«Үштаған» атты кітап жарыққа шықты

Бөлісу:

11.09.2013 4647
11dcf96e4eae2b349c652e4f6b33d2ac.jpg


Астана. 11 қыркүйек. Бүгін белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебайдың «Үштаған» атты кітабы жарық көрді. 

Танымал қаламгер Дүрәлі Дүйсебайдың бұл кітабына соңғы жылдары жазған спорт, тіл және тарих туралы мақалалары, қоғамдық ой-толғамдары, күнделік жазбалары енген. Автордың түрлі басылымдарға берген сұхбаттарының да өзектілігі жойыла қойған жоқ. Кітаптағы мақалалары шағын, бірақ көтерген жүгі салмақты, тілі жатық, жеңіл оқылады. Қалың көпшілікке арналған. Кітап үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім "Айтайын дегенім..." деп аталады. Онда спорт, тіл, тарих туралы қоғамдық ой-пікір, толғамдары, екінші бөлім "Сұхбат-сырсандықта" бүгінгі күнгі өзекті мәселелерге арнап түрлі басылымдарға берген сұхбаттары, үшінші бөлім "Көңіл күнделігінде" автордың өмір, тіршілік туралы жазбалары, танымдық толғамдары жарияланған.

Қайнар қөз:   www.baq.kz порталы

Бөлісу:

Көп оқылғандар