ASTANA EURASIAN BOOK FAIR - 2025
Бөлісу:
Елімізде дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келе жатқан “ASTANA EURASIAN BOOK FAIR” атты ең үлкен кітап көрме-жәрмеңкесінің бүгін үшінші күні.
Бұл жерде оқушылар мен студенттер, ата-аналар, сондай-ақ барша кітапсүйер қауым қаламгерлермен кездесіп, пікірлесіп, қолтаңбалы кітап алу мүмкіндігіне ие. Шараны ұйымдастырушы - республикалық және халықаралық деңгейдегі үлкен жұмыстарға мұрындық болып жүрген “Фолиант” баспасы. Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында 23 сәуірден бері күн сайын сағат 10:00-20:00 аралығында оқырман қауымға қолжетімді бағада кітап нарығының ең озық кітаптары ұсынылып жатыр.
Сондай-ақ “Фолиант” баспасынан бөлек, ұлттық және халықаралық деңгейдегі ең озық баспалар жаңадан басылған, сұранысқа ие кітаптарын жәрмеңке үшін Астанаға арқалап келгені белгілі:

















Көрменің үшінші күнінде ең көп сатылып жатқан кітаптар жайлы баспалардан ақпарат алдық. Нәтиже төмендегідей:












Балалар әдебиеті бойынша ең көп сұранысқа ие кітаптар:




Сондай-ақ жәрмеңке аясында қызықты кездесулермен қатар қыш ыдыс жасау, сурет көрмесі, көркем жазу секілді шаралар да ұйымдастырылып жатыр:





Жәрмеңкеге бала-шағасын ертіп келіп кітап таңдап жүрген отбасылардың да, балаларына кітап іздеп келген ата-аналардың да бой көрсетуі, келген адам санының көптігі - технология дәуіріндегі адамдардың жеке даму мен ұлт болашағын ойлауға деген құштарлығын көрсетеді. Бұл жағдай бәріміздің көңілімізді қуантты:






Жазушы Хорхе Луис Борхестің: “Мен жұмақты әрдайым бір кітапхана ретінде елестететінмін”, - деген сөзі бар. Біз де жәрмеңкеге кірген сәтте жұмақтың ауласына адым атқандай әсерде қалғанымызды жасырмаймыз…

Бөлісу: