Мұстай Кәрім
Кәрім Мұстай, Мұстафа Сафич Карими (20.10.1919, Башқортостан Республикасы Чемин ауданы Кляшево селосы) – башқұрт ақыны, Социолистік Еңбек Ері (1979). Алғашқы шығармалары 1935 жылдан жариялана бастады. Тұңғыш жинағы “Отряд қозғалды” деп аталса (1938), 1941 жылы “Жазғы дауыстар” атты екінші жинағы жарық көрді. Соғыс жылдарында жауынгерлер өмірінен “Желтоқсан жыры”, “Өлмесбай” атты поэмалар жазды. Ол соғыстан кейін “Біздің үйдің қуанышы” повесін (1952), “Көктем дауысы” (1954), “Өзендер сөйлейді” (1964), “Алыста қалған жағалар” (1966), “Жылдар ізімен” (1971) жинақтарын жариялады. МҰСТАЙ Кәрімның “Той жалғасуда” (1947), “Жалғыз қайың” (1950), “Қыз ұрлау” (1959), “Жырланбаған жыр” (1961), “Ай тұтылған түн” (1964) атты пьесалары бар. Оның “Үш таған” (1965), “Талтүс” (1972) атты кітаптары қазақ тіліне аударылған. МҰСТАЙ Кәрім Ресейдің К.С. Станиславский атындағы Мемлекеттік сыйлығының (1967), Башқортостан Мемлекеттік сыйлығының (1967), КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1972) лауреаты.
Көп оқылғандар
26.10.2026
1571
28.10.2026
1541
28.10.2026
888
27.10.2026
868
26.10.2026
772
27.10.2026
758
28.10.2026
428
24.10.2026
390
25.10.2026
385
28.10.2026
366
28.10.2026
299
23.10.2026
256
25.10.2026
243
23.10.2026
215
21.10.2026
4382
22.10.2026
4233
20.10.2026
3373
07.10.2026
3280
15.10.2026
3211
20.10.2026
2916
09.10.2026
2867
16.10.2026
2573
09.10.2026
2287
05.10.2026
2284
30.09.2026
2172
08.10.2026
2129
15.10.2026
2117
14.10.2026
1873
