Мағжан Жұмабаевтың еңбектері татар тіліне тәржімаланды

Бөлісу:

03.10.2013 5581

6e178d75d7186506a415a8032aece376.jpg51ea7cf992f1f14df03876b80029762e (1).jpg81ac7d3ce4e15ac748fbfbb3f42a6f6e (1).jpg2221b5bad46baf5b23a84987846e4e82.jpg



Астана. 3 қазан. Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада қазақ классигі Мағжан Жұмабаевтың татар тіліне аударылған өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті.



Мағжан Жұмабаевтың туғанына 120 жыл толуына орай Қазан қаласында Татарстанның Жазушылар одағы ақынның «Жаң сүзе» атты өлеңдер жинағын татар тілінде шығарған. Кітапқа Татарстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ақын Радиф Гаташтың, Нури Арслановтың, Мударис Аглямның және Флера Тарханованың аудармалары енгізілпті.


Кітаптың тұсаукесер рәсімінде сөз алған ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы бас директорының орынбасары Ғалия Бөкейқызы Мағжан Жұмабаевтың өлеңдер жинағы татар тіліне тәржімалануы қазақ әдебиетінің зор жетістігі екенін алға тартып: «Мағжан Жұмабаев – әлем ақыны. Жастар Мағжанның жырларымен сусындап, тәлім-тәрбие алуда. Бүгінгі «Жаң сүзе» кітабы кітапханамыздың қорын тағы бір тың туындымен толтырды», - деді ол. 

 
Ал, Қазақстан татарлары мен башқұрттары қауымдастығының құрметті президенті, Татарстан жазушылар одағының мүшесі Тауфик Каримов Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы туыстас татар халқын қатты қызықтыратынын, ұлы ақын Уфадағы атақты «Ғалия» медресесінде білім алғанын да алға тартты.  

 
Сондай-ақ, кітаптың тұсаукесер рәсімінде ҚР Парламент сенатының депутаты Жабал Ерғалиев, Филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Нұрлан Окаұлы Мағжан Жұмабаев туралы өз ойларымен бөлісіп, жастарға тың мәліметтер берді.


Естеріңізге сала кетейік. "Жаң сүзе" кітабының тұсаукесер рәсімі тамыз айында Қазан қаласында өтті. 


 

Айбек РАХИМОВ


Қайнар көз: www.baq.kz порталы

Бөлісу:

Көп оқылғандар