Мәмбет Қойгелдиев
Мәмбет Қойгелдиев Құлжабайұлы - ғалым, тарих ғылымының докторы (1994), профессор (1995), белгілі алаштанушы. Қырғыз мемлекеттік университетін, әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аспирантурасын бітірген.
1968-1971 жылдар. Ауыл мектебінің мұғалімі, Жамбыл облыстық мұрағатының ғылыми қызметкері
1971–1989 жылдар. Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті)-доцент.
1989-1991 жылдар. Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті жанындағы партия тарихы Институтының аға ғылыми қызметкері.
1991-2001 жылдар. әл Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның жаңа тарихы кафедрасының меңгерушісі, әл Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы біліктілікті арттыру Институтының директоры, әл Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің деканы.
2002 -2006 жылдар. ҚР БҒМ Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры.
Қазір Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстанның жаңа және қазіргі тарихы кафедрасының меңгерушісі.
2004 жылдың қарашасынан Қазақстан тарихшылары Қауымдастығының президенті.
"Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының тарих және этнография секциясына жетекші болды.
Негізінен 20 ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ интеллигенциясының қоғамдық-саяси қызметін зерттеумен шұғылданады. Тарих ғылымында Алаш қозғалысы тарихына жаңа көзқарас қалыптастырды. Сондай-ақ орта ғасырдағы қазақ ғұламасы, тарихшы Қадырғали Қосымұлының “Жылнамалар жинағы” ортағасырлық тарихи жазба дәстүрі негізінде өмірге келген құнды еңбек екендігін ғылыми тұрғыда негіздеді.
Көп оқылғандар
12.11.2026
4498
13.11.2026
4234
14.11.2026
3800
12.11.2026
3599
12.11.2026
2116
15.11.2026
1753
17.11.2026
1501
17.11.2026
1242
13.11.2026
1027
13.11.2026
920
13.11.2026
879
16.11.2026
725
13.11.2026
705
03.11.2026
4972
21.10.2026
4852
28.10.2026
4777
22.10.2026
4749
12.11.2026
4498
20.10.2026
4315
04.11.2026
4283
13.11.2026
4234
14.11.2026
3800
12.11.2026
3599
28.10.2026
3549
20.10.2026
3282
06.11.2026
3127
22.10.2026
2273
11.11.2026
2228
