Мұрат Әуезов
Мұрат Әуезов 1943 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысының Меркі селосында туған. 1965 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің жанындағы Шығыс тілдері институтын қытай филологиясы мамандығы бойынша бітіреді. М.Горький атындағы Әлем әдебиеті институтының аспирантурасын 1969 жылы «Проблемы национального своеобразия современной казахской литературы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаумен аяқтайды. Бірқыдыру уақыт Қазақ КСР Ғылым академиясының Философия және право институтында, республикалық Тарихи ескерткіштерді қорғау қоғамында жұмыс істеді. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының Бас редакторы болды, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы елшісі, Халықаралық «Сорос» қоры қазақ бөлімшесінің төрағасы, Ұлттық кітапхананың директоры болды.
«Дни своей долгойдолгой жизни» деген мақаласы «Дружба народов» журналының (№8, 1968) сыйлығын алған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Шығармалары: Времен связующая нить. Монография. А., «Жазушы», 1972; «Иппокрена Хождение к колодцам времен», 1997.
Көп оқылғандар
28.10.2026
1657
26.10.2026
1573
28.10.2026
1068
27.10.2026
888
26.10.2026
783
27.10.2026
773
28.10.2026
448
28.10.2026
390
24.10.2026
390
25.10.2026
388
28.10.2026
325
23.10.2026
256
25.10.2026
245
23.10.2026
219
21.10.2026
4383
22.10.2026
4235
20.10.2026
3375
07.10.2026
3283
15.10.2026
3211
20.10.2026
2916
09.10.2026
2867
16.10.2026
2574
09.10.2026
2289
05.10.2026
2288
30.09.2026
2174
08.10.2026
2131
15.10.2026
2120
14.10.2026
1876
