Ассалаумағаликум, Шыңғыс аға! Сіздің 70 жылдық мерейтойыңыздың әлемдік деңгейде – Парижде және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында – Москвада аталынып өтуі зор мақтаныш екенін айтып жатудың артық болатынын сіз өзіңіз жақсы білесіз. Енді Бішкек пен Алматыда болатыны Сіздің суреткерлік ерлігіңізді паш ететін ұлан ғасыр көркем тойда қолыңызды алып, кең құшағыңызда тұрғанға не жетсін!?
Бұл хатты тек бір өзіңізге жазып отырған ініңіз Сайлаубек Жұмабек қой. 1986 жылы ≪Жан пида≫ (≪Плаха≫) романы бойынша Кеңестер Одағындағы Тұңғыш мақаланы ≪Қазақ әдебиеті≫ газетінде жарияланғанын кезінде ≪Литературная газета≫ редакторының бірінші орынбасары Юрий Владимировичке телефонмен айтып қуанғаныңызды білемін. Сол кезде Бішкекке қасыңызда отырған менің төбемнің көкке екі елі жетпей қалғанын айтсам, мақтанды деп ойламаңыз. Енді айта беруге болады ғой деймін.
Мұнан соң да ≪Шыңғыс ханның ақша бұлты≫≪Белое облако Чингисхана≫ туралы да мақала жаздым. Сіздің қырғыз тілінің тағдыры мен болашағы жөнінде жасаған атақты баяндамаңызды аударып ≪Жалын≫ журналында жарияладым.
≪Шыңғыс ханның ақша бұлты≫ атты шығармасындағы табиғат перзенті болып табылатын адамға, яғни адам болмысына ажал жоқтығы, адамзат ұрпағын ешқандай жарлықпен шектеуге, тоқтатуға болмайтындығы автор философиясының бір күретамыры. Жарлық барысында Шыңғысхан әскерінің құрамындағы бір жауынгер мен бір әйел дүниеге перзент әкелгені үшін жазаланады. Өйткені, бұлар Шыңғысхан жарлығын бұзғандар еді. Олардың махаббаты бұған көнген жоқ. Сөйтіп, нәресте құлан аман қалып, адамзат ұрпағының тіршілігін жалғастыра береді…
Ал ≪Тавро Кассандры≫ атты романыңызда керісінше табиғат перзенті болып табылатын адамға, яғни адам болмысына зорлық жоқтығы, адамзат ұрпағын ешқандай жасанды жолмен жалғастыруға, жоспарлауға болмайтындығы суреткер философиясының бір күретамыры. Жасанды ұрық арқылы пайда болған адамда табиғи жаратылыс, табиғи болмыс, табиғи тіршілік болмайтыны белгілі. Жасанды адам тек жабайылықтың, содырлықтың, жауыздықтың, зұлымдықтың қолшоқпары Ғана болады. Онда тек соқыр фанатизм ғана бар. Ол тек соқыр түйсіктердің, жасанды түйсіктердің ғана құлы. Ғалым Андрей Крыловтың бүкіл еңбегі осындай жасанды адамдарды – робот адамдарды дүниеге әкелу.
Адам және табиғат өзінің жаратылысындағы болмысынан айнымауы керек. Адам мен табиғат арасындағы мәңгілік үйлесімді Шыңғыс хан жарлығы да, аталмыш ғалымның ғылыми ғұмырын жұмсаған жасанды адамдар да бұзуға тиіс емес.
Мұның екеуі де антиқұбылыстар яғни құдайсыздық, мәңгүрттік сияқты қасіреттер…
Тілеуханға
Суреткер Шерхан Мұртазаміне, енді кешегі өзі басынан өткерген кезең туралы шығарма жазуға қайта оралды. Соның нәтижесінде ≪Ай мен Айша≫ роман-дилогиясы (2000 жыл) дүниеге келді.
Автор романның жолашар сөзінде:
Түсімде ылғи балалық шағымды көремін.
Түсімде күн сайын Мың Бұлақ кіреді.
Түсімде ылғи Ақсу-Жабағылыны көремін.
Түсімде ылғи туған үйімді көремін.
Түсіме ылғи Айша кіреді. Мұратаза түсіме сирек кіреді, өйткені ол кеткенде, мен бес-ақ жаста едім. Елесі еміс-еміс қана.
Егде тартқанда, бүгін көргенің ертең естен шығады..
Ал енді бала кезде көргенім, естігенім бүгінгідей әлі есімде.
Ендеше текке күшене бермей, соны неге жазбаймын?
≪Ата-бабамның, Айшаның аруағы жар бола көр!≫ – деп қолыма қалам алдым≫ – дейді.
Міне, осыдан кейін роман басталады.
Сенде жазушымен бірге, алпыстан асқан Шерхан Мұртазамен бірге оның туған жеріне, балалық кезеңін қайтадан аттанасың.
Роман – бірқарағандаөмірбаяндықроманболыпкөрінеді. Шығарманың бас кейіпкері – Айша, автордың анасы. Туынды бірінші жақтан баяндала ды. Баяндаушы – Барысхан. Барысхан – автордың өзі. Осынысына қарамастан, бір отбасы тіршілігінің, балалық шақ өтетін тұтас бір кезеңнің көркемайнасы.
Екі кітаптан тұратын Ай мен Айша роман-дилогиясы автордың ана сынақ ойғанға жайып көркем ескерткіші.
Егеранасы – Айша болмаса, Шерхан Мұртазаның жазушы болмауы және қазақ әдебиетінің осы роман-монологта азды-кем талданатын бірталай туындылардан тұратын көркемдік олжаға кенелмеуі басы ашық жәйт екенін осы роман-дилогия анық дәлелдейді.
Ардақ тұтқан жары Мұртазадан тірідей айырылып, халық жауының әйелі атанып, үш перзентін қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай тәрбиелеп, ел қатарына қосқан Айшаның бүкіл тіршілігіндегі азабы, шын мәнінде, Шерхан Мұртазаны жазушы еткенде меске шараң жоқ.
Егер Шерхан Мұртаза жазушы болмаса, біздер Туындыдағы Айшамен Барыс ханның өмірінен не білер едік?
Үш перзенті үшін ешнәрседен тайынбаған, Кешегі кеңестік дәуірдің сонау 17-жылдарынан – 87 жылдарына дейінгі тіршілігін көзімен көріп, басынан кешкен Айша тәрізді алып ананың тұңғиық тағдырына балашағынан куә болған Барыс ханның кейіннен Шерхан Мұртазадай суреткер болмауы әсте мүмкін емес еді.
Роман-дилогиязергерсуреткерқолынаншыққанғажайыпмоншақтыңжүгерідейінжу-маржантастарытәріздімөлтекәңгімелердентүзілген. Ал осынау мөлтек әңгімелер тіршіліктің небір күнгейі мен теріскейін, шуағы мен көлеңкесін; қуанышы мен қайғысын, мейірімі мен қаталдығын; шапағаты мен озбырлығын, адалдығы мен қараулығын; иманы мен күпірлігін, алғысы мен қарғысын, адамдығы мен айуандығын, кісілігі мен кісәпірлігін, жомарттығы мен сараңдығын және тағысын-тағы жан-жақты көріністерін сәулет өнерінің ғажайып мозайкасындағы немесе витраж-коллаждарындағы сиқыры мол інжу-маржан моншақтың жүгерідей тастарына молынан дарыта білген.
Жүгері дәндеріндей мөлтек-мөлтек әңгімелердің ғажайып мөлдірлігінен Әдия, Зиба, Сәли, Қали, Қамқа, Ноха, Әміреқұл, Саид Ақбарқожа, Қырғызата, Тасбе тжәне тағы басқа талай-талай адамдардың, жандардың тіршілігі қаз-қалпында шынайы көрінетіні таңғалдырады.
Жүгерідей інжу-маржан мөлтек-мөлтек әңгімелерге бүкіл тіршіліктің, бүкіл тағдырдың барша қыр-сырын бүкпес із әрі көркем сыйдыра білу сирек шебердің, бүрге тағалай білетін ғажап ұста - ісмердің, бір туар суреткердің ғана қолынан келетін құдіреті.
Реалистік мөлдірлік қуатынан болса керек, осынау дилогиядағы қаншама адамдардың тағдыры бар болмысымен көз алдыңа қаз-қалпында келе қояды.
Суреткер Шерхан Мұратаза өзінің анасына деген перзенттік сүйіспеншілік парызы норындау арқылы, қазақ әдебиетіндегі ғажайып аналар галереясына – Айша тәріздіалып ананың көркем бейнесін, ғаламат тұлғасын қосты деп білеміз.
Қымбатты Герольд Карлович!
Сіздің қай жағынан алса да, жалқы досыңыз Асқар Сүлейменовтың Геке дейтін ілтипатымен айтсақ та немесе қаламдас ініңіз ретінде Гер-аға, десек те жарасып жатады.
Сіздің жаңа романыңызды оқып шыққан соң, Өзіңіздің жүйрік, әсіресе күлік талантыңыз тудырған Туындының оқырман көкірегіне қалдырған талғам-толағайы мол әсерлер жайында өзімнің жүрегімнен өткіздім. Сіздің жан-сырыңызды қалай түсініп, қалай қабылдағанымды бүкпесіз жеткізгім келеді. Бір орайда, қатардағы оқушыңыз ретінде, әсіресе сіздің шығармашылығыңызға үнемі сүйсініп жүретін қаламдас ініңіз ретінде осы хат арқылы сырласып сыр шертісу деп ұйғаратыныңызды кәміл сене отырып жеткізгім келеді.
Ең әуелі Гер-аға, бұл романыңыз кешегі кеңестік дәуір зұлматының арқасында советтік немістердің басынан өткізген зар заманын – кер заманын, өзегіңді өрт жалғаған емес-ай, өрт жалмаған запыранның химиялық, физикалық, қоғамдық, саясаттық анализін көркем тұрғыда суреттепсіз.
Қазақ әдебиетіндегі ≪Зар заман≫ поэтикалық жоқтауын қазіргі проза тілімен айрықша өткір, мейлінше шынайы бейнелепсіз. Одан бері де ұлы ақын Махамбеттің:
Ау қызғыш құс, қызғыш құс,
Сен де айрылдың көліңнен,
Мен де айрылдым жерімнен, –
деген жыры еске түседі.
Одан бері де өзіңіздің досыңыз, ұлы замандасыңыз Асқар Сүлейменовтың кезінде ≪Парасат≫ журналынан тапсырыс берген ≪Зар≫ атты эссесін осы романыңыз арқылы орындапсыз ғой.
Ой түбіндегі асыл сөз
Шер толқытса шығады –
деген Асанқайғы бабамыздың даналыққа толы афоризмін Сіздің осы романыңыз толық растайды.
Кешегі кеңестік дәуірдің барша жақсылықтары пенде атаулыны тәубеге келтіріп, асқақтата отырып, әлеуметтік ұшпаққа шығарса, жеті қат көктің төріндегі таққа көтерсе, кейде осының бәрін еріген қардай етіп, құмға сіңіріп, пенде атаулыны қорландыра отырып, әлеуметтік құрдымға, жеті қат жердің астына көміп жіберіп, түк болмағандай тұншықтыратын зұлматты соншама жоққа шығаратын әлеуметтік әділетсіздігін тарих ешқашан жасыра алмайды екен.
Гераға, сіз өзіңіздің бірде немісше, бірде орысша, ең бастысы, әрқашан қазақша ой жүйесімен, қазақы ұғымдағы құнарлы қаламыңызбен бір миллион немістің кешегі советтік әріден алсақ, ресейлік немістің – тұтас бір неміс атты ұлттың, біріңғай топтасқан неміс философының – тұтас бір неміс атты этностың әлеуметтік-рухани тұрғыда жойылуы тарихының, онсыз да шілдің тезегіндей шашырап, әр жерде емге қалған ұлы халықтың басындағы он бес жылдық трагедиясының – он бес ғасырлық трагедияға татитын болмысын терлене отырып,зарға айналдырыпсыз. Әлеуметтік-рухани зардыңзапыран шерін Давид Фридрихович, Христьян Фридрихович, Гарри Вальстер тәрізді кейіпкерлеріңіздің тағдыры арқылы қазақтың сонау зар заман ақындарының, қазақтың сонау зар заман жырауларының прозадағы толғауын тамашажеткізіпсіз.Бәлкім, мұның несі тамаша дерсіз. Әрине, Трагедияның тамашасы – әрі тарихи, әрі көркем шынайы ғибратында, шамырқандыратын, шарықтататын, асқақ та асау күрескерлік тағылымында болса керек қой.
Романның үш тарауында да сіз, Гера өзіңіздің талант ретінде құнды бұйрытқан үш жетістігіңізді бірде тең қайырған, кей-кейде тең бүйірлі, көбіне Үнемі тең қабырғалы болып, көздің жауын алып, еріксіз сүйсіндіретін, еріксіз таңғалдыратын, еріксіз табындыратын, сирек үш талантыңызды бір әуенді, құйқылжытқан қаламгерлік шеберлігіңізге тәжін қылмау мүмкін емес. Мұндайда скрипкасын тәңірі анасындай аялаған ауыл фельдшері Давидті де, өз үйін – өлең төсегін іздеген, өз Отанын іздеген – туған жерінің көгілдір аспанын аңсаған мұғалім Христьянды да, сәби шағынан бері кемістушілік пен мұқату, қорлық атаулының ең зоры да, ең жаманы да –ешнәрсенің тең келмейтінін тұншыға жүріп тынатын, іштей тынып жүріп қаны да тұншығып қалатын әлеуметтік дертке бой алдырмауды мұрат,та күрес түрі де деп ұққан студент Гарриді де – Сіз де өзіңіздің бірде жебенің ұшындай, бірде найзаның ұшындай, бірде мылтықтың оғындай болып кірш етіп қадалғандай, бірде зу етіп шаншылғандай, бірде ойып жіберіп ойсыратқандай суреттеген тұстарыңызды жүрегіңнің қансырап, ойың шімірігіп, тәнің мұздап қалатынын жасыра алмайды екенсіз.
Сіздің романыңызды оқып шыққан соң ≪переселенец≫, ≪спецпереселенец≫, ≪депортация≫ деген сөздердің саяси әлеуметтік, қоғамдық-әлеуметтік мазмұнынан мейлінше жиіркеніп шыға келесің.
Ылажыболса, ықтиярыңызболсаСіздіңдеосыСөздерденбезініп, мұндайсұрқылтай – мұндай сұм Сөздерді қолданбауға мейлінше құштар екеніңізге көзіңіз анық жетеді деп білемін.
Қорланаотырып, қорлықтың қамыты мен сол Қорлықтың қамыс өртіне өртене отырып, зымиянда аяр, саналықтың сасық саясатымен саясат кері атаулыға лағынет айта отырып, ≪ашаршылықта жеген құйқаның ауыздан дәмікетпес≫ – деген.
Енді менің нем қалды-ау?!
Тек шықпаған жан қалды-ау?!
Қапыда өткен дүние-ай,
Халқымның көрген қорлығы
Ау қызғыш құс, қызғыш құс
Ел қорыған мен едім.
Мен де айрылдым елімнен
Көл қорыған сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен
Аспанда ұшқан қызғыш құс,
Сені көлден айырған –
Лашын құстың тепкіні
Мені елден айырған
Хан Жәңгірдің екпіні.
2001 ж.
Құрметті Әсет Болғанбаев жолдас!
≪Тіл шеберлігінің шынайы көріністері≫ атты мақалаңызбен танысып шықтық. Мақалаға Ғабит Мүсіреповтің ≪Жатқолында≫ туындысының көркем тілі арқау болған. Сіз ≪тіл маманы ретінде романнан жал тетіп көзге шалынған, өзімізді ойға шамдырып толғандырған тіл шеберлігінің шынайы көріністерін ортаға салып, оқырман қауыммен пікір алысуды жөн көрген≫ мақалаңызды кәдеге жарата алмадық.
Еңбастысы, сіз тілдік фактілердің ауқымынан iыға алмағансыз. Келтірілген мысалдардағы ≪тіл шеберлігінің шынайы көріністерін≫ талдау, тереңдей бойлау, құпия сырларын, шеберлік нышандарын көрсету дәрежесіне көтеріле алмаған. Мәселен, мақалада келтірген он бір үзіндінің барлығында дерлік осындай кемшілік тән. Мұндағы дәлелдеріңіз бен сүйсіне, тамсана бағалауларыңыз ≪тіл маманының пікірлерінен гөрі, көбіне оқырманның аңғарғанынан аса алмаған. Өйткені, ғылыми дәйектілік, ғылыми зерделеу діттеген жерден шықпай, кем түсіп жатады.
Енді сіздің дәлелдеріңізге назар аударайық. Мысалы: ≪Бала мен шеше арасындағы бір кезде айтылмай қалмас, айтылса, да қалдырай қоймас бір түйіншек сол көз жасы мен жуылды да кетті. Өшірілді біржола≫ (49-бет). Осында ана мен бала арасындағы ұзақ сонар шиелі оқиға бір ғана қимыл -әреке түстінде -аққұлан -таза айыққандығын байқаймыз. Ғабең мұнда ешбір бояу қоспасыз-ақ құр емеурінмен оқырманның суын тауып, көңілін көншіте білген. Автордың айтпақ ой бейнеленген түрде әрі жарасымды, әрі соншалықты нанымды болып шыққан (2-бет). Сонда ≪оқырманның суын қалай тауып, қалай көншіте білген? Суреткер тілінің шеберлігі осы дәлелдеуде қалай көрініс тапқан?≫ – деген сауалдарға нақты жауабымыз көбіне жоғарыдағыдай ≪әрі жарасымды, әрі соншалықты нанымды болып шыққан≫ тәрізді келеді.
Жазушыға тән тіл шеберлігінің бір ұшы кекесін мен мысқылда жататындығын, жанды құбылыстарды бере білуде екендігін, жазушы кейіпкерлерінің ≪шетінен әзілқой, әңгімешіл, мысқылшыл болып келетіндігін≫ айта отырарсыз, мысалдар келтірерсіз. Бірақ сол көбіне – көп сүйсіну, тамсану дәрежесімен шектелесіз. Сүйсіну, тамсанудың өзіндік логикалық ішкі процесін талдауларыңыздан көре алмаймыз. Тек нәтижесіне ғана ие боламыз.
Мысалы: ≪ – Қатын болғанда қандай. Ойпырым-Айдың өзі. Көзін-ай көпірдің, көзін айтам-ау мөлдіреп тұрған. Балқаштың көлі ме дерсің. Кірпіктері қандай. Ұшы азырақ қайқайып, сарғайып келген күзгі құрақтай, қоп-қоңыр. Саусақтары сүйріктей... Сұлу қатынның да ақылдысы бола береді екен ғой, маған ≪Өтес Байжан≫ – деп сөйлесті≫ (50-бет).
≪Байжанның осы бір сөзінде қаншама шынайылылық, қаншама бейнелілік, сөзден салынған сурет жатыр. Оқырман аузынан сілекейі шұбырып, таң-тамаша оқи бергісі келеді. Оқи отырып, жаның жәй тауып, рахаттанып күлесің. Нағыз байырғы сөздер, аңғырт қазақтың өзімен сөйлескендей, тілдескендей ләззат аласың≫, – деп дәлелдейсіз (5-бет). Мұнда датіл шеберлігінің шынайы көріністері Эмпирикалық күйінде, тілдік факті төңірегінде қалған. Шеберлік сырларын, тіл құдіретін тану жолындағы (әрине, ғылыми тұрғыдан) талдаулар, жинақтаулар жоқтығы бірден көзге түседі.
Сіз сонымен қатар, -да, -де шылауларының жазушы cтилінде актив ретінде қолданылатындығына; ≪қазақтың қарапайым сөзіне Ғабеңнің өзіне терминдік жаңа мән беріп қолданылатындығына≫; ≪біздің сөздіктерімізде жоқ, ескерілмеген қағаберіс қалып жүрген сөздердің бар екендігіне; ≪үйлесімді жаңа теңеу, соны метафоралық қолданыстардың аз кездеспейтіндігіне; ≪қанатты сөзге айналып кетейін деп тұрған ұтымды сөйлемдердің баршылық≫ екендігіне мысалдар келтіріп, атап өтесіз.
Мысалы: ≪Ғабең қазақтың кейбір қарапайым сөзіне өзінше терминдік жаңа мән беріп қолданады. Сөйтіп қазақтың сөз байлығын сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да байытып келеді. Мәселен, қазандық деген сөзді орыстың кухня деген сөзінің орнына (133, 213-беттер) қолданған (7-бет). Сонда ≪қазандық па терминдік сөз, әлде ≪кухня≫ ма? Екеуін де терминдік сөзге жатқызған қисынды әлі де еш жерден кездестірген жоқпыз.
Немесе ≪қолдас, бөгесін, тұрықтас, жалдап, божағы, тескіндік, дәрігерхана, балақсыз, дере, қалама – жанама үйлер, діңке мен өгіз, көтекілену, дәстерлеп, жанапайлап т.б.≫ – деп сөздіктерімізде жоқ сөздерді мысалға келтіресіз де, ≪бұл сөздердің кейбіреулерін жұртың бәрі түсіне бермейтіндігін ескеріп, шығарманың келсі басылуында түсінік беріле кеткені де жөн болар еді≫ – дейсіз (7-бет).
≪Тіл маманы ретінде≫ сіз де бұған тоқталмайсыз. Контексте келуінеорай жазушы шеберлігінкөрсетуге сұранып тұрған тілдік фактілерді көлденең тартумен, тілекпен ғана шектелесіз.
Сіздің пікіріңізге сүйенсек: ≪Алайда көркем Шығармадағы шеберлікті бір жақты емес, жан-жақты қарап тексеруді қажет етеді. Бізше, сөз шеберінің шеберлігін танып білу үшін оның әрбір қалам сілтесіне, әсіресе белгілі бір ойды қандай тәсілмен, қалай айтып бере алды дегенге қатты зер салу керек сияқты. Сонда ғана бітеліп қалған көзді судай небір құпия сырлардың беті ашылмақ≫ (2-бет) дейсіз. Бірақ мақалаңызда Ғ. Мүсірепов тілінің сиқыры, құдіреті, құпия-сырлары өзіңіз діттеген тұстан көріне алмаған.
Сәлеммен Сын бөлімінің меңгерушісі
Сайлаубек Жұмабеков
Сайлаубек Жұмабектің "Таңдамалы" атты жинағынан
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.