Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Америкалық жазушылар ЖИ-ды сотқа берді...

31.08.2025 233

Америкалық жазушылар ЖИ-ды сотқа берді 6+

Америкалық жазушылар ЖИ-ды сотқа берді - adebiportal.kz

«2024 жылы тамыз айында бір топ кітап авторлары ЖИ жасаушы Anthropic компаниясына қарсы «Авторлық құқықты бұзу» дерегі бойынша АҚШ-тың федералдық сотына шағым түсірген болатын. Енді, арада бір жыл өтпей, тараптар өзара келісімге келгені белгілі болды», - деп жазады fortune.com сайты.

АҚШ-тың федералдық апелляциялық соты 26 тамыз, сейсенбі күні жариялаған ақпаратқа сәйкес, тараптар «Талаптар бойынша ортақ келісімге» келген. Келісімнің нақты шарттары келесі аптада толық жарияланады делінді.

Anthropic компаниясы бұл жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартса, авторлар атынан сөйлеген заңгер Джастин Нельсон: «Бұл – барлық авторлар тобы үшін пайдалы әрі маңызды тарихи келісім болды», - деп атап өтті.

Федералды судья Anthropic компаниясы туралы: «ЖИ индустриясында арналған ірі сынақ алаңында, Anthropic маусым айындағы өз чат-боты Claude-ты миллиондаған авторлық құқықпен қорғалған кітаптар арқылы үйреткенімен, заңды бұзбағанын», - деп мәлімдеген болатын.

Алайда компания әлі де жауапкершілікте қалды, өйткені ол кітаптарды интернеттегі пираттық «Көлеңкелі кітапханалардан» жүктеу арқылы қалай алғаны үшін сот алдында жауап беруі тиіс деп танылды.

Сан-Франциско аудандық федералды судьясы Алсуп өз шешімінде бұл процесті: «Трансформациялық негіз», - деп атап, АҚШ авторлық құқық заңына сай: «Әділетті пайдалану», - деп бағалады.

«Жазушы болғысы келетін кез келген оқырман сияқты, Anthropic бұл еңбектерді көшіру немесе плагиат жасау үшін емес, тың дүниелер жасау мақсатында пайдаланған», - деді судья Уильям Алсуп.

Авторлар Андреа Бартц, Чарльз Гребер және Кирк Уоллес Джонсон – өз арызында компанияның әрекетін «Кең ауқымды ұрлық», - деп атап, «Жасанды интеллект арқылы адам шығармашылығы мен зияткерлік меншікті рұқсатсыз пайдалану арқылы табыс табуға тырысуда», - деп мәлімдеді.


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@qcontent.kz 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар