Өлі-тірі
Повесть
Қадірлі оқырмандар, Janr Жетісу әдеби клубы республикалық «Жетісу көктемі» прозашылар байқауын жариялаған болатын. Байқауға келіп түскен шығармалар, автордың аты-жөні көрсетілмей реттік нөмері бойынша жарияланып, жүлдегерлер қазылардың шешіміміен анықталатын болып белгіленген. «Жетісу көктеміне» келіп түскен №9 шығарманы назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Өлі…
1997 жылы университет таусып бір күн үйге қондым да ертесі аудандық әкімшіліктің жазба аударма бөліміне жұмысқа кірдім, Табыс деген арық қара жігіт бөлім басшысы, анда-мұнда шылқиып ішіп алып қорғасын жұтқан шөже қораздай, ұзын мойны бір жағына қылжиып, көзі алайып келгені болмаса бір мінезді, артық сөзі жоқ, өзі мен өзі күн-түн аударма жасай беретін ертеулі тұрған қой торы сияқты еңбеққор жігіт екен.
Күнделікті аудан басышыларының сөзі бір жеті бұрын алдымызға келеді, Табыс кейде «сен аудара сал» деп, маған қарай сырады, кейде бұл өте маңызды өзім аударам деп көзілдірігін киіп шұқиып отыра қалады. Кәдімгі жардың басындағы жемтігін аңдыған жапалақтай еш қозғалмай жалпиып отырады. Аударма деген өзі бір ауыр жұмыс, тіл білумен іс бітпейді, екі ұлттың ойлау тәсілін, сөз жасам, бейнелеу әдісін, діні мен ділін, салты мен дәстүрін, тарихы мен мәдениетін бойыңа сіңіріп екі адамға айналғанда нағыз маман боласың. Табыс соның өзі, ол екі адам. Бірақ бұндай адамдар өз тепетеңдігін жоғалтып алады. Ол сонысымен де ел есінде қалады, ол бір күні аудандағы Италия аяқ кимін сататын дүкенге барып бір аяғына жаңасын бір аяғына көнесін киіп үйіне кетіп қалыпты. Бұл жақтың елі қиярды тарқамбек деп айтайды, және ерлері базардан көк-сөкті өздері әкеледі. Қытайша оқыған оған әйелі "тарқамбек әкел" деп базарға жұмсайды, атын есіне сақтай алмай «тарқамбек, тарқамбек» деп күбірлеп кетіп бара жастса біреу (біздің жерде танысада, танымасада сәлем берді) ассалаумағалайкум десе, сонда Табыс Тарқамбек деп кете беріпті. Анау түкті де түсінбей қала беріпті. Бір күні үсті-басы шаң болып үйіне келген ол әйеліне иттің астынан қақпа шығып, шайтанарбам мөңкіп жығып кетті депті. Бізде көктемде әр үйде бір ісек байлауда тұрады (бұнда «әйеліміз ұл табады» деп еркек мал жейді). Ішіп алған оған достары ісекті қашан сойасың десе әйелім қозылағанда депті деген әңгімелерімен танымал Табыс Тамыздың тамылжыған таңында «білім басқармасы өз мамандарын биылдан бастап ешқандай мекемеге бермей, тек ауылға жұмысқа жіберетін болыпты» деген әңгімені айтып келді. Аудандық кадрлар басқармасындағы жиен жездем Игіліктің алдына бардым, оның ақылы бойынша бір қойды түнделетіп әкеліп бер деген кісіге бердім, одан кейін мектеп директоры ирілген жыландай қырыстанды, бәрінің басын қосып салтанатты сарайда аспа-төк дастарқанмен тоңындарын жібітіп аудан оталығында жұмысқа қалдым.
***
Көкте күн күлімдеп, күздің тағы бір алтын таңы арайлап атты, мен шәйімді ішіп әртис кимімді киіп, шайтанарбама мініп, сиырдың тіліндей галустүгімді тағып асыға жолға шықтым.
Көше толы адам, абыр-сабыр сапырылысқан жүргінші.
Шайтан арба бұл өңірде мінсең тұлпар, артсаң қара нар, бір үйдің ауыры мен жеңілі сол байқұстың мойнында. Дене шынықтыру пәнінен беретін Ершат пен Долқыннан басққа ешкім де спорт кимін кимей-ақ, дәл осы Алшынбайша туфлиын майлап, барын сайлап, шашын қайырып, ауын айырып әр күні үйінен шығады. Жетпіс мың қазақтың баласы оқитын аудандағы жалғыз орта мектепке кешікпей тез жетуге асыққандар күн сайын осылай жарысады, өмір деген жарыстан тұрады. Үздік оқитын оқушылар екпеттеп құлап кетердей алға ұмтыла жылдам басады, артқы парта да отыратын оқушылар тартыншақтаған бұзаудай шалқая кербез басады.
Шайтаншағының алды-артына ағаштан орындық жасатып балаларын мінгізіп алған жасамыс келіншектерде қара көбейтіп кетіп барады. Жаяулар сағатына бір қарап аяғы-аяғына тимей зулайды. Қызыл қоңыз сияқты таксилер анда-санда сегинал бере жандарынан өтеді, ішінде шашын сиыр жалағандай қозы қарын еркектер шіренеді, деседе көп көлік анау айтқандай көшде шұбырмайды.
Ауланы тұндыра ащы шыққан қоңырау үнімен мектеп сілтідей тынды. Кезінде айдарынан жел есіп, саясаттан сабақ беретін бұрынғы мектеп директорының күйеу баласы Есім бүгінде қақпа күзетшісі. Сарала шапан киіп есікте отырған ол өткен күндерін сағына есіне алды, кімнің баласысың деген кісіге «директор Нұржанның күйеу баласымын» деп шіренуші еді, ол кезде түкірігі жерге түспейтін, жұмысқа алабөртіп келіп сабақ өтетін, мектептен шыға карта ойнап, боза ішетін артынша ақ жыланы аузынан заһар шашатын, үйіне екі күннің бірінде төрт аяқтап зорға жететін...тілін шайнаған ол келіншегіне «мен директордың күйеу баласымын есікті аш» деп ақырғанда көршілердің бәрі сықылқтай күлуші еді...енді міне жалғыз өзі өткен-кеткенге телміре қарайды. Кешіккен оқушыларды тізіп алып, майдан айналдырған Долқынның бір, екі, бір... даусы ғана тыныштықты бұзып тұр.
Екінші сағаттық үлкен үзілісте белімдегі шақырғы шиқылдап болмады. Досым Мұраттың нөмері. Қақпа алдына шығып қоңырау қайтардым. ХХ ғасырдың соңында шыққан шақырғылар әлі ауданда көп адамда жоқ...Шақырғысы шиқылдаса «мені іздеген адам бар» деп паңдана басатын кез...қыз біткен шайтанға тез алданып ондай жігіттерге қызыға қарайды. Нарықтық экономика жандана, адамдардың ойлау жүйесі өзгерді, адам бойында айтуға ауыз бармайтын асылдар ақшаға сатыла бастады... ақшасы барларды «халық батыры» деп табына бастады...
Бір күндік оқу аяқталды, Мұратта қақпа алдына дайын болыпты. Әкесінің емхана бастықтығы оның оқуын құрдымға жіберді.
Сегіз сыныптан соң әкесінің қол астында запас кадр болған. Былтырдан бері оған тықыр таяп, кадрлық статусқа өту үшін Құлжаға мед колижіде ашылған қазақ ұлттық этно медцина бөліміне оқуға барған. Өз ұлтының ұшан-теңіз мәдениетін осы ардан білді, «аяғы ауыр әйелге түйенің етін жегізбеу, жұмыртқа аузына салдырмау...туылған баланы қырқынан шығарарда қой қораның әр жерінен кепкен қырық құмалақты теріп әкеліп, судағы күміс сөлкебайлардың жанына салып, бірнеше шөптің күлінен жасаған сабынмен баланы шомылдрудың себебін, ер жігіттің қанжығасында жүретін қыл арқан сырын, орта жас ердің белінде жүретін белбау құпясы» бәрі-бәрі тұнып жатқан қазақ медцинасы екенін ұқты...әр жерден терілген құмалақ баланы түрлі ауырудан сақтайтын бүгінгі вакцина рөлінде болса, күміс таза дезенфекция, ал алабота, тікен шөп, қалақайдың күліне жылқының майын қосып жасаған сабын тері ауыруның қай түріне болсада ем...қазақтану деген ғылымды барлық қазақ оқу керек деп ойлаған сонда бұл Мұрат. Биыл екінші жыл, көп нәрсені көкейге түйіп өз ауылына практикаға келе жатқан беті.
Сан мың түсті нұр батыстан горизонтал бағытпен тарап жер бетіне басқаша рең береді. Мектептен қайтқан адамдар шоғыры жөңкіле аққан топан судай тасқындауда... Сағым ойнаған сәуленің арасында көктен түскен періштедей бөлекше бір сұлу қыз пайда бола кетті. Ертегідегі аққу бейнесінде келетін арудың дәл өзі дерсің, ерттелген аттай денесі ерксіз көз тартады, шымқай қара қодани костюм шалбары аппақ нұрлы жүзін одан сайын аша түскен. Кере қарыс кең маңдайы күнге шағылыса жарық-жұрық етеді. Мұратқа жымия амандасты. Жымиғандағы екі ұртының ұры шұңқыры қызды одан бетер сұлуландырды, менің жүрегім дыр етті, үлкен де емес, кіші де емес құп жарасқан қыр мұрны сондай әдемі, бота көзі мөлдіріп төгіліп тұр, кең кеудесі, сұңғақ бойы, қолаң шашы, сымға тартқандай сымбатты бітімі мысық мұрт бала жігіт мені естен тандырды. Өзімді ұстай алмай буын-буыным қалтырап тісім-тісіме тие қалшылдап кеттім, жерден аяғым көтеріліп бара жатты...
Өне бойыма өрт кеткен менің құрсүлдерім ғана состиып Мұратттың жанында қалды, даңғырлай сөйлеп жатқан оның бір сөзін де түсінбедім...
Ол қақпаның арғы шетінде әлде біреуді тосып тұр.... Су жаңа шайтан арбасыда өзіне арнап жасалғандай, бек жарасымды. Қыз аяғының жиегіне болымсыз жұққан шаңның өзі мен үшін жаһұттай жарқылдады. «Бұл қыз кімді күтіп тұр?» деп, менің ішім қылпылдап қызғанып барамын. Жеңіл басып қақпадан шыққан сары шашты кішкене қыз «әкпе» деп бас сала, мойнына асылды.
Бөлек факультте оқысада «жерлес аға» деп, кездескен сайын жымиа амандасып өтетін оған Мұрат жылдамдата жетіп, қарындас бізбен бірге кешкі ас іш, деп өтініш жасады менің хәлімді байқап. Тосын ұсынысқа тосылып қалған ол, «жоқ аға, мен асығыспын» деген жауаппен паңдана кете барды. Қыз пәк болған сайын паңданады...салмағы артады...қадірлі болады.... «Жүрісі қандай әдемі! Кер маралдай керілеген» деп, күбірлей тамсана артынан ішіп-жеп қарадым. Жер-әлем маған алғаш рет сондай әдемі көрінді, бәрі маған мейірлене қарап тұрғандай, жансыз деп жүрген барлық заттардың бәрінің жаны бар екенін алғаш рет сездім, бәрін сондай жақсы көріп кеттім, «жердегі қара құмырысқаны басып кетпейін» деп жерге аяғымды қойуға батылым жетпеді. Қыз сиқыры...қыз магниті... қыз жылуы... қыз оты жүрегіме түсті... жүрегіме түскен махаббат шоғы өнебойымды бір ысытып, бір суытты... бірақ бір түрлі жеңілдеп барамын. Мазасыздана «бәкісін жоғалтқан шалдай» басымды сипай бердім... қыз мүйісті айланып әлде қашан көрінбей кетті...мен әлі қарап тұрмын... қыз маған қайтып келе жатқандай, құшағын аша жүгіріп келді...таңғала қарап тұрмын... көзімді уқалап қайта қарадым... ешкім жоқ... Мұрат менің кеудемнен түрте рухмен тәнімді бір біріне қосты.
***
Мен қыз үйін нақты білмеседе әр күні кеште сол маңға барып айнолсоқтайтын әдет таптым... оны қыз еш білмейді... мен содан рахаттанадым...олай етпеген күні ұйқым келмей дөңбекшіимін. Бір күні дағдылы әдетіммен сол маңда қиялданып басқа әлемде жүргенмін, жуан балтырдан бірдеңе қыса қалды. Жалыт қарадым. Артымда үлкен қызыл төбет тетір айналып кетіп барады...Неге екені белгісіз мен қабағат қуандым, жақсылыққа жорыдым. Құдды қыз өзі келіп сүйіп алғандай бақыттан басым айналды... Иттің артынан еріп сол үйге бірге бардым...итте өз қателігін білді-ау дейімін, басын төмен сала аяғын сүйрете басып бір ауладан ішке енді...апамның «иттің өз жүнін күйдіріп қапқан жерге тарту керек, болмаса адам жаман ауыруға тап болады дегені» есіме түсті. Айғай салдым, үйден адам шықты. Итіңіз балтырымды қанатты. «Менің басқа дауым жоқ...ол ит-қой...сіздер тек маған бір уыс жүнін қиып берсеңіз болды» деп өтініш жасадым. Ит иесі ілезде итін ұстап жүнін қиып күйдіріп күлін аяғыма салып, жақсылап таңып берді...Мен ақсаңдай басып қыз үшін берген бодауыма қуана-қуана үйге білдірімей келіп ұйқтадым... сол күн түс көрдім.…
***
Жатсамда тұрсамда қиялымда түнеген ғашығым түсімде мені анадайда күтіп тұр, мен қуана ояндым. Студент кезімде «менен көп сабақ сұрамаңдар, махаббатасып жүрмін» деген ағылшын тілінен беретін апайымның сөзі есіме түсті. Иа, ғашықтық- ауыру. Барлық нәрсеге ғашығыңның көзімен қарайсың. Тезектің астындағы қара қоңызда саған сондай сүйкімді көрінді екен. Бала кезімде Мұқан ақсақалдың айтатын ертегісінде: бір кісі осы сиырдың жаппасының астынан шыққан қос мүйізді қызыл қоңызды Жартушы неге жаратты екен, бұл неге керек деп ой кешіпті. Аз күннен соң әлгі адам белгісіз ауыруға шалдығады. Бармаған жері жоқ, еш ем болмайды. Амалы таусылған ол халық емшісіне барады. "Сенің жалғыз емің боқтың астында өмір сүретін қос мүйізді қоңыз, соны жесең жазыласың" дегенде өзінің Жартушының ісіне араласқан келеңсіз ойына опық жеген екен дегені есіне түсті. Иа, бұл өмірде кездейсоқтық деген болмайды бәрі Алладан деп, Мен сондай бір шаттандым. Көңілім тоқ болды, «Алла қаласа ертең-ақ сол бойжеткенге кездесем» деп үміттендім.
***
Қытайлар бар күшін салып өздерін жаулаған монғолдарды алдымен қытайластырды, неге екені монғолдардың тілі барлық тілге бейім. Қытайшасы өлшемді, қазақшасы да бір ізді. Сондықтан да универді жаңа тауысқан ұзын бойлы арық монғол қызы қазақ балаларына қытай тілінен сабақ беруге келді, бойдақ қыз жатақханада жалғыз тұрды, аталарынан жоңғар шапқыншылығын көп естіген жігіттер бір-ақ түнде ащы суды ұрттап келіп, есікті шағып қызды жалаңаштап терекке таңып кетіпті. Осы оқиғадан кейін мектеп ауласы тас түйін қоршалды. Өз жерінде бай қытайлар қатын баласын ауылдарына тастап, «Батыс өңірді зор күшпен ашамыз деген сылтаумен» мемлекеттің қолдау қаржысын алып Шинжяңға ағылды. Солардың бірнешеуі біздің ауданға келе сала қаланың дәл ортасындағы мектеп айналасына көзі түсті. Қымбат бағамен сатып алып зәулім сауда кешендері мен сан түрлі тірлікке бейімдеген жалға беретін алпауыт құрылыстарды тұрғызды. Бүгінде мектеп айналасы ығы-жығы адам, іздегеніңнің бәрі осы маңнан табылады. Еліктегіш оқушылар қақпадан шыға ұлттық тамырын жоғалтты.
Сарала жапырақтар жерге түскен күні мен аяқ киім сататын дүкенге жалғыз бардым. Сұлбасы ғашығыма қатты ұқсайтын қыз тетір қарап аяқ киім көріп тұр. Өзіне жарасымды домалақ жамбасы женси шалбардың ішінде көзіме оттай басылды. Әйелдің бөксесі әу бастан ана болуға дайындалып бөлекше жаралған-ғой. Талдырмаш денесі тіптен есімнен тандырды. Жанына жақындадым иә, соның дәл өзі.
-Сәлеметсіз.
-Сәлеметсіз. Сіз мені қайдан танисыз.
-Есіңізде болса, өткенде мектеп қақпасының алдында көрдім. Сіздермен бірге оқитын Мұратың досымын.
Ол үнсіз төмен қарады, екі бетінде алқызыл нұр ойнап, домалақ жүзі сондай сұлуланып кетті. Аузы қандай оймақтай... көзі, қасы, қандай...Жұмақтағы хор қыздары осындай болар деп мен шексіз сүйіндім.
-Маған бір аяқ киім таңдап берсең қарындас.
-Мынау қандай...
Қыз таңдаған сәлғана өкшесі бар қара бәтіңкені киген мен дүниедегі ең бақытты адамға айналдым.
-Ал сен өзіңе ұнаған біреуін таңда дедім.
Оның есіне жетінші сыныпта оқып жүргенде латария билетінен кір жуғыш машина шыққан кезі түсті, сонда әкесі: «бұл дүниеде ешқашан тегін нәрсе жоқ» деп, алдырмай қойған. Қазір аяқ киім алса бұл жігіт ақшасын төлеп жібергелі тұр.
-Маған ұнаған аяқ киім жоқ екен.
«Ал онда мен аяқ киімді жуып берейін саған» деп мен сөз таптым, екеуміз кешкі шапақта дүкеннен шыға жақын жердегі атақты Маметжан лағманханасына келдік. Әп-сәтте буы бұрқырап қолдан созған лағман алдарына «же, мені деп» дайын болды. Үстінде кілең ет, оның бетін жұмыртқа қымтай жапқан, дәмділігімен ауданға аты шыққан. «Ғашықтың тілі үнсіз тіл» деп екеуі де үнсіз, сыртта сөйлеп тұрған мен ішке кіре жынын алған бақсыдай жуасып қалдым, қарсы алдымда отырған сұлу қызға құмарлана қарадым, балаша езу тарттым, жымидым, жігіт қараған сайын қыз төмен қарады. Өзімді, отбасымды таныстырған мен "туысым болып қалмасын" деп, қызды ептеп сөзге салдым....
Кере қарыс маңдайы жарқыраған қыздың болмыс бітімі бұл ауданның адамдарынан бөлекше, рең басы сондай таза және өзгеше нұрлы. Әжесі сонау Самарқан текті Қожаның ұрпағы болып шықты. Атасы кезінде ақын Көдек Маралбайұлымен бірге Тәшкен, Бұқар, Самарқан барып тапқан жары екен. Иезит хандығы кезінде Кербала шайқасында екі дүние сардары Пайғамбарымыздың (с.а.у) сүйкті немерелері Хусейін (р.а) шаһит болған соң ардақты Пайғамбарымыздың ұрпақтары орта азия жеріне қоныс тепкені тарихтан белгілі дегенімде маған қыздың іші жылып сала берді. Қызда қуанды, жігіт текті жерден тарған ару қызбен кездескеніне қуанса, қызда өз алдында отырған дөңгелек жүзді, аққуба, ат жақты, көзінде оты бар оқыған білімді жгітпен кездескеніне қуанды.
Ғашықтық отым лапылдап жанған мен қыздың алдында қанаты күйген көбелектей күй кештім, аузымнан сөзім, қойнымнан бөзім түсіп бүгежектей ебім қаша берді. Қызды жақсы көргенім сондай, оның бір тал шашын майыстырмауға іштей өз нәпсісімен серттестім. Ғашығың сен үшін қашанда аспадағы шолпан жұлдыз, оны тек бағалап, қадірлеп аялау міндеттің деймін өз өзіме. Сұю деген міне осы. Өз салмағымды жоғалтқан мен кібіртіктеп ештеңе айта алмадым. Мың ойланып, жүз толғанып ақыры «мен сізді жақсы көріп қалдым» деп, зорға айттым. Қыздың екі беті ду етіп күлгін нұр бөлменің ішін жарық еткізді, кең маңдайы одан бетер жарқырап кетті. Үндемеген үйдей жауап деген осы, «ашуландырып алдым ба?» деген қорқынышымнан әзер айықтым. Далаға шықтым, мақпал түн, көше шырақтары жанған. Жұлдыздар қуана жымың-жымың етеді. Айда бізді құттықтағандай күлімдеп тұр, ағаштар болмашы күзгі самалмен бір біріне сыбырлап қызбен жігіттің адалдығын, шын сүйгенін жеткізіп өзара бөлісіп тұрғандай. Мүлде басқаша әлем.
Үйіне жеткіздім, қолымды кеудеме қойып үнсіз бас изей қоштастым, былай шыға шайтан мені қатты жазғырды «жайшылықта ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас», неге сонша үнің ішіңе түсіп кетті. Ез, ынжық жігіт екен деп, қалды-ау, қыздар негізі өжет, жан-жақты піскен жігітті жақсы көреді. Неде болса қыз үйінің телефонын алғанына қуандым.
***
Ғашығымды ертіп сәнді сарайда, әдемі дастарханда, төре табақ тауық етін жеп жүрдім. Ол практика көріп жатқан емханаға кештете барып үйіне жеткізем. Бірақ шайтан қанша азғырсада оның қолын ұстамадым, қараңғы түнде де жабысып жақын жүрмедім. Жанымда ол барда менің айналам нұрға толып, бақыттан басым айналып өзімді қоярға жер таппай кетемін. Тағы бір күні кештетіп оны үйіне ертіп бардым, "әжем ауырып қалыпты әкем інімді ертіп ауылға үлкен үйге кеткен, менен басқа үйде ешкім жоқ, әкпем бар еді ол келмепті, оның құрбылары көп кейде келмей қалады"... деп күмілжи маған шынайы сенген жүрекпен тіл қатты. Анасы қайтыс боларда, әкесі "мен саған екі дүниеде адал боламын, біреумен үйленіп қыздарымды өгей шешенің қолында жәутеңдетпеймін, сен алаңдама, кейін менде барамын, қабырыңның жанынан орнын қалдырып қоям" деп бақылдасыпты атау кересін беріп тұрып жарына.
Сасқалақтап «онда мен сені қорқытпай жаныңда болайын» деп өз сөзімнен өзім қорқып кеттім, қыз үнсіз қалды. Сол күн мен қыздың жанында қондым. Аттай тулап жүрегім алғаш рет қыздың жанында жатырмын, өзіме өзім сенер емеспін, тәнім бе, рухым ба деп денемді сипап қоямын. Алма мойын ару қасымда жатыр. «Оның бір тал шашын майыстырмаймын» деп өзіме берген сертімді қайта-қайта есіме алдым, жанында жатқан қызға еш қол созбадым. Шайтан сан ойлармен мазалады, мен өзімді зорға тежеп жатырмын, «шын сүю, махаббат деген осы шығар». «Ертең үйленсем жақсы, егер тағдырма бұл қызбен үйлену жазылмаса, байқұс қызға болшақ жары өмір бойы бетіне салық етер» деп оны аядым... «Иа, бұл сенің жарың, үйленесің, одан ажырап қалмауың үшін де осы орайда құшағыңа ал» деп шайтан тоқтаусыз сыбырлай берді, нәпсісім күшейіп, жыланым жыбырлап інінің аузында қыдип ендігі қимылды аңдып тұр, қараңғы түн, олда үнсіз, менде үнсіз, шайтан мен нәпсі қан тамырымның ішінде бүлкілдеп соқты, қыз «кет ары емес»... «үйде ешкім жоқ дегенді айтқанда-ақ, қыз өзін арнады саған» сыбырлады шайтан.... жо...жоқ, ол ондай қыз емес, ол көкте нұрдан жаралған, кіршіксіз пәк қыз... маған сенген соң айтты деп қызды ақтадым. «Мен оны сондай жақсы көрем, ақ некеміз қиылмайынша оның қолында ұстамаймын, оны осылай сүйдім, осылай аялаймын» деп тісін тісіне басып зорға жаттым. Қыз әлде қашан жеңіл пысылдап ұйқтап кетті. Мен басымды көтере қызға қарадым, сүттей ажары терезеден түскен аймен шағылысады, оймақтай аузынан сүйіп алғым келді, шайтан қабағат қуанды, менің көз алдыма әкем келді. Мен қайта төсекке құладым. Шайтан зар еңіреп жылып жіберді. Мен ақыры шыдамадым, болмаған соң оны ойлап, сол оңбаған бір тамшы лат суды өзімен өзім алысып сыртқа шығардым-ау. Ұһ деп, рухым аспанға ұшты, сосын жайланып ұйқыға кеттім. «Көршілері көріп әңгіме болмасын» деп, қызды ойлаған мен таң атпай, жерге жарық түспей, қыздың да ұйқысын бөлмей, елге көрінбей кетіп қалдым. Қандай адалдық...Махаббат тазалықтан келеді... Барша ғаламды ғашықтық ұстап тұрады, тақуалар Аллаға ғашық, ана бала махаббаты... қыз жігіт махаббаты... туған жерге, ақшаға...…
***
Төбеде күні, жүрегінде махаббат сезімі тасқындаған мен әр күні кеште оның жұмысына қарай
аршындай қадам басамын, менен әбден көңілі қалған шайтан кей күн ерсе, кей күн ермейтін болды. Қызым жанымда барда мен сондай жеңіл жүремін, құдды көкте үшіп келе жатқандай күй кешемін, бақыттан басым айналып мас болдым. Сол түннен кейін ол маған туған ағасына сенгендей сеніп кетті. Практикасы бітіп оқуына Құлжаға барғанда жиі-жиі барып тұрдым, қонақ үйге бірге жаттық, шашына қолым байқамай тиіп кетсе өне бойым дір етіп, шошып ояндым. Жанымда жатқан аруды аялай жүрегімен елжірей сүйіп, балқып ұйқтадым.
Махаббат деген ескі нәрсе бірақ оны әр жүрек жаңартып отырады, тағдыр сыйлаған ақ жүзді аруға көп шүкіршілік еттім, соған қуандым, ерте есейген достарым ерте мұңданды, ащы судың айналасында «күнім-жаным» деп жыласа, бір ақын досымның «әй, сен қыз! сен бе бәлем, бүлдірдің бақытымды көрген әрең» дүңгеннің арық қызына жазған өлеңі бүкіл ауданға хит болды, сол кезде мен бұл барып тұрған «әлсіздік» деуші едім, міне енді өзім сол әлсізге айналдым. Сол ақын досым кейін үйлі-баранды болып көп қабатты үйге зорға қолы жетіп көшіп барса тура қарсы беттегі көршісінің әйелі өзі өлең жазған арық дүңген қыз болып шықпасы бар ма! Ол өлеңін студент кезінде сұр бойдақ шағында жазған, сөзге жан бітті деген осы болса керек. Шын махаббат тек мейірлі, адал адамгершілі жоғары жандарға тән қасиет. Өткінші өмірде адам болып шын ғашық болмау ол өкініш.
Мен апта соңына ғашығымды сағына зорға жетіп Құлжаға тартып отыратынды шығардым. Өстіп жүргенде мен сaры дaлaны сaғындым. Ата-бабамыз кім болғанын іздей бастадым... Сaқ, Ғұн, Үйсін және Түркілерге қaтысты тaрихтың aстын сызып оқыдым. Өз бетімше қaзaқшa деп орыс aлфaвитін жaзып aлып, оғaн қaйтa-қaйтa мaшықтaндым. Бір күні тaң aтa түс көрдім, түсімде кең дaлaдa бaбaлaрымның бaс сүйегін қызыл көз, кaртоп мұрын біреулердің доп қып теуіп бaрa жaтқaнын көріп шошып ояндым. Қaбaғым түксиіп, жaным жaбырқaу кеш бaтып, осылaй мұңлы жaнaрымен ұйқығa кеттім. Көз aлдымдa ғашығым күлімдей келді. Оның ботaдaй көзі, aшық мaңдaйы, үйрек aузы, бүйрек беті, өте-мөте екі жaқ ұртындaғы қос шұқыры мені жұбатады.
Қазақстанға көшетіндерің қарасы көп болмаса да екеудің басы қосылса тарихи отандары туралы әңгіме айтыса бастады. Менде ел қатары паспорт жасатуға делдал шалға ақшасын беріп қойдым, шақыру қағазы қолыма тиді. Аудандық сақшыға құжаттарды өткізіп қазақтың жалғыз отанына кетуге қам жасадым.
-Жаным менің, біз Қазақстанға кетеміз. Қыз үнсіз.
-Қазақтың өз отаны бар, ол Қазақстан. Қыз тағы үнсіз.
-Неге үндемейсің жаным-ау. Қыз егіле жылады.
-Не болды саған. Сен жылама, бізді ешкім бөле алмайды.
-Әкемнің Қазақстан туралы көзқарасы мүлде басқа, «екі адам қалса мен соның біреуі болып осында қаламын, біреу болса мен сол қалған қазақ деп» өткенде бізге таңғы шайдың үстіде айтқан. Оны неге айтқанын білмеймін.
Екеумізде үнсіз қалың ойдың ішіне қамалдық.
-Әкеңнің ойы өзгереді. Мен саған шақыру қағаз алдырайын, сосын әкеңе айтпай паспорт жасата берейік. Мүлде әкең көнбесе мен сені Қазақстанға алып қашамын.
-Әке ризалығынсыз біз қалай бақытты боламыз, баяғы қашқан ғашықтардың тағдырын менен жақсы білесің деп қыз томсырайа қалды.
Құлан иектеп тағы бір таң атты.
***
Әулетімізбен көшіп кетер уақыт таяды. Біз көшу шай бердік. Мен қараңғы түнді жамлып ғашығымды тұңғыш рет жеңіл құшақтадым. Маңдайынан искедім, одан ары баруға менің арым бармады. Ол менің аспан көгімдегі жарық жұлдыз, мәңгілік күш берер таусылмас азығым. Сенсіз өмір маған бос... Қыз жылады... мен үнсіз шекесінен искедім...
Екеуміз бір бірімізге қарап еш тоймаймыз. Бас салып оны сүйгім келеді, бірақ арсыз, ұятсыз нәпсінің еркіне көнбедім. Еркелей назданған ол «мен сен туралы апама айттым, ол кісі ертіп кел көрейін» деді.
Нұрлы жүзді әже мен келгенде орнынан тік тұрып қарсы алды, шекемнен искеді. Менің екі бетім оттай жанды. Ол қатты қуанды.
Алайда қыз әкесі қызын Қазақстанға бермеуге қатты бекіп барлық жоспарды бұзды. Қызын үйге қамап қойды. Мен Алматыға келдім... Қыз суретіне қимай тесіле қараймын.... «Қарағым-ай» ды ыңылдай айтамын...
Оны түнде айдың бетінен көрдім, иен далада даусын естимін...таңғы салқын самалда оның нәзік күкісі құлағыма сыңғырлай келеді...оның күлкісін жел алысқа алып кетседе, бірде қайта әкеледі... судың сарылынан оның алыстан салған әсем әнін естимін....Құстар қыз сәлемін жеткізгендей көп сайрады....баяғы жұлдыздар тағы жымың қаға қарайды....мен бақыттымын деп айқай салдым...
***
Біз көшіп Алматыға жазда келдік, келесап киіз үйге кірген едік.
Шекардан өтіп ата-бабмыздың бас сүйегі қалған Шарынның бойында шүкір сәждесін жасап, бұрын келген ауылдас ағамызды пана тұтып Алматы облысы Ашыбулақ ауылына темір түйемізді шөгердік. Ауыл шетіндегі алаңқайға киіз үйді тігіп отырдық. Қара машина мінген суық қабақты, жуан мойын екі жігіт келді, есік алдында тепсіне орысшалап бірдеңелер айтты, ындыны бізге сендерді бұл жерге отыруға кім ұрқсат берді деп тұрған сияқты. Ей балам, «менің әкем осында туған» деп әкем алыстан сөз бастап еді, басын шайқаған олар «бұл біздің жер табаныңды жалтырат, екі күннен соң келеміз болмаса әңгіме басқа деп» дүңік етті де, кері бұрылып бір будақ қар түтінін тасап кете барды. Шешем байқұс быжалақтап қайдан келдік бұл елге, сен-ғой Қазақтың жалғыз отаны Қазақстан деп, баланы одан ары желіктірген. Не дерін білмеген әкем, бұл жерде әкімшілік жоқ па? Балам сен әкімді ізде жағдайды айт деп, маған қарады. Шынмен бәрін көшіріп әкелуге себепкер мен едім. Менен кейін үш інім. Ағамның екі ұлы, әкпемнің бір ұлы, інімнің келіншегін қосқанда үркердей 10 жанбыз. Бәріміз ішімізден бекер келіптік деген ойдың тұңғиығына батып барамыз. "Әкімдер тек жер сатады, одан басқа түк істемейді" деген естіген сөзім бойынша үйден шыға жерлесіміздің үйіне бардым. Мұрнын шүйіре қараған ол кәдімгідей жергілікті болып қалпты. Тампыш танауын көтере сөзімді сараң тыңдап, «қазір деп» үйіне кіріп шапан киіп тысқа шықты. Осы ауылда бір бос үй бар, соған барып сөйлесейік деп, күмбірлеп қояды.
Ертемен боз үйді жығып, там үйге уақытша кірдік. Бес бөлмелі үйде мәре-сәре бой жаздық. Кешегі түстері суық екі жігіт түнімен түсіме кірді.
22 күннен соң Ұзынағаштың Жайсаң ауылына көшіп келдік. Үй сатып алдық. Орыстың ескі үйі болғанмен заманның жақсы үйі болғаны көрініп тұр. Қызыл бес жұлдыз, орақпен балға үйдің әр бұрышында қызыл түспен нақышталған. Өз үйің өлең төсегің дегендей шалқалап жатып ұйқтадық. Ертемен жергілкті әкімге бардым, әкім орнында жоқ. Ақыры бір жетіде үйінен таптым. Үй салатын жер сұрадым. Ол менен бірдеңе сұрағысы келеді, аузы қимылдамай, иығы қозғалады, саусақтарын сықырлата дыбыс шығарады. Менде иығымды қозғап, басымды изедім, олда біле қойды. Екеуміз дене тілімен сөйлестік.
***
Өзіміз Қазақстанда болсақ та рухымыз қытайда, туған жерді еш естен шығара алмадық, көзімізді жұмсақ та ашсақ та өткен күндер кино лентасындай шұбырады да жатады... Е... ол жақта үйіміздің алдыңғы жағында ені екі метірлік нәбес бар еді. Қысы-жазы үсті жабылған бидай тұратын. Ұн таусылайын дегенде бір мүшекті (қап аты, 90-100 кg) арбаға салып көрші Ли Голың деген қытайдың ұн тартатын цехна апарамыз, ол байқұс дарылдатып заводын іске қосады. Ащы дауысы алысқа кетеді. Бір жағына ұн бір жағына кебек шығады, ағаш сандықтағы ұнды төрт бұрышты күрегімен әдемілеп салып береді, тек қаптың аузын ашып тұрсаң болды. Бір тиын алмайды, недеген жақсы қытай деп, іштей сүйініп кетесің, ұнды арбаңа салысады да артыңнан туысын шығарып салған адамша ыржиып қарап тұрады. Сөйтсек ол ақысына бидайдың ең соңғы кебегін алады екен. Бұнда сол бидай жоқ, енді аш қалатындай қамықтық, ұнды базардан сатып аламыз десек, шешеміз сатып алғанның не берекеті болады деп, күмбірлеп жүрді...
Ли Голың биік дуалмен қоршаған ауласының ішін толтырып көкөніс егіп қойған, көршісі Доқытрбайдың апасы құрт беріп, сүт беріп тең бағалы айырбас жасап көк сөкті содан алып жүреді, бір күні апа сыйрға шөп салғалы қорасының төбесіне шыққанда Ли Голың ауласындағы көк-сөктің үстіне сиіп тұрғанын көреді. Ой бай көтек, деп қорадан үшып кете жаздапты, содан қайтып қытайдан ешқандай көк сөк алмайтын болыпты.
Он бірінші сыныпты үздік бітіріп ауылдағы жалғыз үлкен дүкеннің алдына жапсырған жарнамалық парқшада менің есімім екінші болып тұрып универге түстім...қыстық коникол ауылға келдім Мұрат досым алғашқы күні-ақ мұң шақты, Баһаргүл деген қызға өлердей ғашық болдым, бірақ ол маған көнбей тік секіріп тұр, сенің көмегің керек, шынымен біздің абырой бұл ауылға жетіп тұр...алақандай ауылдан бар-жоғы төрт бала жоғары оқу орнына кеттік... мен қалай көмектесем, оның досы Армангүл сен дегенде ішкен асын жерге қояды, сол қыз «сені маған келтіріп берсең мен сенің ғашығыңды оңай мақұл дегізем» деп уәде беріп отыр. Ай, сендер недеген қызықсыңдар сонда мен оны ұнатпаймын, Баһаргүл сені сүймейді, сондада қолға түсірсе болды жуасытып алатын мал сияқты тірліктерің сұмдық-қой. Менің онсыз күнім атып, кешім батпайды, маған жаның ашысын, ал ғашығым мақұл десе алып қашып кетемін, баяғыда бесік құда, бел құда болып та біздер тулдық емес пе? Ал сен мен үйленіп алған соң өзің біл...ұнатпасаң өз жөніңе кете бересің...ағаш қазан бір қайнайды деген бір қайнат деп Мұрат қолқалап болмады. Мұрат тезден ертесі кеште ағасының үйінде отырыс жасады. Баһаргүл, Армангүл бас кейпкер, Азат, Озат, Созақ сынды ауылдың жігіттері, Гүлмахан, Жанымхандар отырыстың гүлі болды. Қызыл туфли ақ шалбар киген негізгі кейпкер шашын төбесіне түйіп, қысқа көйлек киіпті. Бәлкім оған бұл ақылды анау бәрін бүлдіріп жүреген аласа бойы, пұшық мұрын, қолтығының исі алысқа жететін Армангүл берген-ау шамасы, өзі көк туфли, сары шалбар киіп, шашын жайып алыпты. Дәл сол күні ауылда төк жоқ, отырысқа шақырылмағандардың ішінде, қыздардың біріне ғашық, не жігіттердің біріне тісін басып жүрген біреу болса ауылдағы жылғыз тырансформотарға жалғыз тас атса жетіп жатыр бар ауыл ілезде қараңғы түнекке оралады. Содан кейін өз ұрлықтарын еркін жасай береді. Өте-мөте тауық ұрлайтындарға, қой ұрлайтындарға, өзі әйелі бола тұра көршісінің әйелін аңдып жүретін Саманға біраз нәрсе оңайласады.
Отырыс басталды, шаймен бірге ет келді, оның артынан сары су, көк су, ақ су, оның арасына аздап ащы су қосылды... содан кейін көбі шыжың болып үй айналып далаға шыға берді, үйде негізгі кейпкер Армангүл мен Баһаргүл мен Мұрат төртеуміз оңаша қалдық, мен Армангүлге құрбан болып досыма үйлену есігін ашып бердім. Ол күн солай тарадық. Өмірімде алғаш рет қызбен жүріп, бір түрлі есейіп қалғандай болдым, бар болғаны шынашағымызды ілісіп, бармағымызды тиігізе сөз байластық, соның өзі маған бір талай жаупкершілікті сездірді.
Бір жетідден кейін Армангүл үйіне отырыс жасады. Тура Мұраттың жасағанындай сондағы адамдар, әке-шешсін бір жаққа жіберген болар ол кісілер үйінде көрінбейді. Екі ағасы жағаласып бізге аздап ақыл айтып қатарласа шапты. Одан басқа үлкендер атымен жоқ. Жастықтың жалыны, махаббатың буы бұрқырап тұрған біздер қайтып ақыл тыңдаймыз...өтірік бас изеп қойдық.
Сол күні Мұрат Баһаргүлді алып қашам деп атын ерттеп, менде өзіміз берген тор жорғаны құдамыздан сұрадым, екі ат қорада қыз алып қашсаңдар біз дайын дегендей гүрс-гүрс шөп шайнап қалды. Бірақ біз есікті бекітіп шыға бергенде Мұраттың жирен аты тарық еткізіп осырған... біз өз жоспарымызбен әрекет жасадық. Бірақ қыздың әкесі отырыс таруға аз қалғанда келіп қызын өзі ертіп алып кетті. Ауылдың жалғыз сақшысы сол кісінің өзі еді, бәріміз төбемізден жол беріп үнсіз қалдық, жанқұралы шолтаңдап кетіп бара жатқанда тіптен шошыдық. Енді Мұрат екеуміз екі атқа мініп Қотырхай ауылына тарттық, онда Мұраттың бұрын бір сөйлесіп жүрген қызы бар еді Баһаргүлдің ызасына тәп соны алып қашып келемін деп өрекпіп бой бермей болмады. Жеті шақырым жолда желдей ескен біздер ілезде жетіп бірден Жамиланың үйіне бардық. Қыз ауданға кетіп қалыпты. Амалсыз кері қайттық.
Сорпасы шыққан аттарды қаңтарып байлап тастап өзімізше ой түйдік. Енді не істейміз, ана Баһаргүлдің әкесі мүлде Мұратқа қызын беруге қосылмайды деген сөз. Зорлап алып қашсаң қылмыс, Баһаргүлдің өзі де Мұратқа мақұл дегені менің аржақ бержағым, олда досы Армангүлді көпірден өткізуге келсікен сияқты. Мұрат оны алып қашамын десе, ал мына Армангүлдікі сонда не жорық...тең бағалы айрбас.
***
Бізге үйін сатқан орыс көк итін тасап кетті, жуынды құйғалы барсақ бізді оралман деп тамағымызды ішпей дөң айбат көрсетеді. Қараңы түсе ауылда есектер орысша аңырайды...оның аржағында «пидараз, ёптваюмать» деп қылғынған жігіттің жағымсыз даусы құлаққа келеді...енді көзіміз ұйқыға тығыла бергенде орысша миаулаған мысық мазамызды алады...Әлгі оңбаған ит тағы ұлды...иесіне көрінгір деп шешем күбірлеп жатты...Бір жеті тамақ ішпеген иттің екі қабырғасы санап алардай болғанда зорға дәм татты-ау ақыры.
Азанмен тас жолға шығып, машина жақындай бере қолымды аспандата көтердім, көліктің еш қайсысы тоқтамай жүргізуші де қолын көтеріп өте берді, бір кезде қолым талып жерге түсіргенім сол өңкиген қара машина келіп тоқтай қалды, рөлде дәу қара еркек қатын. Жанында мойны екі иғына жабысқан, талпақ танау бір ер адам отыр. Алматыға да жеттім, әлем-жәлем қала, сан адам сапырылыса арлы-берлі шұбырады, бәрі бір біріне ұқсайды, жастар көп... көзіме ең алдымен түскені сирағы ұзын әдемі арық қыздардың тік тұрып көшеде самса жеп тұрғаны жүрегімді ауыртты. Байқұс ақшасы жоқ-шығар деп ойладым. Сәлден соң олар жіп-жіңішке ұзын темекіні құшырлана сорып түтінін көкке үрлеп тұрды.... Бананды бір талдап сатып алған адамды көрсем ішім ауырды. Әлде кімдер сағат сұрайды. Қандай таңғажайып ел, көзіңді жұмсаңда кетпейтін көріністер...еш қабылдай алмай мазам кетті... олар қазақ емес...қазақстан деп басқа елге келіп алған жоқпыз ба деп маңдайшалықтарға көз салам бәрі орысша, ағылшынша жазулар...
Аңқам кеуіп аңызақ күн құжат жасадым, қағаздан үй салып отырғандар сан құбылтып әбден титықтатты, кеш бата вагзалдың маңындағы (кейінгі кезде өздері іздеп келіп жиен болған) ағамның үйін таптым, үйлері жұпыны болсада еш қабақ шытпады, жиен жеңгеміз кең мол пішілген алпамсадай қолы кең кісі, темір жол бекетінде әжетханаға кірігендерден ақша алып отырады. Табысы жаман емес сияқты. Дастарханы мол, шайы қайнап, жанары жайнап тұр, Түркістаннан бөле әкпесі келіпті. Еркек пішімді жұдырықтай мұрны мен дөңкиген қабағы бар еркек қаттының өзі екен Есекті алғаш көріп байқастаған арыстандай баспалап ақырын сөйлейді. Шамасы бекер кісі емес. Киген кимі, шаш үлгісі бәрі де бір жердің мықтысымын деп тұрғандай...
***
Менің да әке-шешем елуінші жылдары қытайдан келген. Нарынқолда тулып есейіп ержеттік, Алматыға оқуға келіп күйеу тауып қаситетті Түркістан жеріне келін болдым. Бүгінде жанбағысқа ең тиімді арзан қала Түркістан. Алматы, Астана, Шымкент сияқты алпауыт қалада таудай-таудай ақшалардың көшкіні көкте жөңкіліп, дүниенің жанар тауы жер бетінде атылып тұрады, бізде олай емес, жаның тыныш. Екі дүниеге берекетін шашып жатқан түркінің пірі Иассауй атамыздың айналасында қазақтың хан-сұлтандары алыс-жақыннан келіп ақыреттік жамағаттың шоғырын құрап жатыр. Әңгімесі құлағыма жағып барады, адам сөйлескенше жылқы кісінескенше деген. Анда санда жеңгеміз сөзге араласып бұл кісілер өте жақсы тұрады деп қояды. Жиен ағам көп сөйлемейтін томаға тұйық кісі, алғашқы амандықтан кейін жақ ашқан жоқ. Менің жоғары оқу орнын таусып, жұмыс істегенімді естіген қонақ әйел бір Аллаға тәуекел етіп Түркістанға кел, ондағы халықаралық қазақ-түрік университетіне жұмысқа кіргізем, ана қытайдан әкелген лапша шығартын отбасылық шағын цехығыңды да алып кел, онымен жақсылап жұмыс бастаймыз. Сен сияқты болайын деп тұрған жігіт бізге, біздің елге өте керек, ендігісін өзің ойлан деп есім картчкасын берді.
***
Біз ол жылы көктемге дейін қағаз теңізіне батып, құжат жасадық. Қар кетіп, жердің тоңы жіби үй салатын жер алып құрылыс бастадық, он гектар сулы жерге соябұршақ айдадық, Семейден екі жүз қой алдырып қора салдық, жылықы мен сыйрды Жирен айғыр деген жерден бай жігіттен ырымдап алдық, өзімізде осылай көшерде сіздерден ырымдап алып отырмыз деп біздің де малды быраз адамдар таласп алып кеткен болатын. мал бағу, үй салу, егістік бәр бәрін қабат істеген біздер сол жылы әбден шаршадық. Менің қолым қалт етсе ғашығымның суретіне тесіле қараймын, қандай әдемі, қарған сайын көзім тоймайды, қарай бергім келеді, қарай бергім келді, ақ шапан, қызы қоңыр шалбары өзіне құп жарасқан, салалы сүйрік саусақтары ше, паһ неткен сұлу. Оның суреті мен бойдақты Алматы көшесінде тұратын жаман қыздардан сақтады, шаршағанымды басты. Біз «елге келдік деп» еркелеп, ата жұрттан көп нәрсені дәметтік. Тәтті қиялымыз үзілген шақта ғашығымның суреті маған тағы да күш берді.
Қар жаумай үйді бітіріп, соямызды орып, малдың қыстық шөбін де шауып жинадық. Ең жақсысы әкіммен дос болдық, оның өңешіне тығатынды тықтық, ауылда жайлымдық жер мен шабындық жер ортақ екен, сонысы бізді қуантты. Әке-шешеміздің көңілі жайланып, бауырларымның бізді сен көшіріп әкелдің деген өкпесі басылды. Енді өзім туралы ойлана бастадым, жасым отызға келді, «маған қарамаңдар деп» арғы бетте жүргенде қарындасым мен інімді үйлендіргенбіз. Отырған жігіт болған соң әке-шешем алаңдауын ашық айта бастады, елуінші жылдары біздің ауданнан кеткен туыстармыз табылды, жиен, нағашылар бізді іздеп келді, тіпті анау-Қарағандыдан әкемнің бесінші классқа дейін бірге оқыған сыныптасы іздеп келді, әкем енді менің жайымды келген кеткеннің бәріне айтатын болып алды, Алматының ар-жақ бер жағында тұратын жиен нағшылардың таныстарының қызын көругеде бардым, ешқайсысы ұнамайды. Жанашығыштар көбейіп «үйлен деп» қолқа салатынды шығарды, ешқайсысы ұнамады... Түнде айға қарап ғашығыма сәлем жолдаймын...Айдың бетінде иығында әкпіші бар сұлу қыз қол бұлғап шақырады...сыңғырлай күледі...даусы құлағыма анық етіледі...қайтып жоқ болып кетеді....енді үмітім үзіле бергенде қайта қолын бұлғайды... сыңғырлаған күлкі дауысы жанымнан шығады... менің ғашығымның суретіне тесіле қарап отырғанымды шешем көріп қойды, балам бізде шет жағасын естігенбіз көңілің әлі сол қызда болса әкеңді ертіп үшеуміз бір барып көрейік, бір жылға таяп барады бәлкім қыздың әкесі ойланған шығар... мүмкін болса үкі тағып, жөні келсе алып келейік деп ақыл қосты, мен сол түн тағы айға қарадым қыз тағы күлді, кел, кел деп сықақтай күледі. Виза ашытып қытайға жолға шығуға қамдана бастадық...Шонжының Дирмен ауылында тұратын атамның қарындасынан туған жиені қайтыс болды деген хабар келді, бізде содан арықарай болашақ құдаларға баруға ниет етіп үйдеп шықтық. Жиеніміздің орнына барып, Құран оқыдық, бір қонып ертесі аржағында тиіп тұрған қалжат-дулаты кеденнен өтіп кетуді ойлап тұрмыз, біздер енді жүрерге таяғанда сол үйдегі апамыз сендер бір сапарға кетіп бара жатырсыңдар-ғой, жолдарың жабық тұр, ол қызға бір жер құдалық сөйлесіп үкісін қадап қойды...Біз ешкімге ештеңе айтпап едік бұл кісі қайдан білді деп таңдана бетіне қарадық. «Бұл жігіттің жары батыста жүр...сендер шығыстан іздеп жүрсіңдер» деп екі беті домбыға ісінген, қызыл көз апа бізді жолдан тоқтатты. Біз осы сөзден кейін бірден келген ізімізбен үйге қайттық.
***
Ауылда аптап ыстықта тілі аузына сыймай төрт түлік малды бірге зыр жүгіре қайырмақтап бағып жүрген Арықпай шалды көргенде інім туған жерін ойлап жылап жіберді.... Қытайда жер тар дегенмен біздің малды төрт мезгіл бойынша бағатын мың гектар жайлымдық және шабындық жеріміз, мыңғырған малымыз бар еді, жылқы мен сыйырды малым бар деп қарамайтынбыз, жердің кеңдігі сол сауын сыйырлар бұзауы үшін кешке емшегі сыздап мөңіреп өзі келеді, ал бойдақ сыйырды он күнде бір көріп қоямыз, жылқыны жазда қымызы үшін ұстамасақ, қыста көп қарамаймыз, өзі қар теуіп дала жайлымында, ит-құстан аман болса түгел жүреді. Қойды азанда жіберіп үлкен екінтіден кейін жинап келетінбіз. Онда екі магазин аштық, мен, әкем, әкпем үшеміз кетпес бақ, таймас қазаннан ас іштік, үкіметтік жұмысқа басыңды бір сұқсаң ешкім де сені шығарып тастай алмайды.
Мен қытайда қалам ұстап ақжағалы топтың арасында жүрдім, жұмысқа келе сала аудандық орта мектептің комсомалдар ұйымының төрағасы болып, жалындап істеп, отан үшін, ел үшін трактор айдап жүріп аударылып өлген қытайдың өнегелі істерін жаңғыртып, әрі жылы көктемде ел көлемінде өрістелетін «тірі Ли Фың қимылы» аясында елге тегін көмек беруге барлық қол астымдағыларды жұмылдырып талай рет кеудеме өрден тақтым. Аудандық одақ комитетіне ауысып, аудан әкімдерімен бірге облысқа талай рет қысқа мерзімдік курстарға бірге бардым, ондай курсқа тек келешекте биліктің тізігінін ұстайтын адамдар ғана баратыны анық еді. Сонда бірге жүргендер қазір ауыл-аудан әкімдері. Алматыда қытаймен бірлесіп сауда жасап, не малды өсіріп шалқыған бай болуға болатынына көзім әбден жетті, Толыстой айтқандай байлық жиған сайын сасиды...қазірдің өзінде ауламыздан малдың исі мүңкіп тұр...Малды інілеріме қалдырып мен өмір жолымды басқадан іздеуге бекіндім... бөтен елде ұстаған қаламды неге қазақ жерінде ұстамасқа...
***
Күзге қарай мен Алматыдан жүк тиейтін автобусқа екі дәу темірді тиеп Түркістанға жолға шықттым. Көліктің жүргізушісінің тілі жұмсақ екен. Қазақстанға келгелі бері менің жүрегімді алғаш рет жаулаған солар болды. Сөзі майда, өздері асты-үстіңе түседі. Шығыстық жылылық тамаша мінез байқатты. Жолға шыққанша басқа бағаға келісіп, қаладан шыққан соң бағаны көтерді. Жөңкеңдеп құйғып келеді бір жарым қабатты автобус. Сойтсем олар қазақ пен өзбектің ортасынан туғандар екен.
Елім, жерім деп өзеуреп жеткен мен тaғдырдың жүгін aрқaлaп бозaң тaртқaн боз дaлaдaғы Түркістaн шaһaрының келдім. Тып-тыныш, бaбaлaр үні құлaққa естіледі. Қaлa ортaсындa Қожa Ахмет Иссaуи кесенесі көкпен бой тaлaсaды. Бaсқaның бaрлығы aлaсa үйлер. Құрғaқ aуa өңешіңді қуырады, шаңның тозаңы таңдайыңа жабысады. Бірдеңе жетіспейді, жaн-жaғымa қaрaп іздеймін, бірaқ оның не екенін де білмедім, мүмкін баяғы өзім астын сызып оқыған Сaқ пен Ғұн, Үйсіндер рухының бұнда жоқтығы шығар.
Таңғы шайда төрде әкесінің жанында үй шаруасынан алыстығын сояудай тырнағы айтып тұрған, екі беті сопақша келген ақсары арық қызы отырды, жеке меншік қонақ үйінің бас менижері екен. Тапал қара келіншек бәрімізге шай құйып зыр жүгіріп жүр, осы үйдің бар тірлігі соның мойнында, үш уақ тамақ, кір жуу, монша жағу, сыиыр сауу, айран үйту, нан пісіру, есіктің көзіндегі азық-түлік дүкенінде сатушы...ел жатсада ол жатпайды тыпыр..тыпыр, азанда оянсаң ол таңғы астың қамында... бардам үй.. дастарханға не салам деп бас қатырмайды бәрі бар... оның күйеуі осы үйдің екінші ұлы дембелше қара жігіт, шешесінің жанында маңғаз бейнеде аспанға қарайды...анда-сандағана сызыла сөзге араласады, адвакат болып жұмыс атқарады екен. Тампыш тану, жалпақ бет аласа бойы білінер білінбес қисық мойын кісі осы үйдің еркегі бір жеке меншік универстетінде заң факультетінің деканы екен. Соған қарамастан қара апа осы әулеттің бар шаруасын бір өзі реттейді. Қара апа қалалық кітапхан палатасының бас директоры...Қара домалақ ұл апа деп келіп арқасына асылды...Бұл үйде шені жоқ осы қара бала мен мамасығана сияқты.
Біз бүгін бір жерге барйық деп отыр едік сенде бірге жүр деп қара әйел бұйра сөйледі. Шалы, ұлы, қыз, мені алып өзі рөлде бесеуміз Түркістаннан шығып бір сағаттай жүріп шағын ауылға бардық. Көне тоз тамдар, көшеде берен саран адам, әр бұрышта жатқан иттер үруге ерінеді, самарқау шау-шау етіп қояды, биік салынған үйдің алдына келіп тоқтады. Бұрын келіп жүргені анық байқалды, есікті қақпастан еркек қатын қызын ертіп ішке енді, бие сауымдай уақыттан кейін олар шықты, одан кейін бір бірден біздер кірдік. Басында тақиясы бар аққұба орта жас арық сар кісі басын жүрек тұсына қарай төмен салып отыр...қолымен мұнда отыр дегендей ишаралады. Күбірлеп бір деңе оқып бастап кетті. Мені ұзақ оқыды, ана-санда басын көтере «Һу» деп маған қарап қара жел үрлеп қояды. Қайта басын төмен салып тағы күбірлейді. Бір кезде қолының сыртымен шыға бер деп ым қақты. Біздер келген ізімізбен кері қайттық. Енді міне жолымыз ашылды, бұл кісі өзбек молда, жеті атасынан ілім қонған кісілер. Не істесек те осдан кейін ісіміз оңға басады деп көңілдене сөйлеп келеді қара апам. Азанмен мені қазақ-түрік университетінің ректорына еш кезексіз ертіп кірді. Ол білімге жауапты проректорына сілтеді. Кафедра меңгерушісін шақырып сөйлесті. Азанмен жұмысқа кел, бір апта сынақ. Кафедраға бірінші болып азанмен жеттім. Ата мекенде алғаш рет жұмысқа тұруым, қуанғаннан түнімен толқып ұйқтамадым. Жанымды салып елге үлес қосуға іштей серт еттім.
Қазан бас меңгеруші сақал мұрты бетін жапқан елуді еңісерген орта денелі сығыр көз, сары кісіні Алпысбай, жанында отырған, жас шамасы өзіне қарайлас домалақ жүзді, бадырақ көз тапал қара мұғалімді Тұрды деп таныстырды. Ал енді үшеуің өз жұмыстарыңды бастаңдар деп бөлмесінен шығарып салды. Үшеуміз үлкен де жарық бір бөлеге кірдік, біз осында істеп жатқанымызға біраз жыл болды. Сізден ауызша және жазбаша емтихан аламыз, өтсеңіз жұмысқа кіресіз деп сөз бастады Алпысбай қытайша акцентпен қазақша сөйлеп. Ғұндар тарихынан жазылған көне қытай тіліндегі кітаптың үзіндісі он бет қағазды алдыма тасап, "түске дейін мыналарды аударыңыз" деп екеуі шығып кетті. Көне қытай тілін арнанулы оқыған мамандар болмаса оны аудару қиынның қины, аздап аударған тәжирбием бойынша Аллаға тәуекел деп аудармаға кірістім. Қара терге түстім, алты айырығымнан тер кетті, алтыншы бетке зорға итшілеп жеттім, түсте болды, екеуі де келді, аударғанымды көрді де толық аудармапсың, емтиханнан өтпей қалдың, келген ізіңмен кері қайт деп төбемнен суық суды бірақ құйды. Өне бойым мұздай болып тәлтіректей орнымнан тұрып тысқа шықтым. Екеуі де өз жерлесім. «Студенттер қазіргі халықтық тілде сабақ оқиды емес пе, бұлары несі?» деп аз тұрып қайта сөйлескім келіп, ойымды іркіп үнсіз кете бердім. Ілби басып түскі астың үстінде қара апамның үйіне келдім.
-Не болды?
-Білімім жетпеді.
-Қалай білімің жетпейді, қытайда қытай тілінен сабақ берген болсаң бұнда қалай білімің жетпей қалады? Бірдеңе дәметіп тұрған шығар...Ертең қайта барайын ректорға деп қара апам тепсінді...
-Бармай-ақ қойңыз... шын айтам, білім жетпеді...
-Бопты ештеңе етпейді, сен ағылшын тілінен де дипломың бар емес пе?
-Иа.
-Жақсы болды, қалалық білім басқармасында танысым бар, ертең соған барайық онда.
Мен үнсіз...
-Иа, олар ақшаға құнығып алғандар, кеңірдектері де үлкен болуы керек. Мектептің кеңірдегі де кішкене емес, білім басқармасындағы таныстарына азырақ сыйлық жасамасаңдар оларда бірер сылтау айтып жүрмесін.
-Ағаң дұрыс айтады, ертең бірінші базарға барып сосын білім басқармасына барайық.
Тағы таңғы шайдан кейін апамыз екеуміз темір тұлпарды тақымдап базарға барып ары-бері қарап бере қоятын заттың ыңғайын таппадық, киім бірдеңе берсек оған ұнай ма, базарды аралай аяғына шығып ет базар жаққа да жетіп қалыптық, таптым деп, қара апам ақырын сыбарлай сөйледі. Ет алайық, солай ет алдық. Бір аптадан соң гимназияға ағылшын тілінен сабақ беретін мұғылым болып жұмысқа кірдім да кеттім. 8 сыныптарға ағылыш тілінен сабақ бердім. Бір күні түсімде баяғы универде жүрмін. Бұл түсті қатарынан үш күн көрдім. Әкау, бұнысы қалай деп таңдана универ жаққа бардым. Кафедра меңгерушісіне жолықсам сізді жұмысқа аламыз деп төбемді көкке жеткізді. Мені қақпайлаған екеуі не себеп болғанын білмедім өздері жұмыстан кетіпті, себебін менде сұрамадым...оларда айтпады... жұмысқа кіргеніме қуана-қуана жанымды салып сабақ бердім, сабақтан бос кездің бәрінде студенттерге тегін сабақ бердім... Сенбі күні өз топтарма қосымша сабақ ұйымдастырдым...
Мен ол үйге сіңіп кеттім, бір күні қара апам сен жоғарығы қабатқа жат, бір бөлмені саған босатып қойдық деп орнымды ауыстырды. Қос қабатты котеждің оң қапталындағы бөлмге жайғастым. Қарсы бөлме қыз бөлмесі. Қараңғы түн... ой, тәубе бұлар ешқандай екітуып бір қалған туысым да емес, сүйрелеп жүріп жұмысқа кіргізді, жатысым мынау, қыз қарсы бөлмеде... шай ішетін үйдің өзі үш ауызды орта шаруаның үйі, ұлы келіншегімен бала-шағасымен сонда...мен жасым отызға жақындап бойдақтықта буым бұрқырап жүрмін, әку мені неге бұл жерге жатқызды...бұрынғыдай астыңғы қабатта жата бергенім дұыс еді-ау деп қатты қысылдым...бірақ амал жоқ... Қызда қылмыңдап әр күні кеште менің бөлмеме кіріп өтірктен бірдеңе сұрағанысып келеді, мен көп ашылмай кітап оқып отырамын... қара апамның қызымды кафеге ертіп барып пиуа алып беріп, артынан арақ ішкізіп келешек өмірге үйреттім, сол нәрселердің жамандығынан қашыру үшін дегені құлағыма ызыңдап келіп тұрады...ешқашан оның қызға көңілім аумады, осыншма маған жасаған жақсылығына бір қайтарым болсын ба дегендей өзімді зорлап болшақ күйеу ретінде ойлап көрдім...ұшқалақ, арық қыз әйел болып жартыпайды-ау...менің жүрегім тек ғашығым деп соғады, соның суретіне жатарда бір қарап, таң атқанша тыныш жатамын. Әу бастан кемпір де, қыз да маған сондай жылы мәміле жасап, ерекше ылтипат көрсетті, мен қатты мазасыздандым, менде аяғымның ұшымен жүрдім. Лапша шығартын цехтың жұмысы ұзарды, 380v ток көзі болмаса қозғалмайтын нәрсе екен. Оның ақшасыда қымбаттау болып, апам маған асықпа оныда іске қосамыз бір күні дейді. Кеш батты болды менде уәйім нәпсім билеп қыздың бөлмесіне кіріп кетіп, не ол менің қойныма келіп алмасын деп есім шығады...өз ойымнан өзім қорқам... адам рухына әлем Әмірден Алладан нұр түспесе жүрек қарайады, адам өзіне өз дене мүшесіне шамасы келмей қалады. Нәпсінің жетегімен кетеді, өзі ұнатпаған шаруаны да жасай береді...Шайтан ондайда тоқтаусыз сыбырлап адамдардан тапқан достарын саған жақындатады. Есім шыққан мен тағы да терезеден айға қарап сәлем жолдадым...Айдың бетінде иығында әкпіші бар сұлу қыз қол бұлғап шақырады...сыңғырлай күледі...даусы құлағыма анық естілді...қайтып жоқ болып кетті... енді үмітім үзіле бергенде қайта қолын бұлғады... сыңғырлаған күлкі дауысы жанымнан естілді... артынша білген сүрелерімді оқып Аллаға сиындым...
***
Университтетің Академиялық мәселелер жөніндегі проректорының есігін бaғып көп отырдым. Алпауыт құрылыс, ішіне кірсең басымен-аяғын таба алмай адасып кетесің, түріктер салған халықаралық қазақ-түрік унииверсиетінің бас корпусының екінші қабаты. Құлағыма биік өкшесінің тық-тық еткен даусы естілді, маған қарай жақындап келеді, үш орындықтың ең шеткісіне құйрық басты, ортада біреу бос..."бір ізетті қыз екен-ау" деп ақырын ұрлана қарадым, қол-аяғы балғадай әдемі әппақ қыз. Бір кезде бaлaшa қуaнғaн қыз «бaстық» деп айқайлaп жіберді. Аласа бойлы бір кісі каридордың ана басында тaлтaңдaп нaйқaлa басып келеді. Қызға тағы қарадым, ғашығыма ұқсайды...
Өзімнен кейін бaстыққa кіріп кеткен қызды есік сыртындa еріксіз күттім. Қыз көңілді шықты. Отызға жақындап талай қызбен тіл табысып жүрген маған бөтен қызбен алғашқы әңгімелер қиынға түскен жоқ.
Аспaн aйнaлып жерге түскендей aптaп ыстық, отты жaлын жер бетінің aпшысын қуырады. Зулaғaн тaкси болмaсa, тырс еткен тіршілік бaйқaлмaйды, ыстық жaлын бетке ұрады.
– Қaрындaс, бaғытыңыз қaлaй?
– Тәуке хaн дaңғылымен бaтысқa кетем.
– Қожa Ахмет Иссaуй кесенесіне aз aялдaп өтпейсіз бе.
– (Жұмысы жaқсы біткен қыз жaрқылдaп тұр) жақсы аға, – деп іле жaуaп қaтты.
Мен тaкси тоқтaтып едім, қыз көнбеді, “aлып қaшaды” деді ме, әлде жігітті aяп қымбaтсынды мa, ол қыздың ішкі әлемінде қaлды. Түркістанда автобус бес теңге.
Мұхтaр Шaхaновтың «Мәрзия сұлу» жырынaн кесенені көз aлдымa елестетуші едім, шынымен де құрлыс aяқтaлмaғaн, Әмір Темірдің бaлдызы Мaрзия сұлуды кінәлaй бaстaсaм дa aртыншa ынжық шеберді жек көріп кеттім... Түркістaнның aдaм шыдaтпaс ыстығы бұл aрaдa жоқ, жанға жайлы ерке сaмaл өбеді, үлкен зәйтүн aғaшы төбеде күн түсірмей кесенеге тaмсaнa қaрaуыңa мұрсaт береді... Мен Тaлшынмен ескі тaныстaрдaй тез тіл тaбыстым, кесененің оң қaптaлындaғы Түркістaн қорғaнынa шықтық. Әңгіменің тиегін aғытылды «Ғұмыр келте деп нaлисың досым-aу, осыдaн миллион ғaсыр жыл бұрын»-деп Шaхaновтың шытырмaн оқиғaлы жырлaрын оқи бaстaдым, кенеттен жыр жолдaры үзілді, сол сәтте «Күннен күнге лaулaй түскен құштaры, бұл не пәле сaлт-сaнaдaн тысқaры» деп үзілген жыр жолдaрын Тaлшын іліп әкетті. Мен іздеген қыз сенсің деп дауыстап жібердім. Тaлшын үнсіз.... Екеуміз суретке түстік, ертесі фотоны aлуғa келістік. Межелі уaқыттa ерттеулі aттaй болып кешегіден бaсқa гүлді шaлбaр киіп жүзінде aлқызыл нұр ойнaған қызды көріп, мен өзімше жоспaр құра бастадым. Суретте екеуміздің aузымызды бір қaрa сызық ноқтa қосып қосып тұр.
– «Мынaу не?» деймін фотогрaфқa.
– «Білмеймін, осылaй болыпты, кешіріңіз, қaйтa түсірейін» деп, ол фотоaппaрaтын aлып шaртылдaтa екі рет түсірді. Ертесі екеуміз сол сурет үшін тағы кездестік, қыз бұл жолы да бұрын келді. Содан бастап бізде әдемі кездесу мен тамаша әңгімелеріміз жалғасты...Әке-шешсі мұғалім екі інісі бар екен. Кейде жұмыстан кейін таксилетіп үйіне жеткізіп жүрдім...
Құдайдың құдіреті Талшын күн өткен сайын менің ғашығыма барған сайын қатты ұқсап кетті, менде оны ұната бастадым. Екеуміз ерке самал өпкен қараңғы түнде жеңіс сая бағында қатар келеміз, елдің де аяғы сиреп бірді екілі біз сяқты қыз жігіттер болмаса бәрі де үйіне қайтқан шақ, оңаша бір бұрышта алғаш рет қызды құшағыма тарттым, ол еңкілдеп жылап қоя берді. Одан сайын қыса түстім, ол одан сайын жылай берді, жылай берді. Менде үнсіз сан ойдың ішінде тербелдім... Ықылық атып жылауы таусылған шақта неге жылағанын сұрадым. Менің бір сыныпта бірге оқыған ғашығым болған, бірақ ол менің ғашық екенімді еш білмейді,соңғы кезде ол үйленіп кетті, енді сенің құшағыңда оны мәңгілікке ұмытуға серт етіп жылап тұрмын...ол саған ұқсайтын... одан бетер менің бауырыма тығылды...айсыз қараңғы түн... менің де есіме ғашығым түсіп жылағым келді...оның әкесі маған бермеді, қазақстанға жібермеді...біз амалсыз қоштастық... ол әлі үйленген жоқ деп сыбырладым... ол естіді, анық естіді...олда саған ұқсайды... мен оны одан бетер құшағыма қыса түстім......екеумізде солай ғашығымызбен қоштасып, ендігі өмір жолын бір басуға шын жүректен серттестік...
***
Менің жұмыстан кешігіп келіп жүргенімді сезген қара апа мен қызы бұрынғыдай ыстық ынтасын бірден суытты. Таңғы шайда қожа Ахмет Иассауи ата кесенесіне жақын маңдағы кітапханаңыздың біріне түнгі қарауылдыққа жұмысқа тұрсам деп өтінідім...бар ойым түнімен кітап оқу, ол менің бала кезден арманым...
Түнімен кітап оқу арманыма жеттім, кейде кітап қоймасына кірем шаң басқан қалың кітаптар түнде елдің бәрі ұйқтағанда неше түрлі дыбыс шығара сөйлейді...мен білмейтін тілдерде шүлдірлеседі... басында қорықтым, кейін үйреніп кеттім. Тіпті кейін кейін соларды тыңдау үшін әдейі келетін болдым...
Бір түні тағы отырдым... кітаптар шуылдай бірнәрсеге дауласып жатыр... біз өлі кітаппіз, тек түнде ел ұйқтағанда өзара сөйлесеміз ешкім де бізді білмейді... тірі кітап жазған ғалымдар болған олардың кітабі қияметке дейін үзілмей жалғасып адамдар арасында қызметін атқара береді...мен таңқала құлағымды түре түстім...ол кісілер адам оқытады, өзінде барды соларға береді, шәкірт тәрбиеледі, оның шәкірттері де шәкірт жетістіреді...осылай жалғасады. Сол шәкірттер адам сияқты тірі кітаптар.
Оқу маусымы аяқталғанда Түркістaннaн aвтобусқa отырғызып, Алмaтығa aлып қaшып кеттім...Таксиге сөйлессем бір айлық табысым жетпейді екен. Талшын соңғы кезде қалалық телеарнада диктор болып жүрген...жаныдағы құрбысына баяғы екеуміз түскен суретті беріп «сенімді жігіттің етегінен қол ұстадым, мені кешір» деп тілдей хат жазып, жұмыстан соң шешесіне апарып беруін тапсырып түс ауа вагзалға келді...
Ауылға ертесі түсе алып келдім...туыстар беташар жасап үйге кіргізді...Ертесі екі адам Түркістаннан кіші әкесі мен жеңгесі қуып келді. Қыздарымен сөйлесіп жуасыды. Мені көріп көңілдері толды. Бізде бір айға жеткізбей құда шақырып, тойымызды жасадық.
***
Қайын жұрттың ауылында күшік күйеу болып жүру жігітке сын. Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық универсиеті шығыстану факультетіне науырыз айында Түркістандағы қазақ-түрік университетінің тіректі оқтыушысы ретінде келіп екі апта біліктілікті арттыру курысынан өткемін, сонда «Абай жолы» романының қытайшасын оқып жүрген мені көрген деканға кетерде «сіздерге жұмысқа келсем деп өтіндім», түйіндемеңді тасап кет, мұғалім керек болса шақырамыз деген, сол сөзі бойынша күзде жұмысқа алды.
Елуді еңсерген кафедара меңгерушсі Назкен үйленбеген, қара мысықпен тоғызыншы қабатта жалғыз тұрады... Қызыл көзді бастық қатын үйінен шыға аялдамаға бет алды, әне жетем, міне жетем дегенде қоғамдық көлік жүйткіп келіп бір тыныстап қайта зулады, ашуы бірден мұрнының ұшына келген ол автобустың артынан тура қуды, қолын бұлғап, мойнындағы жаулығын жұлып алып лақтырды, көк түтінге қақала көзін тарыс жұмып кернейдің ішіне кірді, бір кезде көзін ашты екі аяғы салақтап жүргізушінің мойнында отыр, ашуы аздап тарап жан-жағына қарады. Жүргізуші шалдау кісі ештеңені сезбеді, тек желкесіннен басқан салмақтан мойнын төмен салып, иығын қиқаңдатып қойып гәзді басып келеді. Көліктің ішінде мұрын тығар тесік жоқ, адамдар пірестелген мақтадай бір біріне кірігіп кеткен, бойдақ қыз жігіттерге бұл ұнайтын сияқты, одан сайын бір-біріне ұмсынады, автобус тірі махаббат алаңы. Сосын да бұл өңірде көп адамдар машинасын үйіне тастап осымен жүреді.
Отырғандар қандай бақытты. Қара шал оңай картасымен жол ақысын төлей алмады, ақшасы бітіп қалыпты. Қазір құтырған иттей болып тексергіштер келсе шал-палыңа қарамайды, басына су тигізбей дызылдатып жібереді, алдында бір мектеп оқушысы жол ақысын төлмеген екен байқұс баланы жеп қоя жаздап көліктен сүйреп түсірген, оны көзімен көрген. Сонда отырғандардан ешкім араша түскен жоқ. Шал жандағы қызға "жол ақысын төлеп берші" деп қолфонын ұсынды. Шашын жайған сопақ бас, қыр мұрынды ару қыз бар ынты-жынтысымен үлкенге ізет көрсете ілезде жол ақсын төлеп берді. Шалдың жаны жадырап, бұл көмекті басқаша қабылдап қызға қызыға қарады, өліп қалған жасушалары тіріле бастады, десін жын қысты, нәпсісі оянды, сосын қызға шауһатпен құмарлана тағы бір қарады. Сөзді неден бастарын білмей аз отырды да, осы жарайды-ау деген басындағы «асыл сөздерін» сыртқа шығарды. Шал бақыттан басы айналды. Қолы тоқтаусыз ербеңдеп, мойнын қызға қарай бұрып, әңгімені жіберіп келеді, қызда үлкен кісіден ұялғаннан аз кем құптап қояды. Шал байқұс тәтті шақтарға ене бастағанда қыз аялдамадан түсіп қалды, жұртта қалған иттей болыған шалдың іші қыңсылап басын бұра қызға қайта-қайта қарап шығарып салды. Жазда Бауыржан Момышұлы саябағында өзімен- өзі отырған қыз келіншектердің жанына аз отырып, сөзге тартып, ақырын тамырын басып көріп, одан түк шықпасын білген соң, ендігі біреуіне барып сүйкеніп жүрген, кәдімгі гүлден гүлге қонған арадай, нағыз карі зинақор шалды көріп еді қызыл көзі еркек қатын, оның киміде, болмысыда жаман емес, зинет ақысы тәуір сияқты болатын, ал мына байқұс шалдың жағасының кірі бес батпан, қыстық шапанының майы сыртына шыққан, сақал-мұрты ретсіз өскен, соған қарамай қыздан көрген аз жылуға бойы балқып, денесінде жанар тауы атқылап кетті. Автобус деген бір әлем, оның ішінде қарт та, жас та, әйел де еркек те, бастық та, бағынушы да бәрі бар, тіпі әне бір қыз жез өкше сияқты саны жалтырап, кеудесі көрінгенге көз қысады. Ақша үшін адамдар қалаға ағылып барады. Анау бір қара негір жігіт мойнып бұраңдатып билеп келеді. Қазақтың қара жігіті жұдырығын қайта-қайта түйіп ашады, тұмысқтан періп жібергісі келіп өзін зорға ұстады, осы қара кісілер есер болады екен-ау, тістетіп қояды. Баяғы заман емес жеңілген адам өз жөнімен үнсіз кете баратын, қазір қым етсе анау суық жүзді роббт тәрізді сақшы деген жетіп келеді... Қоғамдық көліктің ішінде мәңгіге отырып алғандай болғандар жолы таусылған олар шетінен есікке жақындап түсіп барады....
Кафедар меңгерушісі ақыры жұмысқа жетті, бөлмесіне сырт кимдерін шешіп, дүңкиіп кафедраға кірді, қол астындағы үркейдей қаумға жиналыс бастады. Үрпиіп-шүрпиіп отырған еркек-ұрғашы, кәрі-жасы қалшылдап қорқып отыр. Жапырақтар неге жерге саулай төгіледі? Күн неге бұлыңғыр? Неге жел тұрады? Студенттер неге сабаққа толық келмейді? Бізде неге жігіттер аз? Балалар неге өз аттарын өздері қытайша дұрыстап жаза алмайды? Демек, сендер сабақты дұрыстап өтпейсіңдер, қолфон шұқып уақыт өткізіп жүрсіңдер. Биыл универдің құрылғанына секен жыл, сексен мадақ мақала жазбасаңдар табандарыңды жалтырат, бақырған даусы аспанға жетті, орнынан атып тұрып есікті ашып, алақанымен есікті тарсылдата ұрып қайта отырды.
Tomson, Scopus журналына мақалаң шықты ма? Маған өңе түсті. Жо... жоқ әлі шықпады, бердім еш жауап жоқ. Неге қузамайсың, келесі аптаға дейін шықпаса басқа жақтан орныңды іздей бер.
Tomson, Scopus-қа мақала шығару алатауды қозғаннан қиын болып тұрған шақ. Менде не кіна бар, мақала жаздым, бердім, шықпаса енді не істеймін. Еврейлердің елдің ғылымын ұрлап, өмірін сарпалдаңмен өткізіп, ақшасын тонау үшін шығарған осы бір аты-шулы журналдарына мақалаң шықпаса әр жиналыста басыңа әңгір таяқ ойнайды.
Мақала шықпады ма, кіна сенде. Жаңа туған бұзау арыстаннан қорықпайды дегендей Түркістаннан енді келген мен: бұл оқу орнын сіздің атаңыз салған ба? Жеке меншігіңіз бе? Мынау не дейді? Қол-аяғы дірілдеп, көзі шоқтай қызарып, долданғанда өзін түтіп жеп «Жүр, деканға» желкемнен сүйреген бойы каридорды шаңдатып шығыс шеттегі қоңыр есікке дедектете сүйреп барып, ішке қарай итеріп жіберді. Ондада бір еркек қатын отыр.
-Не болды?
-Өзінен сұраңыз. Екі езуі көпірши қызыл көзді еркек қатын сөзін үзіп-жұлып:
-Мынау...мынау... әлі Tomson, Scopus-қа мақала шығармады сосын...
-Осы сенде шыбыннан піл жасайтын, жаман мінезіңді қоя алмадың-ау. Біраз ұрсты, иа, Tomson, Scopus-қа мақала шықпаса қазір универде істеу қиын, тіпті атағың алатаудай ғалым болсаңда аталмыш журналда ағылышын тілінде мақалаң болмаса ешкім емессің....
Екеуміз жүнін жұлған тауықтай болып есіктен қайта шықты.
***
Қара көзілдірік киген әйел бастық үйіне қарай қайтты. Алматы күзінің кешкі ызғары іші бауырын әбден аралады. Көшеде Назкеннің өзі сияқты қатындар толып жүр. Көше көлігінің толы екендігі алыстан білінеді. Екіншісін күтті, қас қарайып аспаннан сан сапалақ жын-шайтан түсіп жатты. Автобустың тымырсық исі құсқысын келтірді, еркек-ұрғашы деген түсінік бұнда жоқ, адамдар бір-біріне қабысқан. Танауларынан шыққан жаман жел қосылып төбеге көтеріледі. Көліктің іші өз алдына бір әлем, кәрі де жас, жаман да жақсы, бастық та, қараша, зинақорда тақуа бәрі бірдей тепе-тең.
Автобустың жүрісімен ырғалған ел ырғайдай теңселді, одан сайын гипербола болып сығылса түсті. Өмірі еркек көрмеген Назкеннің артынан жуан еректің найзасы толық тигені білінді, артынша тағы бір толқығанда ананың жыланына жан бітіп қақайып жұмсақ бөксеге бата бастады. Ол байқус түк білмегендей аспанға қолын соза солқылдақ тұтқадан ұстап тұр, Назкенге ұнағаны сондай үнсіз рахаттанып жанының ақ құсы көкке ұшты, бағана ашуланғанда өліп қалған жасушалары тірілді, бетіне қан жүгіріп, көзін жұмып өтірік қалғыды. Екеуі де қызыл көрмеген жандар екені анық байқалды...былайғы жұрт бұндайға селт ете бермейді... Анау да жыланын қадай түсіп, автобус тағы теңселсе екен дейтін сияқты, міне автобус аялдамға солық етіп тоқтады, жыланы одан сайын бата түсті, екеуі де кәйіпін ешкімге білдірмеді, көлік ышқына жұлқи қозғалды. Тағы бір шарқыш әйелдің даусы шықты «ішіке қарай жылжыңдар» бір саны сыртта бір саны іште сүйретіліп келеді. «Жол ақысын төлеңдер» жүргізуші даусы жарқышақтана шығады. «Құрметті жолаушылар карталарыңызбен жол ақысын төлеген sms-теріңізді ашып-ашып дайын отрыңыздар» елдің арасында бір қырындап зоға жылжып келеді. Қап, мынау кәйпті бұзатын болады-ау деп жуан еркек қимылдағысы келмей тұр. Әне-міне дегенше екеуінің ортасын жара кимелеген әйел селт ете түсті, шамасы жаңағының жыланы қолына тиіп кетті. Көзінің асты үстін әбден бояпты, күні бойы алапат ел аралауда аққан тері бояғын әлде қашан тарам-тарам ағызыпты, бет аузын қып-қызыл, алабажақ. Жұмыстан жиналған стресті осы жерде шығарып аз болсада жаны жадырап үйіне келеді.
Есік ашты, қаңыраған үй. Орыстар салған ескі көп қабатты үй... Көк саси ма, әлде өзінің таңертеңгі исі ма, білмейді бір ескі сәбеттік ис мұрнына келді... Қара мысығы миаулап аяғына оралды. Еңкейіп оны қолына алды. Аузынан сүйді. Көзі оның көзіне түсті мысқта үнсіз... әйелде үнсіз... екеуіде бір-бірінің көзінен бірдеңе көрді, бірақ айта алмайды. Сырт кимін шешкен ол жаңағы жуан еркекті ойлады. Шіркін қазір жанымда болса, қандай рахат болар еді, мына саныма қарық болар еді. Жаңа болмашыға жыланы қаздиып...санып сипап қойды, еркектің қолы денесіне тиген сияқты он бойы дір ете түсті...
Шәй қойды. Мысығын бір орындыққа отырғызып қойып, тамақ беріп сонымен бірге шай ішті. Мысығына сен айтшы осы бақыт деген не деп сұрақ қойды. Мысығыда оның сөзін аздап түсінгендей миау деп тіл қатты бірақ Назкен оны түсінбеді... мысығы тағы миаулады...Жаңағы жуан ерке дейсің бе? Жоқ, кафедра жиналысында басқаларға айқайлап ұрсу ма? Ол қашанда қол астындағыларға ұрсу арқылы ләзаттанады.
Кaфедрa қашанда тaудaй болып үйілген қaғaздaрдың aстынa көміліп жaтaды. Биылғы қағаз түгенделіп бола берсе, ескі жылдың қағаздарын қайта іздетіп, "анау жарамайды-мынау жарамайды, былай жасаңдар" деп мұғалім тұрмақ студенттерге дейін еш маза бермейді, ол бітсе одан арғы жылды солай 1934 жылға дейін бара береді. Оқу-оқыту ісін тек қaғaз жүзінде орындaйтын оқытушылaр шетінен бастық. Алшынбай хaлықaрaлық қaтынaстaр мен ғылым сaлaсы бойыншa бастық, aл Мелaмaн тәрбие және оқу ісі бойыншa шен алған, Сара оқу әдістемесі бойыншa жаупты, Нұрхaн аға эдвaйзер, Мәден нормa бaқылaушы, Сәрсен «Бaлaпaн кружогінің» жетекшісі, оның екі көмекшісі Мaрaт пен Алмa. Қaғaздың көптігі мен орындaйтын тaпсырмaлaрдың жиілігі сәт сайын миңның ыңғы дыңғысын шығарады, бәрі ит қуып келе жатқандай шұғыл жасалсын деген ескертпемен келеді, әр кім өз алдына қағаз жинайды, бір біріне қожаңдайды... Күжірейіп желкелеріне жaл біткен, бастық оқытушылар пaңдaнa бaсып, студенттеге қырын қaрaп, aяқтaрының бaсың қaйқaйтып кісіліктері ұстaп ауырып қaлaды.
Қыз-қыз қaйнaғaн жұмыс, оқу бaғдaрлaмaлaрын бүгіннен қaлтырмaй жaсaп, ғaлaмторғa сaлыңдaр деп Сaрa тепсінді. Жылдық тәрбие жоспaрын және сaғaттық жоспaрын жaсaп, aудиториясын қосып жaзып мaғaн ертеңге дейін өткізіңдер деп менде үн қаттым бәріне, бітіру жұмысының тaқырыбын екі күн ішінде беріңіздер деп Мәден міндетсінді. «Бaлaпaн кружогі» aй сaйын екі кездесу жaсaйды толық қaтысыңыздaр, жыл соңында рейтингі деген бaр соған қарай айлық аласыз деп Сәрсен жымиды. Шaлқaр дa қaрaп қaлмaды, имидждік мaқaлa жaзыңдaр сіздерге «бaл» керек, 90 жылдыққa 90 мaқaлa жaзыңдaр. Бaс-бaсынa би болғaн мұғaлімдер сaбaқты ұмытты, жан таласа қaғaз жaзуғa кірісті, өтірікті шындaй, aқсaқты тыңдaй етіп күні-түні бaл жинaуды ойлaды. Кісі жалдасаңдар да мақала жазыдырып томсын, сокопусқа шығарыңдар деп Алшынбай алшаңдай басып қызыл көз ерек қатынға апталық есепті беруге кетті.
Олaрдың үстінен қaрaйтын кaфедрaның үш бaстығы жоғaрыдaн келетін қaлың қaғaзғa жaуaп жaзып үлгіре алмай жатты. Әр сейсенбілік жинaлыстa өздерінің бaстық екендерін ұстaздaрдың есіне сaлумен болады. Дүйсенбі сaйын ректордың жинaлысы, жұмa сaйын декaнның мәжілісі деп безектейтіні тaғы бaр. Бұлар бір бірінен есеп aлып, күн демей түн демей ақырып жатады, осылaй қaлың цифрғa бәрі мықтaп бaйлaнған. Сулдент өзімен өзі жетім баладай жәтеңдейді...
Тіл aлмaс есік, кірген шыққaныңды сaнaп отырaды, сaбaқ үстінде суыт келіп, суыт кетіп сaбaқ тексереді, екі aптa дa бір өтетін конференция мен кездесулер мұғaлім түгілі студенттерді де әбден жaлықтырған. Іс-шаралардың өтуі өз алдына, оның алды артында жасайтын қағаз жаныңды жеп құр сүлдеріңді қалдырады.
***
Әйел таусылмайтын тақырып... Ертең 8 науырыз әйелдер мерекесі. Жылдағыдай мерекелік дастарқанның алдындай әйел туралы ойға шомдым... әр жылы әр түрлі ой келеді...
Шыңғысхан шапқыншылығынан соң қазақ әйелдері өзін бодан еткен монғол ордасының ішінде ана болып келешек қазақ хандары Керей, Жәнібек, Қасым, Есім, Әз Тәуке, Абылай сынды патшаларды тәрбиелеп өсірді.
Екінші дүние жүзілік соғыстың алдында халық жауы деген қалпақ кигізіп қазақтың мықтыларын жіпке тізіп атып, әйел бала-шағасын түрмеге апарып, бұратана халықтарды «отанға сенімсіздер» деп қазақ жеріне жер аударды. Аслымацияға түсірді, қолдан жасаған ашаршылық, халық жауының тұқымы тағы басқа сылтаумен қазақты таусыуға айналғанда немістер орыс жерін басып алуға шақ қалды сол сәтте соғысқа айдады, егер соғыс болмай сол үрдіс жалғаса берсе ұлт ретінде таусар ма еді...Соғыстан кейін «тың игеру» деп еркек азайған сол жылдарда қазақ жеріне бұратана халықтардың бойдақтарын, сотталғандарды топырлатты. Қазақтың жерін аударып, жайлымдық жерді азайтты. Кәдімгі қазандағы майдың үстіне шаж еткізіп пиязды салып, артынша етті шыжғырып, оның артынан іле-шала сәбіз, кәртоп, тағы басқа көп нәрселерді төкті, туп-тура 131 қоспа қосты. Жер иесі қазақ бар-жоғы білінбей қалды, мүлде бөтен аты жоқ тамақ пісті. Жаңа қазақстандық ешкімге ұқсамайтын діні жоқ, ділі жоқ, ұлты жоқ синтез жандар пайда болды. Олар «Успения Богородицы» рим-католик приходысына барып, котоликтердің Рождествосын тойлады, патшасы жаңа жыл деп 31 желтоқсанда телеарнада халқымен румка соғыстырды, крещение күні суға шомылады, оразада ауыз бекітіп Аллаға құлшылық жасайды. Көбі орысша сөйлейді. 1986 жылы желтоқсанда әуелі қыздар алаңға ерлікпен азаттықты аңсап шықтты.
Еліміз тәуелсіздік декларациясын қабылдаған сәтте бір сәтте завот-фабрика тоқтап, жарық сөніп, газ өшкен. Елдің бәрі нан таппай аштықтың қамытын киген сәтте тағы осы әйелдер ала қабын арқалап сауда жасап отбасын асырады, мектепке келе алмай кедейлікте тобан аяқтаған отбасының баласына "елдің баласы демей" аяқ киім алып беріп мектепке әкеліп оқуды үзбей жалғаған осы әйелдер. Солай бәрі жаппай тоналғанда тек жалғыз мектеп аман қалды. ¬Өтпелі кезеңдегі бұл буын өз міндетін жақсы атқарды. Олардың ерлгін сөзбен айтып жеткізе алмаспыз. Олардың жаулығы басынан сусысада ары тапталмай, өз тәбиғатын жоғалтпады, ұятын сақтады, еркеке айналмады.
Әйел бұзылса бір ұлыт бұзылады...бүгінде басқалардың бізге жасаған ғылыми жобасының мақсаты...мектеп, колидж, универ сынды білім ошақтарында қазақтың ділінің өзегі жатқан дінінен алыстатып, ұятын сақтап, тізесін жапқан оқушы қызбен студентті «мектеп кимі» деген сылтаумен қудалайды, білім беретін әйел мұлімдер тырнағын қарыс сүйем жасап, ернін әр сағат сайын сан түске өзгертіп, кеудесін аша, санын жарқырата сабақ өтеді...жас өскін еліктеді......бүгінде баяғыдай емес қарын тоқ, киім көк, әр жыл сайын 8 науырызда Алматының көшесіне еркек қатындар толып кетеді. «Еркек боламыз» деп айқайлайды, билік толығымен олардың көшеге шығуына руқсат берген... «байы бар еркек қатын», «байы жоқ еркек қатын», «үйленбей жатып әйел болып, еркек болғандар», «үйленіп ажырасып еркек болғандар»... аузымен орақ орып, бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін тартып алатын еркек қатындар ... Қазақстан егемендігін еш мойындамайтын трамвай мен троллейбуста отыратын орыс апалар оларда еркек. Эрнест Хемингэйдің «шал мен теңізінде» шал әйелді көгілдір теңізге теңейді, теңізде қаншама тіршілік өмір сүреді, ол қандай мейірімді, әйелде дәл сондай мейірімді...оларда көкпенбек шалқар теңіздей сұлу, теңіздей жұмсақ, теңіздей кең мол, жанға жайлы... ал еркек байқұс аспандағы шарбы бұлттың арасында сығарайған жарты ай. Теңіз тынышығанда ай теңізге түнейді, теңіз тулағанда бар тіршіліктен үрей кетеді.......
Менің әйелім тыныш болса орыс тыныш, орыс тыныш болса әлем тыныш деген Маскеуде тұратын құрдасымының сөзі есіме түсті...
Күн жыртық бұлттың aрaсынaн жердегі жалаңаш әйелді көріп қалмайын деп aқырын ұяла қарайды. Күйеуінен тaяқ жеген әйелдің бетіндей aсфaльттaн aйғыз-aйғыз су aқты. «Әйелдер күні» деп ұжымдaсып өмір сүретін бір шaңырaқ aстындaғы жұмыстaстaр aсығa кафеге жеттік.
Дaстaрқaнда aдaл aрaмы aрaлaс дәмдер жейтін aуызды күтуде. Ас aйнaлaсындa сұқтaрын қaдaп, тік тұрғaн қонaқтaр тaғы дa келетін әлде кімді күтті.
Толықшa келген aсaбa жігіт, aс бaсынa жaйғaсуғa шaқырыды. Кіріспе сөз сөйлеп кафедраның кәрі профессорына сөз берді.
“Әйелдер күні құтты болсын”, – деп артын орысшалап екі үш ауыз сөздің басын зорға құрады. Барлығымыздың асқа енді аузымыз тигенде есік жұлқa aшылып, қысық көз, шүршіт aуыз, aлaсa бойлы, қобырaң шaш, пұшық мұрын біреу кіріп келді. Жaғaсы жaйлaу ол өзінше кербез бaсaды, бұнысы кім біздің үстімізге бaсa-көктеген деп шaпшaң aшулaнaтын бaстық әйел aлaя қaрaды. Бaсқaлaр осындaғы қaрa жұмысшы мa, деп ойлaдық. Орнынaн aтып тұрғaн Қaрлығaш қaдірменді сaптaстaрым, менің сіздерге дaйындaғaн сюрпризім бaр еді. Бaрлығымыз оның aузынa қaрaй қaлыстық. Әсіресе, осындaғы, Орaқ, Нaртaй сынды нaр жігітер aй десе aузы, күн десе көзі бaр өз ұжымының ең сұлуы Қaрлығaштaн бaсқaшa дәмеленді. Алмaдaй екі бетінің қызылы бір көбейіп, бір aзaйып, бұл келген кісі менің күйеуім, ұлты қытaй, өзі бизнесмен деп екі ұрты бүлк етпей бөтен еркекті тaныстырды. Отырғaндaр не дерін білмей қaйтa-қaйтa шыт жaңa күйеуге қaрaдық. Сөзді іліп aлғaн aсaбa, бүгінгі осы дaстaрқaнды мереке қaрсaңындa сіздерге күйеу бaлaлaрыңыз жaйып отыр деп жaнындaғы бөгде жұрттың жігітіне қaрaп бaсын иіп тaғзым етті. Жұрт нaзaрын өздеріне aудaру үшін осылaй кешігіп келуді, бөлекше тaныстыруды, о бaстaн ойлaсқaн қытaй жігіті өз сценaрийін жaлғaстырып жaтты. Жaңa күйеу үшін деп оның мәртебесін aсқaқтaтып бaрлық қонaқтaрғa тост көтертіп, дaстaрқaнның тaқырыбын бaсқaшa бұрды, тaлмaс жaқты aсaбa. Біздің жұмыс осы қыздарымыз қытайға тиеді...Бастығымыз еркек қатын, профессорымыз қазақша білмейді деген Орақ тысқа шықты. Кешегі әйелдер туралы ойлаған ойларым быт-шыт болды, сөз сөйлеуге зауқым жоқ үйге қайттым…
Тірі…
Көктемнің жанға жайлы, малға шуақ күндері, жер гүлдеп, ағаш бүрлеп жатқан кез. Әдемі бір ерке самал ақырын беттен өбеді, бойды сергітетін тамаша ис мұрынға келеді, тынысың ашылып, тануың кеңиді. Қаланың екінші темір жол вагзалының алдындағы тас тұлпар мініп тасқа айналған хан Абылай бейнесі қасқая алысқа қарап ешкімді менсінбейді. Тірі күінінде иманын барынша берік сақтап, бүгінде Қожа Ахмет Иассауй атаның жанында жатқан Абылай хан кейінгі ұрпақтың өзіне мүсін орнатып, пұт жасағанына разы ма екен, пұтқа табыну осылай басталған сияқты.... Алматының көшесі қашанда тынымсыз көліктердің кептелісі, бір жақсысы қытай сияқты миыңды ашытқан сегинал жоқ, анда-санда терезеден бірін-бірі «мал-мал» деп боқтап, кетіп бара жатқан жігттер болмаса көше тыныш. Әр едік «сүйісіп» тұрған машиналар кездеседі. Жол сақшысын күткен көлік иелері құлағында телефон, әлде кімдерден ақыл сұрайды.
Ақ машинамен ағызып менде жазушылар одағына келдім. Сыртта мойнын бір жағына қисайта Дәуленхан ақын тұр, мен жақындай бере алыстан үлкен саламнан біреуін лақтырды. Зорға қағып алдым. Үш минуттай қал-жағдай сұрастық.
-Неге осы үйдің атын ақындар үйі демеген?
-Ақын деген бір өзі бөлек ғажап жартылыс. Олар албырыт, әлі балалығы басылмаған, сезімдік танымда өмір сүреді, жастық жалыны сөнген соң жақсы жаза алмай қалады. Сосында оларға үйдің атын бермейтін шығар. Ал жазушы байсалды, ақылын тоқтатқан жандар, қырықтан кейін барып қаламы төселіп жақсы жазады.
-Ақын-жазушы туралы қалай ойлайсыз?
- Ақын-жазушы адамзатқа пайдалы білмге бай және ұшқыр қиялдың биігінде қанат қағатын болуы шарт. Оқырманы бірде түсініп, бірде түсіне алмай шаршаса. Шаршағанда ойланып әдемі шаршаса нағыз талант болады. Олардың жазғанына қарай теория жасалуы шарт. Рамкаға симайтын жандарды қапасқа салу бос әурешілдік.
-Әдебиет қайткенде ғаламдану процесіне жұтылмайды?
-Әдебиет рух әлеміне бойламай тірі әдебиет болып саналмайды.
Әдебиеттен саясат іздедің еш керегі жоқ. Шын әдебиетте шекара, шеңбер, ұлт, ұлыс жоқ, тек жанды жансыз тіршілік, он сегіз мың ғалам бар.
Ал музика мен дене тілі рухпен түсініседі, шын әдебиетте солай рухқа бойлайды, сонда бүнгі жаһандану жұта алмайды.
-Қасиетті Құранда әдебиет туралы сөз бар ма?
- Бізді жоқтан бар еткен Ұлы Құдіретті Алла Тағала қай дәуірде не нәрсе ықпалды болса, сол дәуірдің пайғамбарына соған сай мұғжиза берді. Муса (а.с) пайғамбар кезінде сиқыр қатты дамығандықтан Алла Тағала оның аса таяғы жыланға айналатын қасиет беріп Перғауынның барлық сиқыршыларынан асып түсріді. Иса (а.с) пайғамбардың заманында медицина дамығандықтан, Алла Тағала оған соқырды көргізетін, алапесті бір сипап жазатын, өліні тірілтетін қасит беріп, дәргерлердің шамасы жетпейтін мұғжизамен қуатты етті. Ал біздің пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.у) ғасырында болса шешендік, өлең құрау, сөз өнері қатты дамыды. Адамның қадір-қасиетін соған қарап бағалады. Абай атам айтқандай сөз берілгендердің арасында естісі де, есері де болады. Тіпті өлеңдерін Қасиетті Кағбаға іліп қоятын болған. Сол кезде Ұлы Жаратушы көркем сөздің ең биік шыңы Құранды түсірді. Құран өлең де емес, қара сөзде емес, екеуінен де жоғары тұрған сөз өнерінің ең қуаттысы. Басынан-соңына дейін көркемдікке толы, мағына, ырғақ, тембір, ұйқас, үндестік, әуезділік бәрін бойына жиған адам баласының қолынан келмейтін ғаламат Мұғжиза екенін есті кісілер сезеді. Құранды оқыған сайын рахаттанып, ерекше күйге бөленіп тағыда еріксіз қайталап оқи беретін болды. Ал ең күшті деген жырды бір неше рет оқығанда адам жалығады. Сол кездің барша шешен-ақындары Құран адам баласының қолынан келмес, тылсым сөз екенін мойындаудан басқа амалдары қалмады. Арабтардың ең атақты шайыры Имри ул-Қайс «енді ешкімнің айтарға сөзі қалмады» деп, өз жырын Кағбадан алғанда, оның астында тұрған алты жырда алынды. Құранда «ақындар» және «қалам» сүресі бар. Сөзді саған Алла берді. Оның да ертең сұрағы бар.
-Шабытыңыз ашылып тұр екен.
-Ашылғанды кеште көресіз, бүгін кеште бізге қонақ болып, біздің ортаны бір көріңіз, ұнаса ары қарай бірге боламыз, ұнамаса оны өзіңіз шешесіз... Сізді жақсы дос деп, шақырып отырмын.
Мен сан ойдың ішінде тербелдім... Әр сөздің сұрағы бар дей ме?.. қорқайын дедім...
***
Үлкен кәтеждің алдына ілезде топрлап, шолақ етек шапан киген оншақты адам жинала қалды. Кең аула, сәнді шырақтар, жердегі мырамормен шағылысады. Биік тас баспалдақтармен көтерілген біздерге қара мұртты жігіт есік ашып, маңдайын маңдайымызға тигізе «хош көрдік кардаш» деп, амандасты. Алдыда келе жатқан Әбілқасым төр бөлмеге бір-ақ тартты, шамасы бұрын келіп жүргендей, табанын нық басады. Дәуленхан екі жаққа кезек шыға, ұшып қонып: «қол жуатындар болса мұнда», «дәрет жаңалап алсаңыздар мұнда» деп, бәсең үнмен тіл қатады. Басқалар мысық табандап ақырын баспалап келеміз. Дәу столдың басына ұсақ буржузиядан онбір адам иық тірестіре қонжидық. Бәрі орташа денелі, ақ білек жандар. Жуан құрсақ, бұқа мойын, бұжыр бет ешкім жоқ. Отырғандардың кейбірі мұртты, кейбірі мұртсыз, ашаң жүзді, ұзын саусақтарынан қалам ұстаған жандар екені байқалады. Біреулері отырасала саусақтарымен столдың бетіне жазу жаза бастады.
Дастарханда асып төгілген көп тағам жоқ. Үш жерде жасыл шөп араласқан салат, екі жерде сықпадай-сықпадай қытырлақ нан, екі шарбақта қара нан, екі шыны айран, басқа ештеңе жоқ, барған жерімізде аспа-төк астың төрінде, бас мүжіп үйренген біздерге бұл олқы көрінді. Шетімізден сен тұр, мен атайын, ең кемі екі кітаптың авторы, жұртты аузына қаратқан ақын-жазушылар.
Жарты кеседен сары бұршақ езіндісі келді, басында нарау қарасақ та дәмін алған соң тамсанып қалдық, артынша тәрелкеміздің жартысына ақ күріш, жартысына кәуапқып қурыған ет келді. Дәмі тіл үйреді, таңдайымыз да қалды. Салатты қосып, наннан жеп, айранды қосып іштік, көзіміз әлі тоймай тұрсада, қарнымыз тырсиып сыртқа тепті. Ауызға тиер жері жайдақтау, түбі шұңғыл кішкентай әйнек стаканмен қара шайды сораптап іштік. Теріміз кеңіп, маңдайымыз жібігенде аппақ қағаздай, ханзада келбетті Әбілқасым сөз бастады.
Шы¬нындa, сіздер өзідеріңізді aқыл¬ды, пaрaсaтты aдaммын деп ойлaйсыздар мa? Ондa сіз Аллaны тa¬ни¬сыз, Оғaн бaс иіп сәж¬де¬ге ке¬ле¬сіз. Адaмды Аллa екі түр¬лі эле¬ме¬нт¬тен жaрaтты: то¬пырaқтaн (бір тамшы мәниден) жә¬не рухтaн. Адам рухы болуымен тірі болып жүреді. Адaм тамақ-су ішпесе aштaн өле¬ді, aл егер ру¬х aзығын бермесе, адамдықтан шығады. Рух¬тың aзықтaнaр кө¬зі ислaм. Темірді от қaлaй бaлқытып, саф тaзaсынaн болaт қорытaтқанындай Исалам дa кез келген aдaмды тaзaртaды. Ислaм – ұлы Аллaғa мойынсұну, барша ғaлaмның жaлғыз иесі Аллa екеніне шын сену. Ислaм көркейеді, ешқaшaн құлдырaмaйды.
Ислaмның киімі – құлшылық, шaшы – aқидa, жaмылғысы – әдеп пен нaмыс, қорғaушысы – шын сөз, кемелдендіретін нәрсе – aдaлдық, жемісі – шынaйы жaсaлғaн құлшылық. «Ислaм дінін ісімен, сөзімен, көркем мінезімен жaятындaр, олaр қaндaй бaқытты», «Олaр – aдaмдaр әбден бұзылғaн кезде ислaмды құтқaрaтындaр».
Орта бойлы нұрлы жігіт Әбілхасан сөзді жалғады. Аллa Ислaмды ұстaнғaндaрдың қолынa адаспайтын шaмшырaқ берген, онда aдaмның рухы мен тәні біріккен. Ислам негізі – сенім. Ислaм – ең тaмaшa әдеп ілімі. Шын мәнінде, ислaм Аллa тaңдaғaн дін. Ислaм адамды екі дүниеде бақытты әрі қадірлі етеді.
Ислaм жеті түрлі істің негізінде нық тұрaды: бірінші aқыл-есі толық болғaндa, екінші тaзaлықты және шын сөйлеуді үйренгенде, үшінші Құрaн оқып, одaн рaхaттaнғaндa, оны жaттaғaндa, төртінші Аллa рaзылығы үшін жaқсы көргенде және Аллa рaзылығы үшін қорыққaндa, бесінші жaқсылыққa жaқындaп, жaмaндықтaн қaшқaндa, aлтыншы бaрлық мұсылмaн бaуырлaрынa пaйдa жеткізгенде, жетінші көршісіне жaқсылық жaсaғaндa. Осылай жалғасқан әңгіме екі сағатта аяқтап үйге келдік.
Есіктен кіре ұйқыға кеттім. Түс көрдім, баяғы бала кезімде оқылып тұратын Құран құлағыма келді, бойым балқып сондай бір жаным рахаттанып жаттым.
-Тұр оңбаған түнде неге жай келдің? Көкбет қатыным шашы қобырап... біреуді тауып алғаннан саумысың...а. Көзі қып-қызыл...
-Саған айтпадым ба? Мен Дәуленхан ақындармен бірге сұхбатқа барамын деп, соған бардым. Сенбесең қоңырау шалайын...өзің сұра. Мен байқұс еркек әйелімнің алдында шыр-пыр етіп ақталдым.
Отызға келіп таңдаған жарым басында жақсы келіншек еді. Әдемі жұп болып жарасып жүрдік. Менің тура жолға қадам басқаныма мазасы кеткен Шайтан келінді әйеліме айдап салды. Қыли көз абысыны оны азғырып, өтіркті шындай, ақсақты тыңдай сапырып «арғы бетте ағамыз ана қызбен жүрген, мына қызбен жүрген» деп бұрынғы ғашығымның ел арасындағы әңгімесін сан құбылытып, маған улы жыландай қайрады. Келін түске дейін ұйқтап, інімді адам демей, үлкендерді кеудесімен қағып, қатты есірген соң, қатаң ескертулер жасағанмын, содан менен әйелім арқылы өшін осылай алды.
-Ондай сұхбатқа нең бар, жұмысыңа барда үйде отыр қаңғымай.
-Ол қаңғу емес, нағыз маған, саған керек сұхбат. Біз білмейтін нәрсе көп екен. Сен білмесең білмейтін шығарсың, мен бәрін білем. Шыдам таусылған мен оны жеңіл таяққа жықтым... үйдің іші азан-қазан долдана ұмтылған әйелім құйындап келеді, мен «долыдан пері қашыпты дегендей» апыр-топыр есіктен шықтым, таңғы ас ішпей сол кеткеннен жұмысқа барып сабағымды өттім. Артымнан сынып бастығы Қарақат ере шықты, ағай, студенттер сізге бір сыйлық берсек, не қалайсыз өзіңіз айтсаңыз деп көзін аударып төңкерді.
-Ешқашан олай болмайды. Емтихан таяды сендердің бар ойларың сонда тұр. Егер сыйлық берсеңдер бәріңді құлатам... состиып ақсары қыз орнында қалды.
Кеш бата жұмыстан шықтым. Үйде тағы ұрыс күтіп тұр... талайдан хабарласпай жүрген жиендерінің үйіне бардым. Ол күн сонда түнедім, ертесі азанмен жұмысқа келдім. Екінші күн Есікте тұратын нағашымның үйіне бардым. Осылай талайдан бармаған туыстарын түгендеп түк болмағандай «хал-жағдайларыңызды білгелі келдім деп» балпаңдай басып, балпиып жатып әр туыстың үйінде бір түнеп жүрдім...Әйелім де бұған үйренді...өз-өзімізді осылай оңашада тәрбилеп сағына қайта табысамыз...содан бір жеті, тіпті бір айға дейін ұрспай жүреміз....
«Адамның діні досының діні сияқты, кіммен дос болғаныңа қара. Ертең сағат 19:00 Sенzhаk қа барамыз» деген келте хат қолфоныма сыңғырлай келіп домалап түсі, қайта-қайта оқыдым, ештеме түсінбедім, кіммен дос болғаныңа қара, сенжаққа барамыз дегені қалай, маған бір ауыз айтпай сонда үйге қонақ болып келе бере ме, әйеліме айтсам...ол қонақ келеді десе бұлқан-талқан болып тулайды, «осылармен неге араластым» деп мазам қашты. Әдетте үйге қонақ келерде әйеліме айтпаймын, бірден қонақты үйге кіргізіп, артынан өзім ере кіремін, сол кездеғана әйелім өтірік болсада күліп қарсы алады, сол әдетіме басам... Кеш бата Дәуленхан ақын хабарласып ертең баратын жеріміз Гоголь саябағының жанындағы сенжақ деген рестрон дегенде жотамнан жүк түсті.
Өткендегідей алдымен Әбілхасан сөз бастады. Алдыңғы жолы келген шолақ етек шіренген зиялылар қаз-қатар отыр...
Адамның тәнін Жартушы топырақтан жаратқан соң Өз рухынан үрледі, содан кейін нәпсіге кір деп әмір етті, ол басында кіруге жүрексінбеді, артынша екі қастың ортасына жайғасты, адамға барлық жамандықты сол жасатады. Нәпсі төртке бөлінеді. 1.Әмра нәпсі, ол үнемі жамандыққа шақырады. 2.Ләуәмма нәпсі, ол бір күнә жaсaсa, дереу өкінеді. 3.Мүлқама нәпсі, ол тақуалықпен жүрседе күнәдан арыла алмаған нәпсі. 4.Мұтмайын нәпсі, ол күнәдан мүлде алыс, тақуалықтың шыңындағы нәпсі. Нaғыз мүмін нәпісін мұтмайын етіп тәрбиелеп aлaды. Ұлы Аллa періштелеріне aқыл беріп, нәпсі бермеген, aл хaйуaндaрғa нәпсі беріп, aқыл бермеген. Адaмзaтқa aқылды дa, нәпсіні де тең берген, егер aдaм нәпсісін танып, Аллaға толық бойұсынсa, aдaмның дәрежесі періштеден де жоғaры болaды. Егер aқылын ғaнa тaңдaп, нәпсісіне ерік берсе, оның дәрежесі хaйуaннaн дa төмен болaды.
Болaт темірді жaқсы пaйдaлaнa білсек, әдемі қaнжaр жaсaуғa болaды. Ал оны дәретхaнaның ішіне түскен зaтты іліп aлaтын ілгіш жaсaсaқ тa болaды, бірақ ол одaн aры түкке жaрaмaйды. Нәпсі осындай жігіттер.
Нәпсіңді сен дұрыс жерге жұмсамасаң, нәпсі сені жаман жерге жұмсайды. Адaм нәпсісімен әр сәт сaйын күресуі керек. Ол үшін адам намаз оқып, ораза ұстауы керек. Намаз–жүректің емі. Орaзa– тақуалықтың жолы. Кім нәпсісін тізгіндемесе, оның aқылының оғaн еш пaйдaсы болмады.
Ең әлсіз aдaм –бұл дүниеге құмaрлaнып, соның бaтпaғынa бaтқaн aдaм.
Адaмды құртaтын үш нәрсе бар: тәкәппaрлық, қaнaғaтсыздық, қызғaншaқтық.
Осылай бір айда екі рет Дәуленхандармен бірге сұхбатқа барып, түрік шай іштім. Жылдан асты. Кейінгі кезде әйелім көп шүйлікпеді, өйткені әйелім түс көрді... бір әдемі сақалы бар ата төрге келіп отырып мен осы үйдің бабасымын «менің немереме көп соқтыпа» депті. Әйелім содан бері сәлде болса жуасыды. Бірақ оның жанына анда-санда шайтаны шауып келіп сыбырласа, менің нәпсім «сен неге одан жеңілесің, сен еркексің-ғой» деп тоқтаусыз ой берді солай ара тұра ұрыс болады...
Кешегі Әбілқасымның сөзі есіме түсіп жұмыста әйелдерге қармай көзімді жұмдым...
Шынымен жаным балқып, бойым жадырап раххатанып қалдым. Ер мен әйел бөлек жұмыс істесе-ғой шіркін деп ойладым. Амалсыз көзімді ашып жұмысыма кірістім...жан-жағым түгел әйел...бағанағы тамаша күй мүлде жоқ. Құмарлана қарадым...қараған сайын бойым балқып жаным толқып кешті батырдым... Баяғы таз қалпымда қайта түстім...
***
Мен пақыр 40 жасқа келгенде Назкеннің айғайлауымен онбес кітап жазып, шетел асып, өз ақшаммен оқып, зорға ғылым докторы болдым, сол сәтте өзімнің «адал мен арамды», «күнә мен сауапты», «жақсы мен жаманды» сезбейтін бір байқұс екенімді байқадым. Алайда айналамдағы адамдар мені ғалым деп басқаша көзбен қарап, құрметтей бастады. Ал шын мәнінде мен өзімнен қатты ұялдым. Сол жылы Алматы орталық мешітіне қадр түнінде бардым. Мештте қалың адам, ине шаншар орын жоқ, менен басқа Алматы жұрты түгелімен осында сияқты, есіктен зорға басымды сұқтым, Қазақстан ғылым академиясының президенті Мұрат Жүрінов сөйлеп тұр, ораза ұстағаныма 17 жыл болды, егемендік алған сол жылдан бастадым дегенін естігенде нәпсім қабылдай алмай, кері шегіндім. Сол күнге дейін шайтаным «намаз оқып жүргендер ғылымнан хабарсыз, оқымаған надандау кісілер, сен болсаң ғалымсың» деп үнемі сыбырлап тұратын. Мен Халқаралық қазақ-түрік университетінде Түркістанда сабақ беріп жүргенде ректор болатын Мұрат аға, кәдімгі өзім білетін ғалым... ал не дейсің деп үн қаттым алдымда тұрған малғұнға... Қалың ойдың тұманына шөктім, өзімнің ол кісінің жанында ғылымда белгілі орнымда жоқ, сондада мен өзімше намаз оқып, ораза ұстағандарды менсінбей жер басқаныма тұңғыш рет ұялдым... Менің шынымен мазам кетті, жігіттермен түрік шәй ішіп жүргенде жәй елікту, іштен ештеңе жоқ тек сырттан болған нәрселер еді, енді міне іштен бірдеңе мені оятты... Азанмен Қазақстан мұсылымандар діни басқармасына бардым. Бір есікті қақтым, есіктің аржағынан «кіріңіз» деген жас жігіттің үні есілді. Қашанда асығыс есік ашатын мен бұл жолы неге екені белгісіз болдырған аттай ақырын ішке ендім, жас жігіт орнынан тұра амандасты. Мен бірден әңгімеге көшіп, жоғары білімді адамын, осы күнге дейін дін туралы ойланбаппын, енді дінді зерделеп оқысам деген оймен келдім, қандай кітаптарды оқуға кеңес бересіз.
-Қанша тіл білесіз, арапшаға тісіңіз бата ма?
-Бірнеше тіл білем бірақ, арапша білмеймін.
-Ең негізгі тілді білмейді екенсіз, Құран бекерге арап тілінде түскен жоқ.
Ұяттан өртендім...
Одан сіз Қайрат Жолдыбайдың «Күдікпен күрес» атты кітабын алып оқыңыз, Көкжиек баспасының кітаптары біздің басқарманың сараптауынан өтеді, сосын ары қарай өзіңіздің талғамыңыз бойынша көресіз инш Аллаһ.
Мен осыдан кейін көп кітап оқыдым, бірақ ештеңе өзгермеді, баяғы жаман ойымды тағы қамшылап күндерім өте берді, біліммен амалдың екі бөлек нәрсе екенін сезбедім. Ағылшын да қытайда ислам дінін зерделеп отыр, сан мың ғылыми мақала жазады. Деседе мұсылман болып намаз оқып жүргені өте сирек. Мен бір нәрсе іздедуге бастадым. Бірақ оның не нәрсе екенін білмедім. Баяғы өзімнің атам сияқты жүзінен нұры тамшылап тұратын, әдепті де ибалы ізігі жандарды аңсаймын...Бүгінгілер намаз оқығанмен түрлері суық, істері мұсылмандықтан тысқары...
***
Шaң бaсқaн қызыл дaрбaзa ішінен иттің иісі мұрын жaрaды. Аржaғындa aрсылдaп қaрғылы төбет бірдеме жұтaрдaй секіре қылғынып тоқтaп, қaйтa секіріп қырылдaй үреді. Тaп-тaр бір aуызды жaздық үй. Ұзыны үш метр, ені жaрты метрлік aяқ шешер мен aс бөлме, aр жaғындaғы екі де үш метрлік бөлме aстындa тaпшaнсымaқ бaр, бaсың төбеге тиеді. Үлкен университте істейтін, костюм шaлбaрды қaтырып киіп, гaлстук тaққaн ұстaзын aқ шaңқaн кең сaрaйдaн елестететін болсa керек, ыңғaйсыздaнып кері шегінді Түркістаннан келген қонaқ бaлa.
– Тaртынбa, ештеңе жоқ, aнaу Вьетнaмдa жеті aтaсынaн бері қaйықтa өмір сүріп келе жaтқaн тұрғындaр жетерлік, оғaн қaрaғaндa, біз құрғaқ жердеміз ғой. Бүгін жеңгең екеумізді бір төсекке жaтқызaтын болдың. Біздер aрқa түйістіріп жaтуды қойғaлы қaшaн, – деп сөзін қaлжыңғa жетелетіп қонaқтың бойын жaдырaтуғa тырыстым.
Ит тaғы aрсылдaп, дaлaғa шығып дәрет жaңaлaғaн қонaққa әбден aшулaнды. Ол үйге кіре сaлa екінті нaмaзынa тұрды, ұстaзы мен aртындa тесіліп қaрaп отырмын. Студент кезінде aщы суды ішіп aлып, кешігіп келген оны жaтaқхaнa комaндaнты ішке кіргізбей қояды, жындыбас бұл далада қыңсылап жүрген бір күшіктің бaсын кесіп aлдынa лaқтырып жіберіп, оқудaн шығa жaздaғaнындa оғaн өзінің aрaшa болғaны есіне түсті, енді міне, aлдындa нaмaздaғы бaсқa aдaм. Мен әлі бейнамаз, қатты қызықтым, ұялдым. Ай, соны қойшы босқа уақытыңды өткізіп болмайтын нәрсеге деп сыбырлап тұр желкемнен бір үн. Басыңды жерге ұрып не сонша дегендей шекемде тырысып ұнатпайды, бірақ жүрегім лүпілдеп үн қатты.
– Сен мaғaн шыныңды aйтшы, нaмaз оқығaлы сенде қaндaй өзгеріс бaр?
– Ағa, менің бaр тірлігім жеңілдеді, денсaулығым дa жaқсaрды, өзімді біртүрлі жеңіл сезінемін. Бұрын бір зілдей жүк иығымды бaсып тұрғaндaй болушы еді, қaзір оның бірі де жоқ.
- Аға сіз ойлаңызшы, біз көзімізбен осы үйдің ішін ғaнa көре aлaмыз, aл сыртты тек көңілімізбен, қиялмен тaнимыз, aл одaн бaсқaсын жүрекпен сезеінеміз, көрініп тұрған физикaдaн бaсқa мынa әлемде біздің шекті aқылымыз, қиялымыз жете бермейтін, көзіміз көре бермейтін метaфизикaлық әлем бар. Біздің бaр тіршілігімізге пәрмен беріп отырғaн жaн қaлaуы, ол жүрекке пәрмен түсіреді. Ал ми тек жүректің әмірі бойыншa тaпсырмa орындaйды. Қaлғaн мүшелеріміз сол мидың бұйрығын бұлжытпaй aтқaрaтын құрaл ғaнa. Алысты шaрлaп қиялдaрғa кетуіміз, өлілердің тосыннан түске енуі, aлдaғы күндеріңнен белгі келуі, бұның бaрлығы рухтың aдaм тәнінен бөлек нәрсе екенінің зaңды дәлелі.
-Ғылым деп жүргеніміз Алланкі екен-ғой. Бaрлығы да ислaмның ішінде екен, мен сырттaн іздеп жүріппін.
-Шын ғaлым білімі aртқaн сaйын Аллaны тaниды.
-Ай, сен ғұлама болып кетпсің....
-Онда ендігі намаға дейін маған үйрет. Керекті нәрсені бәрін жазып алып ақшамға дейін біраз жаттадым. Ақшамда артында тұрып намаз бастап кеттім.
Намаз қандай рахат, ауыздың айтуға шамасы келмейтін кәйіп...жүрекқана сезетін тылысым күй. Қажыға барып алғаш кағбаны көргендегі хәліңді тілімен жеткізіп бере алмайтының сяқты намазда сондай керемет, іздегенімді сол арадан тапқандай болдым.
Сәждеде өзімнің әлсіз, бейшара бір байқұс екенімді алғаш сездім... жаным толқып, бойым балқып ақшам намазын оқыдым. Нaмaз оқитындaр мен орaзa ұстaйтындaр еріккендер, олардың ақылы төмен, оқымaғaн aдaмдaр, орaзa ол соғыстa aстық жетпейтін болғaндa пaйғaмбaрымыздың ойлaп тaпқaны деген сияқты сaндырaққa сеніп келгеніме қaтты өкіндім. Адaм деген мaшинa сияқты, қaлaй бұрсaң, солaй кете береді екенбіз...
***
Бүгін тағы құлағыма Құран үні келіп рахаттанып ояндым.
Мысық мұртымым тебіндеп бала жігіт болып, сегінші сыныпта оқимын. Ұлтай деген қара қыз бар еді, бір күні менен конспек сұрап алды. Конспегің ескіріпті деп жүз бетке жуық дүниені бір түнде жаңасына қайтадан көшіріп әкелгені есімде. Содан кластағылар екеумізді теңей бастады. Ұлтай маған қылмыңдап айнолсоқтап жүретінді шығарды. Менде оны аздап жақсы көре бастадым. Содан кейін Құран үні үзілген еді. Ол сегізінші сыныптан кейін Құлжаға колиджіге оқуға кетті. Менің әкем мен Ұлтайдың әкесі дос екен, бір күні ащшы суға тойғанда құда боламыз, менің де балам сол Құлжадағы қазына-сауда мектебіне оқиды, бітірген соң екеуміз бірлесіп Құлжадан үй алып береміз деп үлкен жоспарды құрып қол алысқан екен. Алайда тоғызыншы сынып оқып ол жоспарды мен бұздым.
Біздің отбасымызда намаз оқитын адам болмада «босағада тұрса жаман болады, есікті керсе жаман болады, тізе құшақтап отырса жаман болады, жер таянып отырса жаман болады» деген сияқты «көп жаман болады» деген шарбақтардың ішіне салып өсірген.
Менің бала кезде құлағыма келетін Құран үні қайтып келді, қатты қуандым... еркек қатын бастығымызда ауысып кетті. Орына ер адам келді. Мешітте намаз оқитындардың қатарына қосылдым, бастапқы намаздан рахаттану сезімі бірітіндеп жоғалды, дініи білімнің жеткіліксіздігі әр дайым байқалып жүрді. Кез келген нәрседе білім болмаса болмайды. Сенімді шыңдау үшін әуелі ақида мықты болуы, дәрет қалай алынады, қай жерде дәрет бұзылады, намаз қалай оқылады, дәрет, намаздың парызы, сүнетті, мұстақабын білу үшін фиқһ керек. Намаз үшін Құранды қатесіз дұрыстап оқу, қирағатты шығару, намазда не оқып тұрғаныңды білу. Ал намаз оқу Алланың әмірі. Үйдің қасындағы мештке ақшам оқу үшін кірдім, намаздан соң қара жігіт қысқада нұсқа уағыз айтты. Имам да бізбен бірге тысқа шықты, танысып сөйлестім. Медресенің ұстазы Ершат екен, осы мештте наиф имамдықты қосымша өтеп жүріпті. Уақытыңыз болса бізге қонақ болыңыз, мәулт дастарханы жайылып жатыр деп жұмсақ үнмен тіл қатты. Телефон ауыстық.
Бірнеше күннен соң Ершат ұстазға қонаққа бардым, есіктен кіргеннен басқа әлем, нұрлы жігіт жымия кеудесіне қолын қойып орташа дауыспен «Алланың нұры жаусын аға» деп амандасты, сүйретпе қойып, аяқ киімдерімізді шкапқа салды, қалың да жұмсақ, тап-таза кілемге басқан табаным былық етті, жүрегім жұмсарып, оймда жанып тұрған дүние оты бірден өшті.
Орта жастағы жігіт ағасы сөйлеп тұр, "қажылықта бір жігіттің шешесін мойнына мінгізіп кағбаны айланып жүр, шешесі көзінен жасын төгіп ұлына дұға жасайды, ұлы болса анасын көтере мәз болып алшаңдай басады"...Менде жайғастым, дәмді тағамдар басына. Артынша пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.у) ға мәулт оқылды, құран хатым түсірілді. Оқушылар, ұстаздар, қонақтар әжетханасы бөлек екен. Әжетхана іші жап-жаңа жиһаздар, қатар қатар тізілген қол жуғыштар, су сабын, палмадан жасалған қол сабындар мөлдіреп тұр, екі қапталдағы сандықшадан шеті көрінген суға езілмейтін қымбат аппақ қағаздар, кәдімгі офис, тап-таза, ешқандай бөтен ис жоқ, костюмді іліп, ұйқты шешіп, балақты аздап түріп, қажетті өтеуге ішке кірдім, тар да емес, кең де емес бөлме, аппақ мырамор, басы бітеу тері тәпшке мені "ки" дегендей күтіп тұр, кішкене құман, сол жақ алдыда аппақ қалың қағаз, сол жақ артыңда аузы жабық шелек, отырып алдыма қарадым, астымнан жылы бір леп еседі, астыңғы тесік жабулы, лып етіп ашылып қайта жабылады, ламинатталған жазуға көзім түсті:
Дәретхана әдебі:
- Дәретханаға сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығыңыз.
- Дәретхана тәпішкесін киіңіз, басқа тәпішкені ішке кіргізуге мүлде болмайды!
- Дәретхана ішінде сөйлеуге болмайды.
- Дәретхана іші истенбеу үшін дәрет алдында және дәрет барысында салқын су төгіп отырыңыз, бұл ысрапқа жатпайды.
- Дәретханада арнайы дәретхана қағазын қолданыңыз.( Басқа кітап, газет, т.б. парақшаларды еш қолдануға болмайды!).
- Тазалыққа мұқият болңыз. Өзіңіз кіргенде қалай болуын қаласаңыз, солай тазалап, тәпішкені оң қаратып кетіңіз.
- Дәретханадан шыққанда жарықты сөндіруді ұмытпаңыз.
Ғажап еш жерден көрмеген дүниелер, мешітпен салытыруға мүлде келмейді, дәреттен соң ис су сеппесең мешітке кіре алмайсың. Ондағы адамдар ардың күрдің, дөрекі, намаздан тысқа шыға аспандата күліп, ерепайсыз әркеттер жасап жатады, ал мұнда адамдардың аяқ дыбысының өзі естілмейді, ашылып жабылған есіктің даусы аздап білінеді, сағат тілі еркін сыртылдайды, әр кім өз жұмысын айтқызбай біледі... таңғажайып әлем...сондай қызықтым.... Ислам деген әу баста осылай тұнық болған, аяғына дейін осылай болады...біздің нұрлы жүзі аталарымызбен әжелеріміз осындай болған. Мен іздеген ислам осы деймін балаша қуанып...Білім екі түрлі бірі нан табу үшін мамандық иелену, бұнда әр адамға бір түрлі мамандық парыз емес, сондықтан да адамдар бір бірімен селбесіп өмір сүреді. Екіншісі Құдайтану, ол әр пендеге парыз. Нағыз керек алатын ілім сол, оны білмей болмайды.
***
Халифа Харуин Рашид мал базарға келеді, хасапшы халифаға мына қойды алсаңыз бұнда қара кесек еті пәлен кило, майы пәлен кило шығады деп тірі қойдың есебін береді. Таңғалған Харуин Рашид қойды жаңағы хасапшынң өзіне сойдырады, шынмен дәл солай болады. Қандай алғырсың, шын білімен не білесің деп халифа Құдайтану ілімінен сұрайды. Хасап түк білмейді. Халифа мына хасапты дараға асыңдар өмірді хасап деп қана ойлапты? Сені жоқтан бар еткен Алланы танымасаң сенің жазаң сол дейді.
Хасаптың екі ұлы келіп әкесі үшін сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, менің әкемнің Жаратушысын танымауына әкесі кіналы, ал бізге әкеміз осы білімді үйретті деп әкелерін өліменен алман алып қалпты.
Басында екі аптада бір рет барып, тез кетіп қалып жүрдім. Ақырындап сабақ алуды бастадым. Араб алфавитін ежелеп үйретті, құранға тіл сындырдым. оқыған сайын оқи бергің келеді, неше түрлі дыбыс шығады... Ол жерге барған сайын ойымдағы сан мың дүние тірлігі тоқтап, жаным тыныштыққа шомып, сондай рахаттанатын болдым, енді бір аптада бір барып тұратынды шығардым. Әр нәрсенің жүрегі болады, Құранның жүрегі Иассин сүресін деген ұстаз соны оқытты, қатесіз өзім оқыған соң толық жаттадым. Одан соң тажуиттің 24 түрлі ережесін меңгердім. Аллаға шүкір Құранды жақсы оқитын хәлге жеттім. Алланың каламы қандай керемет, еш жалықпайсың, оқыған сайын оқығың келеді. Мешттерге барғанда құранды оқып тұрған найф имамының қатесін іштей анық байқай бастадым. Сосын 30- парадағы 22 сүрені жаттауға бастадым. Бүнда ешкім уағыз айтпайды. Өзің үнсіз тәрбие аласың. Бірінші күні қалай бардым сол күй, сол тыныштық сол қалпында сақтаулы, адамдардың бәрі кастюм шалбар киіп, тік жағалы ақ не көк жейде киіп галстүк тағып жүреді. Жүздерінен алқызыл нұр жерге тамшылап тұрады. Қашан барсам да жылы қабақ, ыстық шай, ондағы оқушылардың әдептілігі сондай, үлкенді құрметтеп, дереу жарылып жол береді. Мешітте намаз оқығанда елдердің қолфоны безектеп қоя береді, бұнда телефонда үнсіз, үй ішіңді де ұмтып кетесің. Бұл араның тыныштығы, тазалығы, адамдары, шәйі, тағамы бәр бәрі саған үнсіз уағыз айтып тұрғандай...өзідігіңнен ойланасың, тәлім аласың, бұнда сөзсіз басқа бір нәрсе бар, намазды мешіттегі елде оқиды, олар мен бұлар аспанмен жердей...
Жұлдызды аспанға бұрынғыдан басқаша көзбен қарадым, көкпенбек селкеусіз үлкен шатыр. Айналада ағаштар бас иіп, жан-жануар бәрі де жерге қарап, үнсіз, адамға бағынады, мінсе көлік, ішсе сусын, жесе тамақ...Барлық нәрсе Алланыкі екен-ау, бұрын қалай білмедім, ұят-ай.
Одан кейігі жылдар ақида сабағы мен фиқһ (шариғат заңдары) ын оқуды бастадым, өзіміздің оң деп жүргенннің көбі теріс екеніне анық көзім жетті. Бөтен әйелге шаш алдыру, қолын ұстау, бір үйде өрлі төмен қалжыңдасып отыру... дәреттің, намаздың парызы, сүнетті, мұстақабы, мандбы деген сияқты нәрселерді үйрендім. Жеп жүрген нәрсеміздің көбі күманды екенін сездім. Аузыға кішкентай арам ас кірсе ол қанға өтіп, адам жүрегін қарайтуға себеп болатынын ұқтым...арам дегенде сол күнге дейін шошқаның етінен басқаның бәрін адал деп келген мен байқұс нағыз бейшара сауатсыздың өзі екенімді білдім. Мысалға арақ сататын дүкен мен арақ сатпайтын дүкен қатар тұрса сіз арақ сататын дүкеннен нан алсаң ол макурһ болатынын, ал бір тиінін алдап кем берсең ол нанның арам болып кететінін, ұрлап алған заттың толығымен арам екенін, тауып алған заттың иесін іздеу керек болатынын, тауықты бауыздап жүнін жидіту үшін ыстық суға салғанда оның денесіндегі үлкен кіші дәреті етіне жайылып кетеді дегенде сондай надандықтың батпағында батып жатқаныма таңқалдым. Барша жанды-жансыз өз әлемінде Жаратушысын ұлықтайды екен, құстар қанатын қаға Алланы ұлықтаса, таулар мен тастар, ағаштар мен өсімдіктер көктем сайтын жаңарумен өз алғысын білдіреді екен. Балықтар желбезегімен Аллаға мадақ айтады екен, мадағы тоқтаған сәтте жайылған торға түсіп қолды болады екен, ал оны жесем жүрегім Жартушыны зікір етуге жалқаулық танытады еп сыр бойында өмір сүрген қожа Ахмет ата аузына балық салмапты деседі. Тіпті өзі жасаған ағаш қасығы мен қалағынан түскен ақшаға алынған тамақ болмаса аузына нәр салмапты жарықтық.
Сол жерде отырғанда жан-дүниемде төңкеріс жасау керек деп өзіме серт бере бастадым....
Алайда қақпадан шыға, әдемі ойларым зым-зия жоқ болып, басыма тоқтаусыз дүние қамы... жұмыс, бала-шаға болашағы, қымбатшылық, ақаша табу керек... бәріне үй, көлік...
Әне, бағанадан тыныш қолфоным да безектеп қоя берді...
-Ассалаумағалайкум досым, қал-жағыдайың қалай?
-Уағалайкумассалам, шүкір жақсымыз. Өздерің қалай?
-Көптен бері хабарласпадық, барлығы жақсы ма?
-Шүкір, жақсы.
-Досым сенің болғаның қандай жақсы.
-Иа, Шүкір Алла. Не болды?
-Мен Талдықорғаннан Алматыға көшейін деп едім, үй жалдап отырамын ба деп ойлағам, үй жалдағанға кететін ақшаның басын құрап, қалғанын өзің барсың дегендей үй сатып алсам...
-Оның жақсы екен. Менен қандай көмек сонда.
-Менде ол жақта тұрақты жұмыс болмаған соң, банк қарыз бермейді, сен ҚазҰУ-дың доцентісің маған қарыз алып берсең, уағында төлеп тұрамын.
-Досым-ау «қарызы алу мен қарыз беруде өсімқорлық бар, үлкен күна» Құрандағы ең ұзын аят. Мен Аллаға қарсы келіп күнаһар болмаймын.
- Бүгінде қарыз алу модаға айналды, досым-ау. Қарызы жоқ ел табу қиын шығар.
-Иа, алған ел ала берсін. Алла Тағала Құранында айтты, мен бойсұндым, біз мұсылманбыз дейміз де, өзімізге ұнамаған жеріне бойсынбай жүре береміз бе сонда.
Талғат төбесінен жәй түскендей сілейіп, сенген досынан мұндай сөз естігеніне сене алмай, қолын құлағынан сырғыта төмен түсірді. Бар үміті селге кетті.
Кезінде екеуі бір университетте, бір бөлмеде жатып төрт жыл бірге оқыды. Қатты сырлас, дос болды. Руы басқа болсада, рухы бір адамға айналды. Жұптары жазылмай студент шақтың талай қызықты күні мен түінін бірге өткізген еді.
Жұмысқа баруға жолға шықтым, такси тостым, есігін ашып едім, ішінде екі әйел отыр, тағы біреуі тоқтады, ондада бір әйел отыр, алды бос емес, әйелдің жанына отыруға болмайды, соңғы кезде шашын алдыртатын еркек шаштараз іздейтін болдым, біреудің үйіне барса етті қайдан алды екен деп ойлайды. Базардан алса анау европалықтар сияқты от ауызды суық қарумен ата салды ма, әлде балғамен басына ұрып құлатты ма екен. Туыстарынан алса олар «Бисмилла» айтты ма екен деп, алаңдап барған жерден аузына ет салмайтын әдет таптым, неше түрлі қоспа қосатын қазір ең ауыр арам астың бірі кәмпит, печене деп оныда аузыма салмадым, онда «Е» деп басталатын қоспалар бар екен соған зер салдым. Зерделедім.
Е-100 Е-142 Е-334 Е-471 Е-491 Е-102 Е-152 Е-335 Е-472 Е-492 Е-103 Е-153 Е-336 Е-473 Е-493 Е-110 Е-210 Е-337 Е-474 Е-494 Е-111 Е-213 Е-420 Е-475 Е-495 Е-120 Е-214 Е-430 Е-476 Е-542 Е-123 Е-226 Е-431 Е-477 Е-550 Е-124 Е-234 Е-432 Е-478 Е-570 Е-125 Е-252 Е-433 Е-480 Е-572 Е-126 Е-270 Е-434 Е-481 Е-591 Е-127 Е-280 Е-435 Е-482 Е-631 Е-128 Е-325 Е-436 Е-483 Е-632
Е-140 Е-326 Е-442 Е-488 Е-633 Е-141 Е-327 Е-470 Е-489 Е-635 Е-904
Бұлар адамды белсіздікке, салғырттықа тағы басқа ауыруға апартын қоспа, одан қалса шошқаның сүйектерінің ұнтағы, сондықтан да олар ұзақ сақталады, еш бұзылмайды, бала кезде анасы үйде жасайтын тәтті тағамдары бар жоғы үш күнде дәмі өзгеретін, ал қолдың сүті тоңазтқышта тұрып төрт күнде ашиды, ал базардің сүті жылдап сақталады, қазір қолдың сүтімен шәй ішетін үй өте аз,
сондықтан мен толығымен қара шайға көштім. Үйдегі әр затқа аса сақтықпен қарап, абайлап ауызға салатын болдым, туыс-туған алып келген кампит печенелерді құрамына қарап, олар кеткен соң бала-шағаның жегісі келіп тұрғанына қарамай қоқыс жәшігіне тастадым... қаладағы адал моншаға ерінбей барып, аурет жерді жауып жуынатынды шығардық.
Көкке қарадым, арқан бойы көтерілген күн «ей, жұмыстан жай қаласың, тездет деп маған тіл қатты» бір кезде тұмсығы соғылған, екі пары жерге салбыраған қызыл машина келіп тоқтай қалды, рөлде бір келіншек, ішінде екі еркек отыр, үшіншісі болып жанына отыра қалдым. Мұрнын сүртіп қойып, көзін аударып төңкерген келсаптай қара қатын гәзді құлаққа дейін басып аңыратып барып алдындағы машинаның түтінін жұтта зорға тоқтап, «ёптваемат айдасаңшы, ішің ауырып келе ме» деп терезесін ашып бақырды. Анау да бір көк соққаның өзі екен. Көліктен атып түсіп әйелге өңкиіп келді де кілт бұрылып кетіп қалды. Жұмысқа зорға жеткен мен алқына аудиторяға кірдім. Жалғыз докторантым сопайып отыр, саны жалтырап, кеудесі тырсиып ісініп кетіпті. Шайтан шауып келіп жұмысын бастағанша менде «бөтен еркек бөтен әйелмен бөлек бөлмеде отыруға болмайды» дегенді ойлап есікті ашып қойып қытай-қазақ грамматикасын салғастырмалы лекциясын оқи бастадым.
***
Көше толы көлік. Жұмыстан шаршап медресеге келдім. Қасиетті миғраж түні. Айланып отырып барлық жігіттер Құран оқып отыр. Менде арт жағына барып жайғастым, жаным тыншып, бойым балқып шаршағаным басылды. Ақубаша ат жақты арық жігіт бәсең үнмен сөз бастады. Сіз біздегі жан тыныштығы мен үнсіз тәртіп қайдан келді, бұлар қалай бір бірін үнсіз түсінісіп жұмыс жасайды деп таңғалып жүргеніңізді білеміз оның сыры мынада он бір нәрседе.
1. Әрбір демде Алладаны еске алу. Әр демде өткен мен болашақты ойлау.
2. Салих адам қалада, жолда барлық жерде аяғының басына қарап жүреді. Жан-жағына жалтақтау, көзбен жүрекке баратын барлық жамандық атаулыдан бойын аулақ ұстау.
3. Шәкірт пенделік сипаттан періштелік сипатқа өтуге тырысу, жаман мінезден жақсы мінезге өзгеру.
4. Сыртқы көріністе халықпен бірге болу, ішкі дүниеде Хақ сұбхана уа Тағаламен болу». Жан-дүние тазалығы үшін жасалған сұхбат хылуеттен абзал.
5. Ділдің жүрекпен бірге зікір етуі. Жан мен тәннің бір-бірімен тілдесуі.
6. Зікір етуші әрдайым зікір сөзін ділімен айтуы керек. Нәтижесінде жан-дүниесі «Аллаһым менің мақсатым Сен және Сенің ризалығың» деу. Сонда шыншылдық дәрежесі пайда болады.
7. Ақыл –ойды бақылау. Осылай бір демде бірнеше рет зікір сөзін айтумен ақыл-ойын өзгеге кетірмеу.
8. Ділдің әрқашан Хақ Тағаладан ғапыл қалмауы. Хақ затын сүю арқылы ділде ғапылдықтан арылу.
9. Әр тыныста Алладан жарылқау тілеп, дем шығарғанда Аллаға шүкіршілік ету. Пенденнің әр тынысы не сергектікте не ғаплдықта өтеді. Тынысына ие бола алмаған бұл нәрседе махрұм. Әр минут бос болмауы. Егер ғаплете болсақ зікірді қайта басынан бастау. Зікірдің санына көңіл бөлу. Зікір саны ойдың шашырамауы үшін қажет. Зікір еткенде текқана Алла Тағаланы есте ұстау шарт.
10. Жандүниенің Хақ Тағаланы ойлауы. Осылайша жүректе Алладан өзгеге орын қалмайды. Зікр етуші Алла Тағаланы ойында ұстап жандүниесімен Оған байлануы шарт.
11. Зікір етушінің өз жүрегіне назар салуы. Адам әр дайым жүрегін зікір етумен шұғылдандырып, зікірден махрұм қалуға жол бермеу керек. Осы он бір нәрсеге мықты болғанда нағыз тақуалыққа жетеуге болады. Зікір етудегі мақсат Алла Тағалаға махаббат, тағызым сол арқылы әр кез Жартушысын естен шығармау. Зікір етуде маңыздысы жүректің зікір етуі. «Алла» сөзін жүрек үнсіз қайталаумен жан дүние тыныштыққа шомады. Адамдардың Алла алдындағы дәрежесі тақуалықпен өлшенеді. Міне осы нәрселерді үйретін мектептер қалыптасқан ол Тариқат деп аталады. Бұның басы Паймбарымыз (с.а.у) бен Әбу Бакір (р.а) сәуір үңгірінде үш күн түнегенде басталды. Тариқат-жол деген мағынада. Бастапқыда адам күнадан тазарып, рухани көтерілу жолында болып, барлық тән құмарлықтарымен (нәпсісімен) күреседі. Адам әлсіз болғандықтан тариқатта рухани тәлімгердің көмегінсіз тазара алмайды. Өз бетімен құлшылық жасап кемелдікке жете алмайды. Тариқат жетекшілері үкен әулиелерден болады. Орта азияда Қожа Ахмет Иссауи негізін салған Иссауи тариқаты, бұхаралық Бахау-Дин Нақшбанди негізін салған Нақшбандия тариқаты және хорезмдік Нәжім-ад Дин Кубра негізін салған кубравия тариқаттары кең таралды.
«Әулие» сөзі арабтың «уәли»-жақын, дос, көмекші ұғымын білдіреді. Бұл сөздің шариғаттағы мағынасына келсек: күнә істеуден бойын аулақ ұстайтын, Аллаһқа шынайы итағат етуші. Оған деген махаббаты жалындап, Одан қатты қорққан және Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у) сүннетін қалдырмастан мұқияттылықпен орындаған, иманы берік кісі. «Уәли» сөзінің көпше түрі «Әулие» (достар). Қазақтың әр батыры әулие болған. Сосын да осынау кең байтақ даланы имденді.
Әз Тәукенің пірі пір Мүрсәлі, Абылай ханның пірі жалаң аяқ Әздер, Бейбарыс сұлтанның пірі Қызыр бин Аби Бакр бин Муса әл-Адауи, Жүніс ханның ұлы Ахмет хан мен Әбу Сағид сұлтанның пірі қожа Убейдұлла Ахрар хз. Төле би атамыз Шеххауа Тахир атты өз піріның жанында жатыр, Әмір Темір патша пірі шейх Мир Саид Бараканың өкшесінде жатыр. т.б хан-сұлтандардың Түркістанға өзін жерлеуді өсиет етуі заңдылық.
Сізде бүгінге дейін Құран сауат ашып, ақида, фиқһ білімдерін жақсы меңгеріп, ең бастысы осы ортадан үнсіз тәрбие алып бірнеше жылда біздің қаратымызға қосылуға сыртыңыз дайын болды. Алла құзырына жетуің әуелгі жолы-пірдің «Ла иләһа иллаллаһ, Мухаммаду расулулла» деуімен тән мен жаныңызды әзірлеп, таң сәріде саһар уақытында піріңіздің жан-дүниесінің алдына тізерлеп отырасыз, солай ішкі әлеміңізді тәрбиелей бастайсыз, кемелдікке ұмтыласыз.
Мен үнсіз келістім. Өзім іздеген баяғы аталарымның нұрын енді табатыныма қуандым. «Кешегі өткен заманда, дін мұсылман әманда» деп басталатын бала кезде жаттаған эпостық дастандар есіме оралды онда «әулие қоймай қыдырып, етегін шеңгел сыдырып» солай жалғасады. Онда бас кейпкердің қоғаушысы қырық шілтен ғайперен, қызыр ата жырланады.
Өмірде ұстазың болсын, пір тұт, мүршитке ер, онсыз етпек болған сапарың қиындықтарға, үрейге және хәуіпке толы болмақ. Бетке алған ұзақ сапарыңда жол көрсетуші болмаса, жолыңнан адасасың. Аллаға барар жолға жалғыз шықпа. Ұстазсыз, пірсіз жүрген пенде бір күнде жүретін жолды жүз жыл жүреді деген Әулие ақын Маулана Руми.
Абай (Ибрахиым) атамызда "ұстазсыз (пірсіз) шәкірт тұл" десе, ал пайғамбардан жеткен ақыляда "ұстазы (пірі) жоқтың ұстазы шайтан" делінген. Пайғамбарымызда жебірейіл періштенің нұсқау көмегімен құранды қабылдады, үйренді әрі сахабаларға пайғамбар исламды, иманды және ізгілікті үйретті.
Мәшинәмен бұрын барып көрмеген алыс жаққа сапарласақ GPS-ті істетіп, оның жол көрсеткіші арқылы, жолдан адаспай, діттеген жерге жетеміз. Зеңгір көкте ұшқан ұшақта әуедегі ұзақ сапарда GPS пен радардың көмегінде алған бағдарынан адаспай, мақсатты жеріне жетеді. Радар көмегі болмаса бұл ұшақ тауға немесе қасат бұлытқа соғылып шағылар, яки шетсіз-шексіз әуеде бағдарсыз қаңғып мерт болар. Сәбиде ата-анасының көмегі, жол көрсетуі және қорғауы астында алаңсыз ержетіп, тән және рухани жақтардан ақаусыз есейеді. Оқушыда ұстаз мүғәлімдерінің жол көрсетуімен үйретуінің арқасында, білімін ұштап үлкен универлерге оқуға түседі. Олар универлердеде ғылыми жетекшінің көмегінде бітіру дисертациясын жазып, оқуын сәтті тамамдайды. Дүние ісінде де ғалым болу үшінде, алдымен бір ғалымды пір тұтып, оған еліктеп соның көмегімен жетістікке жетеді.
Шекті ақылың жете бермейтін Аллаға барар жолда ұзақ сапар іспеттес, бұл ұзақ жолда бағыт-бағдар көрсетіп тұратын ұстаз мүршитіңіз болмаса, жолыңызда адасасыз.
Жәй тірліктер үшін бағыт бағдаршыға, жол көрсетушімен үйретушіге жүгінетін біздер, неліктен дүние ісінен әлдеқәйдә маңызды болған рухани өмір жолымыз үшін, дін-иман жолымыз үшін ұстазды қәжетсінбеуіміз керек?
Атаның мұрасын жалғастырушы баласы болса, пайғамбар рухани мұрасын жалғастырушылар - әулиелер, ізгі ғұламалар және даналар.
Рухани өмір сапарыңызбен дін-иман жолыңызға пайғамбардың мүрагерлерін өзіңізге ұстаз пір тұтып, медет етіңіз. Әйтпесе бұл ұзақ сапарда нәпсіңіздің, шайтанның, дүниенің және хауаның шабуылына ұшырап АЛЛАҒА жете алмай, пайғамбар жолынан ауытқып кетерсіз деген арық ұстаздың сөздері жадымда сондай сақталды.
Әр күні сахар уақытында тілімді таңдайыма жабыстырып, тістеніп, құшырланып, демімді ішіме тартып, мойнымды жүрек тұсыма бұрып, екі қастың ортасындағы нәпсімді тұтқындауға әркет еттім, ақыры байладым, Алла нұры әуелде Пайғамбарымыз(с.а.у) одан Әбу Бакір (р.а) солай 32 рухани алтын шынжырдан өтіп піріме нұр ағылды, ол маған лайқтап рухани жүрегіме нұр құйды, асау нәпсім басында тулап бұлқынды, жасаған үлкені-кіші күналарым есіме түсіп, байқұс бір күнаһар екенімді сездім, өкіндім, тәубеге келдім, нәпсім нұрға шыдамай күйе бастады, артынша шыжылдап жанды, менің жаным сондай рахаттанды. Келген нұрды көтере алмай басында әбден тәлтіректедім, ақырындап жаным балқып, жан тыныштығына шомдым, нұрдан рухани шапан кидім, пірім енді мені өз құзырынан босатты, көз алдымда Құбылам Кағба, Кағбадағы көктен түскен Хаджаруль-асвадтан бастап барша әлем «Алла, Алла» деп сағат тілі сияқты соғып тұрғанын естім, судағы балықтар, гүлден гүлге қонған аралар, аспандағы құстар, адуынды арастандар, алып таулар, жөңкіле аққан асау өзендер бәр бәрі тоқтаусыз өз Жаратушын тынбай зікір етуде, менде соларға қосыла Жаратушымды таптым....ет жүрегімнің астындағы рухни жүрегім тоқтаусыз ар демде үш рет «Алла» деп соғып тұрды....Әр күн түсімде баратын әлем әруққа лезде жеттім...таңғы азанның даусымен өзімді тауып жуасыған хәлде орнымнан діріл қаға тұрдым, мен содан бері тірілдім....мәңгілікке тірілдім...
Рахаттана көкте қалықтағандай күй кештім, енді әйелімнің қисық сөздері мен ащы даусы маған еш әсер етпейтін болды... өйткені мен тірілдім…
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.