Бағыбек Құндақбайұлы
Бағыбек Құндақбайұлы (11.10.1926, қазіргі Қызылорда обл. Шиелі ауд. Сұлутөбе а. – 21.01.2010, Алматы) – театртанушы, педагог, өнертану докторы (1996), Ресей Табиғаттану академиясы Еуразия өнертану бөлімшесінің академигі (1996), ҚР еңбек сіңірген қайраткері (1995), профессор (1989), Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері (2005). 1955 ж. А.Н.Островский атындағы Ташкенттің мемлекеттік Театр-көркемсурет институтының театртану факультетін, 1963 ж. Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік Театр өнері институтының аспирантурасын бітірді. Б.Құндақбайұлы “Семей қазақ театры: тууы, дамуы, қалыптасуы” (1964) кандидаттық, “Қазақ театрының негізгі даму кезеңдері” (1996) докторлық диссертация қорғаған. 1958 жылдың мамырынан бастап өмірінің соңғы күніне дейін Ұлттық ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер интитутында әуелі кіші, сосын аға ғылыми қызметкер, 1981 жылдан бері бөлім меңгерушісі міндетін атқарды. 1988 жылдан Б.Құндақбайұлы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының “Театр өнерінің тарихы мен теориясы” кафедрасының оқытушысы, профессоры, 1993-1999 жылдары кафедра меңгерушісі болды. Көптеген актерлер, режиссерлер, театр суретшілері профессор Б.Құндақбайұлынан лекция тыңдаса, 1990 жылдан бері Қазақ Ұлттық өнер академиясында өзі ғылыми жетекші болып театртанушыларға білім берді.
Б.Құндақбайұлы негізінен қазақтың театр өнері тарихын, оның қалыптасуы мен өсу мәселелерін, актерлер мен режиссерлер шығармашылығын, сондай-ақ облыстық театрлардың көркемдік ізденістерін зерттеді. Ұзақ жыл театр сынымен айналысып, көптеген мақалалар жариялаған (ұзын саны 700). Мәскеуде шыққан еңбектірін “Театр”, “Литературная жизнь”, “Российская культура” басылымдары жоғары бағалаған.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ресей жаратылыстану академиясының «Евразия зерттеу» бөлімшесінің академигі, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері, «Құрмет» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. М.Кәрімнің «Айгүл елінде», Б.Жәкиевтің «Ертең жаңа жыл», «Бәрі де ойыннан шықты», И.Экренің «Сау басыма — сақина», «Майор Тоот және басқалар», Лев Устиновтың «Таза жүрек» пьесаларын қазақ тіліне аударған. Қазақша, орысша мәдениет пен өнер терминологиялық сөздігінің жетекшісі әрі авторларының бірі. ІІІ томдық «Қазақ өнерінің тарихы», монографиясының театр бөлімін жазған.
Б.Құндақбайұлы Қазақстан жазушылар, Театр қайраткерлері одақтарының, Мәдениет министрлігі мен театрлардың репертуарлық, көркемдік кеңестерінің мүшесі ретінде де үлкен жұмыстар атқарды.
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды