Мәлік-Айдар Асылбеков
Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбеков (15.1.1929 туған, Оңтүстік Қазақстан облысы қазіргіШардара ауданы, Шардара кенті - 20.05.2015 Алматы) – тарих ғылымдарының докторы (1974), профессор (1983), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техникалық қайраткері.
Шымкент мұғалімдер институтын (1948) және ҚазМУ-дың тарих факультетін (1954) бітірген. 1958 жылдан Қазақстан ғылым академиясының Тарих, археология және этнология институтының кіші ғылыми қызметкері, Ғылым Академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімінде ғалым-хатшы (1963–68), аға ғылыми қызметкер (1968–80), бөлім меңгерушісі (1981–1984, 1985–1992), институт директорының орынбасары (1984–1985) болды.
Оның жетекшілігімен 12 ғылым докторы, 50 ғылым кандидаты дайындалды. Қазақстандағы тарихи демография ғылымы мектебінің негізін қалады.
200-ден астам ғылым еңбек жазды. «Қазақстан темір жол кадрларының қалыптасуы және дамуы. 1917–1970» деген тақырыпта докторы диссертация қорғады. Ғылым қызметінің негізгі бағыты – 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономика және саяси жағдайы мен демографиясының даму процестері.Асылбеков Мәлік-Айдар ХантемірұлыКөп оқылғандар
12.11.2026
4498
13.11.2026
4234
14.11.2026
3800
12.11.2026
3599
12.11.2026
2116
15.11.2026
1753
17.11.2026
1501
17.11.2026
1242
13.11.2026
1027
13.11.2026
920
13.11.2026
879
16.11.2026
725
13.11.2026
705
03.11.2026
4972
21.10.2026
4852
28.10.2026
4777
22.10.2026
4749
12.11.2026
4498
20.10.2026
4315
04.11.2026
4283
13.11.2026
4234
14.11.2026
3800
12.11.2026
3599
28.10.2026
3549
20.10.2026
3282
06.11.2026
3127
22.10.2026
2273
11.11.2026
2228
