Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Ғ
Ғабдулла Тоқай

Ғабдулла Тоқай

Ғабдолла Тоқай, Ғабдолла Мұхаммедғарифұлы Тоқаев (1886-1913) - татар ақыны, публицист. Тоқай өлеңдерін қазақ тіліне алғаш М. Дулатов пен Е. Бүйрин, совет өкіметі жылдарында Ж. Сыздықов, Т. Әбдірахманов т. б. аударды. Т. шығармашылығын М. Әуезов, С. Мұқанов, Т. Нұртазин, С. Талжанов, Ж. Сыздықов, Б. Ысқақов т. б. зерттеп, мақалалар жазды. Әуезов Тоқай шығармашылығын жоғары бағалай келіп, оның Абай поэзиясымен рухани жақындығын атап көрсетті. Татар әдебиетшісі Р. Ш. Башкуров «Тоқайдың орыс әдебиетінен аударғандары» (Қазан, 1958, 16-17-б.)атты кітабында Абай мен Тоқай дың аудармашылық принциптерін салыстыра келіп, олардағы ортақ, ұқсас жайттарға тоқталды. Аударып отырған шығарманың идеялық тынысын, рухын терең жеткізіп беру, түпнұсқадан сырттай алыстаған тәрізді көрінгенімен, нәтижесінде соған анағұрлым жақын келіп, етене туыса түсу принциптері Абайға да, Тоқайға да тән. Дегенмен, бұдан Абай мен Тоқай аударма тәжірибесінде әр дайым бірдей келіп, қатар түсіп отырады деген ұғым тумайды. Әрқайсысының ақыңдық талантына және шығармашылық мұраттары мен эстет. көзқарастарына байланысты олардың өзіндік өзгешеліктері бар. М.Ю.Лермонтовтың И.Ф.Шиллерден аударған «Бесіктегі бөбек» деген небәрі екі-ақ жол өлеңін Тоқай өз тіліне тым еркін аударып, өз жанынан көбірек қосқан. Қосалқы көркемдік штрихтарды, фразеол. және идиомалық тіркестерді көбірек қолданған. Бұл өлеңді Абай да еркін аударған. Түпнұсқадағы негізгі ойды тереңірек ашып беруге ұмтылу Абайда да бар. Бірақ, Абай мен Тоқай бір мақсатқа әрқайсысы өзіндік көркемдік тәсілдер арқылы жетуді көздеген.

Көп оқылғандар