ТҮРКСОЙ бастамасымен 2017 жылы Түркістан қаласы Түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде жариялануына орай Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Әлеуметтік ғылымдар факультетінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында 2017 жылдың 26-28 сәуір аралығында «Халықаралық әлеуметтік ғылымдар конгресі: ІІІ Түркістан форумы» өтті. Конгресте жаһандану үдерісінде Түркі әлемінің келешегі, мүмкіндіктері мен қауіптері және Түркі әлемінің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, құқықтық және туризм салаларындағы мәселелер талқыланды. Аталған мәселелер бойынша бірнеше елден қатысушылар қатысып, ой ойларымен бөлісті.
Төрт тілде (қазақ, орыс, түрік және ағылшын) өткен Халықаралық әлеуметтік ғылымдар конгресі үш күнге созылды. Конгрестің алғашқы күні, яғни ІІІ. Түркістан форумының ашылу салтанатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың құттықтауын жеткізді. Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Рысбек қатысушыларға сәттілік тіледі.
Түркияның Ұлттық Қозғалыс партия төрағасының орынбасары, Анталия қаласының депутаты М.Гүнал,
Манас университетінің ректоры профессор С.Балжы,
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (ХҚТУ) Өкілетті кеңес төрағасы, профессор М.Йылдыз,
Мармара университетінің ректоры, профессор М.Е.Арат,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті, профессор У.Әбдібеков,
және аталмыш университеттің І вице-президенті, профессор М.Куталмыш,
Түркияның мемлекеттік және жергілікті муниципалдық қызметкерлер мен жұмысшылардың кәсіподағы “Бем-Бир-Сен” директоры М.Турбай,
ХҚТУ Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, профессор М.Топлу құттықтау сөздерін айтып, конгресті ашық деп жариялады.
Конгрестің ашылу салтанатынан кейін “Түрікше білім сайысының” марапаттау рәсімімен жалғасты.
Пленарлық мәжілісте АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Түркия, Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінен арнайы шақырылған ғалым, профессорлар ашылу баяндамаларын оқыды.
Конгрестің екінші күнінде, Түркі әлемі елдерінің мәдени, әлеуметтік және экономикалық құрылымдарындағы соңғы жағдайлары, Түркі әлемі елдерінің саяси және құқықтық құрылымдағы өзгерістері мен Әлемдік трансұлттық компаниялардың Орта Азияның табиғи энергетикалық ресурстарына қатысты саясаты жайында, жалпы 12 секция өтті.
Ал конгрестің үшінші күнінде, Жаңа әлемдік жүйедегі Түркі әлемінің рөлі: мүмкіндіктер, қауіптер және әлемдік жүйемен интеграциялануы, Түркі әлемі елдерінің арасындағы байланыстары тақырыбы бойынша 13-17 секциялары өтті.
Одан әрі қорытынды мәжілісімен жалғасып, қонақтарға қасиетті Қожа Ахмет Ясауи және Арыстан баб кесенелеріне саяхат ұйымдастырылды.
Үш күнге созылған бұл конференция 17 секция бойынша өтті. Аталған іс-шараға АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия және Түркі әлемі елдерінен профессорлар экономика, саясат, құқық және әдебиет саласындағы ғалымдар мен оқытушылар қатысты.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.