Тұрысбек Сәукетай
Сәукетай Тұрысбек - 1950 жылы 14 қарашада Алтай өлкесінде туған.
1968 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім орта мектебін бітіріп, 1970 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түскен.
1975 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына қызметке орналасып, сонда 16 жыл бойы еңбек еткен.
1989 жылдан бері «Жұлдыз» журналында жұмыс істейді. Қазір осы журналдың бас редакторының орынбасары.
Шығармашылық жолын өлеңмен бастаған. Көптеген әңгіме-повестер: «Сүткенже» («Последыш»), «Айлы түн еді» («Была лунная ночь»), «Қайыңдар, аппақ қайыңдар» («Березы, мои березы»), «Көлеңкелер патшалығы» («Царство теней») мен «Айқараңғысы» («Межлунье»), «Желқайық» («Парусник»), «Эпилог», «Қызылбалақтың қазасы» («Гибель красноногого орла»), «Мен - жындымын» («Я - сумашедший») романдарының авторы.
Аударма саласында өнімді еңбек етіп келеді. Екі жүзден астам киносценарий, Ги де Мопассанның, Амброз Бирстің новеллалары, Голдо Мейердің «Менің өмірім» кітабын тәржімалаған.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. «Жалын» журналының әдеби байқауы, «Қазақ хандығы -550» байқауының жүлдегері. 2017 жылы «Мен – жындымын» романы Жылдың үздік кітабы болып танылды.
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының мүшесі.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1999).
2022 жылы “Желқайық” романы үшін Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды.
Көп оқылғандар
28.10.2026
1657
26.10.2026
1573
28.10.2026
1069
27.10.2026
888
26.10.2026
783
27.10.2026
773
28.10.2026
448
28.10.2026
390
24.10.2026
390
25.10.2026
388
28.10.2026
325
23.10.2026
256
25.10.2026
245
23.10.2026
219
21.10.2026
4383
22.10.2026
4235
20.10.2026
3375
07.10.2026
3283
15.10.2026
3211
20.10.2026
2916
09.10.2026
2867
16.10.2026
2574
09.10.2026
2289
05.10.2026
2288
30.09.2026
2174
08.10.2026
2131
15.10.2026
2120
14.10.2026
1876
