Петропавлда «Фариза Оңғарсынованы оқимыз» акциясы өтуде
Бөлісу:
Астана. 21 қыркүйек. Петропавлда С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханада «Бір ел-бір кітап-2013» республикалық акциясының аясында Қазақстанның халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті.
Шараны өткізудегі мақсат - танымал ақынның шығармашылығын оның оқырмандары мен көпшілікке дәріптеп, поэзияға деген қызығушылықтарын ояту.
Соңғы жылдары осы акцияның барысында ақын Ж.Молдағалиев пен М.Жұмабаевтың шығармашылығы оқылды. «Фариза Оңғарсынованы оқимыз» акциясы 2013 жылы жарияланды. Бүгінде ол Қазақстандағы оқырманы қисапсыз авторлардың бірі. Алғашқы «Бұлбұл» атты жинағы 1967 жылы шыққан. Кейін қазақ және орыс тілдерінде «Алмастың жүзі», «Намысты ұрпақ», «Күнді күту» кітаптары жарық көрді.
Конференция барысында Ф.Оңғарсынованың шығармашылығын ер адамның , мәселен, М.Өтемісұлының өлеңдерімен салыстырылатыны айтылды. Дегенмен оны Анна Ахматова, Марина Цветаева, Белла Ахмадулина сынды атақты ақындардың ізін жалғастырушысы деуге болады.
Биылғы жылдың сәуір айынан бастап, облыстың барлық кітапханалары осы акцияға қатысып келеді. Оның барысында поэзия кештері ұйымдастырылып, кездесудер мен байқаулар өтті.
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы Ф.Оңғарсынованың шығармашылығы бойынша халықаралық кітапхана блогтары арасында байқау жариялады. Оған Ресей мен Қазақстаннан 30 кітапхана қатысуға тілек білдірген.
Қайнар көз: www.baq.kz порталы
Бөлісу: