Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ӨНЕР
Нұрғиса Тілендиев музыкасы өнердің нирванасы тәріз...

02.04.2025 696

Нұрғиса Тілендиев музыкасы өнердің нирванасы тәрізді... 14+

Нұрғиса Тілендиев музыкасы өнердің нирванасы тәрізді... - adebiportal.kz

Өнердің де қарашаңырақ ұстар өз мирасқоры болады. Осы жағынан келсек, Нұрғиса Тілендиев музыкасы – шаңырақтағы сары уызға тойып бұйраланған сүт кенже перзенттің бетіне ешкім жел болып тимеген бұла мінезі сынды. 

Рас, «Махамбет» күйі бұла мінез болса «Көш-керуен» ұлы философия.

Ол ғұмырдың тым келте, сүтпісірім екендігінің баяны. Осы орайда біз жаңсақ түсініп жүрген мынадай бір дүние бар.

«Көш-керуен» - «Қыз-Жібек» көркем фильмінің емес, ең әуелі исі адамзат ғұмырының көші. 

Бір күні сіз бен біз дүрмегіне ілескен ғұмыр көші де көп ұзамай түгесіледі дейді. Міне, музыканың қысқаша мазмұны осыған саяды. 

«Көш-керуеннің» екінші нұсқасы бар. Дәлірек айтсақ мәтіндік интерпретациясы «Құстар әні».

 

Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,

Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып.

Зымырайды менің бала кезімдей,

Бір жалт етіп өте шыққан сезімдей.

 

Құстар, құстар сызылтып ән салады,

Сол әнімен тербетеді даланы.

Ал, адамдар күліп бастап өмірін,

Кетерінде жылай да алмай қалады.

 

Біздің жаққа бауыр басып кеткен бе,

Тамаша әнмен келіп еді көктемде.

Өскен жерге сыймай кетіп барады,

Өскен жерін қимай кетіп барады.

 

Бұл да көш туралы өлең. Адамның түбі бір түпмекенге оралуы мен аттануын есепке алсақ, осы жердегі «құс» ұғымын Кемпірбайдың «көкала үйрек» түсінігімен де ұштастыруға болады. 

Ендеше, «қайтқан құс» шыққан жан есебінде сапар шегеді десек, бұл әуен, ең әуелі, сіз бен біз туралы рухизат сыр болып саналады емес пе?

Міне, енді ғана түсінікті болды. «Көш-керуен» және оның мәтіндік нұсқасы «Құстар әні» өнердің нирванасы немесе жаныңа бағышталған жаназа дұғасы іспетті…

 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар