Кемпірбай Бөгембайұлы
Кемпірбай Бөгембайұлы (1834, Қарағанды обл., Қарқаралы ауд., - 1895, Семей қ-сы) -ақын. Суырып салма ақындығымен, әрі әншілігімен аты шыққан. Халқының мол мұра-сынан сусындап өскен ол ақындық өнерді дамытуға, байытуға кең ауқымды үлкес қосқан. Шөже, Тезекбай, Жәмішбай, Әсет ақындармен айтысқан. Оның шығармаларының ішіндегі айрықша маңызды туындыларының бірі – Әсетпен бақұлдасуы. Толғау ақындық өнерді дәріптейтін бейнелі, өнегелі, өткір сөздерден тұрады. Ақын өзі туралы "мен шапсам жер танабы қуырылған" деп жырлайды. Ол бейнелеп, тұспалдап айтуға да шебер. Әл үстінде жатқан өнерпаз өзінің бойындағы ақындық дарынын өзін біржолата тастап ұшқалы тұрған көкала үйрекке ұқсатады. Кемпірбай Шөжемен 20 жасында Қарқаралыда Жаныстың Сәттібайының асында айтысқан. Бірден суырып шыққан Кемпірбай өлең алысын аңдаған Шөже алғашында айтысудан бас тартады. Кемпірбай болмаған соң ғана сайысқа түсіп, әртүрлі дінге қатысты сұраулар беріп, өзінің көп жылғы тәжірибесінің арқасында ғана жеңіске жетеді. Ақын шығармалары "Таң" журналында (1925, N1), С. Сейфуллин құрастырған "Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары" жинағында (1931), сондай-ақ халық ақындарының жинақтарында (1939, 1948, 1965) басылды.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2447
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2447
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
