Ілеспе аударма: теориялық негіз бен практика
Бөлісу:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында қазақ тілінен ағылшын, ағылшын тілінен қазақ тіліне ілеспе аударма жүргізуді үйрету курсын өткізуде.
Былайғы жұртшылықтың көзі үйренген, кеңседегі іс қағаздарын аударып отырған мамандардың бәрі бірдей бір тілден екінші тілге ілеспе аударма жасай алмайтыны даусыз ақиқат. Өйткені, бұл сала аудармашыдан реакция жылдамдығын, психологиялық және физиологиялық тұрғыдан төзімділігін, екі тілде таза сөйлеуін талап етеді.
Бұған қоса лингвистика мен аударма теориясы саласын жақсы білуі шарт.
Бұл шараның басты мақсаты – аудармашы мамандарға аударма теориясы мен практикасы, қазақ тілінің ресми стилі, аударманың лексика- грамматикалық және редакциялау мәселелері аясында оқу-әдістемелік көмек көрсету;
Курста аударма теориясы, жазбаша аударма мен ауызша аударманың ерекшеліктері, ілеспе аудармашыға қажетті базалық грамматикалық және фразеологиялық үлгілері, сөздік қорды байыту жұмыстары бойынша дәрістер оқылады. Сонымен қатар, аудармашы мамандарға аударма теориясы мен практикасы, аударматанудың өзекті мәселелері шеңберінде оқу-әдістемелік көмек көрсетіліп, аударма саласындағы ғалым мамандар озық тәжірибесімен бөліседі.
Курсты аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Әлпейісова Камал Әбілқасымқызы жүргізуде.
Курсқа орталық және жергілікті атқарушы органдарының аудармашылары қатысып жатыр.
Қатысушыларға біліктілік сертификаттары табысталмақ.
Бөлісу: