйледім-ау. Өміріңіз бен өнеріңізді телқабыс қарастырып «Ғалым шеберханасы» аталатын ғұмырнамалық, лабораториялық кітап аяқтадым. Жүз жылдық мерейтойыңызға тартуым! Музейіңізді ашып, тойыңызға бір шашылсам перзенттік борышымды бір мысқалдай болса да ақтағандай сезер едім.

Перзентке кенде кісі Сіз емес. Ұлыңыз Суриков атындағы суретшілер академиясын бітірген тұңғыш қазақ – Шыңғыс Кенжебаев бойындағы бар дарынын халқына иіп беріп, бақилыққа аттанды. Апамыз Шолпан бауырлас Қырғызстанда. Сырқаттау. Гүлнар әпкем бұрынғыша Алматыда. Есен күйеу балаңыз «Тарлан» сыйлығын алды. Қайрат жиен хабарласып жүреді. Ізбасхан, Нышандар аман. Фарида бастаған күллі немерелеріңіз дін-аман... Баян екеуміз Түркістандамыз. Жүз жылдық мерейтойыңыз Қазақстанда, бірнеше жерде, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия Республикаларында аталып өткелі тұр. Өзіміздегі мерейтой комиссиясы төрағасы – Білім және ғылым министрі Ж.Құлекеев. Осы, Сіздің өкпелейтін не ретіңіз бар? Әлде, еліңіз «нарыққа» өтіп, байлық көрмеген байғұс бейіл ұрпақ нарық тұсында парқынан айырылып, ұлттық санадан сырттап бара жатыр деп уайымдайсыз ба?! Тарихи жады жадау, ұлттық санасы сара емес, сары жандарға байлық бітпесе бір бәле, байлық бітсе екі бәле. Байыған адам билік тұтқасын ұстағысы келеді, билік тұтқасын ұстаған адам байыған үстіне байи түскісі келеді. Ұлт деген ұлы ұғым жұрт көшінде ұлыған күшіктей ұлып, Алаштық құндылықтар құлдырай азып-тозып, ұлттық руханият мешеу күй кешіп отыр деп қынжыласыз ба, аға? Мен келешектен үміттімін. Қынжылмаңыз, әзіз аға! Біртіндеп ес жиып, етек жабармыз. Біртіндеп іргелі елге айналармыз. Сиырдың бүйрегіндей қазақ ұлттық, тіпті түріктік тұтастыққа да жетер әлі!

Әкемдей болған әзіз адам рухымен сырласып жатып сібірлеп ақ таңның атқанын да білмей қалыппын. Атып тұрдым. Атқарар жұмыс көпте Баян келініңіз екеуміздің Жерорта теңізі жағалауында жайбарақат жатқанымыз қалай? – дедім іштей. Отанымызға тез қайтамыз. Атқарылған істі жалғап, атқарылар іске қауырт кірісеміз.

Ал, Сіз «бұ дүниедегі» дархан бейілдігіңізді «о дүниеде» де білдіріп, тілекші болып жатыңыз. Ұлы рух болып жатыңыз, әз аға! Тойыңыз басталды. Тойыңыз түрік дүниесі аманда тарқамайды әманда. Өйткені Сіз қазақ әдебиетінде қай мәселеге де бастамашы болған пайғамбар пейіл жансыз. Қандай мәселені де жалпы қазақтық өреде, тіпті жалпы түріктік тұтастыққа көтерген, сөйтіп рух тербеген түріктік тұлғасыз!

Сізге деген құрметпен,– Құлбек Ергөбек.

* Суретте әйгілі ғалым Бейсенбай Кенжебаев шәкірті Құлбек Ергөбекпен


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар