Мырзагелді Кемел
Мырзагелді Кемел 1949 жылы 15 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданында туған. 1971 жылы Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының ауыл шаруашылығын электрлендіру мамандығын, 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Жамбыл университетінің құқықтану факультетінің заңгер мамандығын тамамдаған.
Еңбек жолын 1971 жылы Мақтарал ауданындағы «Октябрьдің 30 жылдығы» совхозында аға инженер болып бастаған. 1975–1992 жж. Мақтарал ауданында партия, кеңес қызметінде болды. 1992–1994 жж. кеңшар директоры, 1994–1995 жж. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 1995 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы шетел инвестициясы жөніндегі комитетінің сектор меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1995–2004 жж. бірінші, екінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты.
Руханият саласында 10 кітап шығарған, олардың ішінде өзі жазған ізгілікке, имандылыққа, білім-білікке, ақыл-парасатқа үндейтін танымдық-көсемсөздік еңбектерге қоса, қытай ақылмандары Лао Цзы мен Конфуцийді, испан пәлсапашысы Бальтасар Грасиан, ежелгі үрім және грек ақылмандарының афоризмдерін, қазіргі ілімдерді насихаттаушы Луиза Хей, бүгінгі күннің ең атақты жазушыларының бірі Пауло Коэльолардың таңдаулы еңбектерін қазақ тіліне тәржімалаған. «Дүние» және «Экология и устойчивое развитие» журналдарын шығаруда. «Абзалдық әліппесі», «Өзіме сабақ» сияқты кітаптары оқырман қауымнан жоғары бағасын алған.
2004 жылы экономика ғылымдарының докторы ғылыми атағын алған. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, 14 монографияның, 100-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы.
Көп оқылғандар
28.10.2026
1925
28.10.2026
1715
26.10.2026
1580
27.10.2026
949
26.10.2026
801
27.10.2026
799
28.10.2026
478
28.10.2026
460
28.10.2026
398
24.10.2026
396
25.10.2026
393
29.10.2026
363
28.10.2026
303
23.10.2026
259
21.10.2026
4387
22.10.2026
4240
20.10.2026
3378
07.10.2026
3293
15.10.2026
3214
20.10.2026
2931
09.10.2026
2882
16.10.2026
2576
05.10.2026
2293
09.10.2026
2292
30.09.2026
2176
08.10.2026
2133
15.10.2026
2126
28.10.2026
1925
