Қазақ кітапханасы жаңа электронды кітаппен толықты

Бөлісу:

13.09.2013 3613
434_d20a990b7ec30e20312e077f44cac177.jpg


Астана. 13 қыркүйек. Бұл туралы бүгін «Халық сөзі» республикалық қоғамдық-саяси газетінің үш жылдық мерейтойында Ұлттық академиялық кітапхананың қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Сәулеш Сапабекқызы мәлімдеді.


«Халық сөзі» газетінің үш жылдық мерейтойына арналған «Халық сөзі» кітабы енді оқырмандарына электронды нұсқада да қолжетімді болады. Газет ұжымының салиқалы сұқбаттары мен танымдық туындылары, оқырман айтқан тұщымды пікірлер жинақталған бұл кітаптың электронды нұсқасы қазақ баспасөзінің дамуына қосылған үлкен үлес болмақ.



664628cc514daa511e02268054a6e64e.jpg



Сәулеш Сапабекқызы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі:


- Қазіргі уақытта электронды кітаптарға сұраныс артып келеді. Біздің кітапхананың қызметін 74 мемлекеттен 140 мың оқырман тұрақты пайдаланып келеді. Интернет арқылы электронды кітаптарға сұраныстың артуына байланысты «Халық сөзі» жинағын электронды нұсқамен ұсынуды жөн көрдік. Алдағы уақытта бұл кітаптың аудиториясы еліміздегі оқырмандармен ғана шектелмей, шет елдегі оқырмандардың да кәдесіне жарайтын болады.



Жинақтың 1000 данамен ғана шыққанын ескерсек, оның электронды нұсқасының да жарыққа шығуы оқырман үшін үлкен қуаныш.



Қайнар көз:   www.baq.kz порталы

Бөлісу:

Көп оқылғандар