Алматыда көрнекті қаламгерлерге көше аттары берілді
Бөлісу:
Алматы қаласы мәслихатының XXXIV сессиясында депутаттар бірқатар әлеуметтік маңызы бар мәселелерді қарады. Негізгі шешімдердің бірі – қаладағы 156 атаусыз көшеге атау беру болды. Оның ішінде 22 көше Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімін иеленсе, 15 көше «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізілген көрнекті қайраткерлердің атын алады. Олардың қатарында халық жазушылары Мұзафар Әлімбаев, Әбдіжәміл Нұрпейісов, абайтанушы Қайым Мұхамедхановтар бар. Қаламгерлерден бөлек, шешім аясында белгілі түрколог Әбдуәли Қайдар, ғалым Шора Сарыбаев, тіл білімінің көрнекті ғалымы Рәбиға Сыздық, қазақстандық тұңғыш телевизия аниматоры Әмен Қайдаров, суретші Сабыр Мәмбеев, ғалым Карл Байпақов атындағы көшелер пайда болмақ. Ал қалған 118 көше танымдық, тарихи-мәдени және дәстүрлі атауларға ие болады. Бұл ұсыныстар алдын ала мәслихат комиссияларында қаралып, Қоғамдық кеңеспен келісілген және Республикалық ономастикалық комиссияның оң қорытындысын алған.
Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі
Бөлісу:
Көп оқылғандар
Мақсат Тәж-Мұрат. Күлгін проза немесе әдебиетіміздегі әйелдер шығармашылығы туралы толғам
Cағымбай Жұмағұл. Қапастағы қаламгерлер...
Іскерлік журналистика - жүйрік жанр
«KitapTime – 2025»: бәрі де оқырман игілігі үшін
Алматыда көрнекті қаламгерлерге көше аттары берілді
Бішкекте қазақ-қырғыз зиялылары форумы өтті
Ән сөзінің әміршісі...
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Ақкүрең Бақыт. Арманын адасып тапқан ағам (әңгіме)
Арманшыл кітаптар сөйлейді...
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Архивтегі ашық есік күні
Қазақ өнерінің хас режиссері
Қуаныш Дәлейұлы. Бостандық туралы жыр...
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Міржақыптың музыкалық мұрасы
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Асанәлі Әшімұлы: «Актермін мен, мың өліп, мың тірілген»
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Асқар Алтай. Бала жанының бағбаны
Гүлтас Құрманбай. Тағдыр сыйы