Бақыт Кәрібаева
Бақыт Кәрібаева 1943 жылы 2 қарашада Қарағанды облысы, қазіргі Жаңаарқа ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін, 1973 жылы осы оқу орнының аспирантурасын тамамдаған. Филология ғылымының докторы.
Алғашқы сын мақалалары республикалық басылымдарда жетпісінші жылдары жарық көре бастайды. 1975 жылы кандидаттық диссертация қорғады. 1980–1990 жж. сыншы ретінде таныла жүріп, әдебиет зерттеуі мәселелеріне ойысты. «Талап деңгейі» («Жазушы», 1984), «Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы» («Жазушы», 1988) кітаптары жарық көрді. «Стиль сыры» («Жұлдыз», 1991, №5), «Құндылық өлшемі»(«Жұлдыз», 1992, № 5), «Қазақ лирикасының қайнары» («Қазақ әдебиеті», 1993) «Абайтанудағы ақтаңдақтар» («Жұлдыз», 1994, № 10–11), «Шын әдебиет енді туады» («Қазақ әдебиеті», 1999, желтоқсан), «Әуезовтанудың маңыздылығы» («Ана тілі», 1999, қараша), «Әуезов – әлемдік тұлға» («Қазақ әдебиеті», 2000), т.б. мақалалар жазған.
«Қара өлең мен лирика» (2001), «Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары» («Елорда», 2001) атты монографиялардың авторы. Эссе жанрына да қалам тартқан.
Көп оқылғандар
12.11.2026
4498
13.11.2026
4234
14.11.2026
3800
12.11.2026
3599
12.11.2026
2116
15.11.2026
1753
17.11.2026
1499
17.11.2026
1237
13.11.2026
1026
13.11.2026
920
13.11.2026
879
16.11.2026
725
13.11.2026
704
03.11.2026
4972
21.10.2026
4852
28.10.2026
4777
22.10.2026
4749
12.11.2026
4498
20.10.2026
4315
04.11.2026
4283
13.11.2026
4234
14.11.2026
3800
12.11.2026
3599
28.10.2026
3549
20.10.2026
3282
06.11.2026
3127
22.10.2026
2273
11.11.2026
2228
