Өске Тоқаұлы
Өске Тоқаұлы (шын аты Ысмайыл) қазіргі Қостанай облысында дүниеге келіп, өмір сүрген суырып салма ақын. Әке-шешеден он жасында жетім қалған ол Қазы деген елге қадірлі кісінің тәрбиесін көріп, соның қолында өседі. Қазы дүние салған соң, кедейлігін кемсітіп, өгейлігін бетіне басқан біреулердің тілі тиіп, өзінің туған ауылына оралады. Қартайған шағында өзіне қарайласқан өгей әкесінің қара шаңырағына келсе,Қазының баласы Наурызбай болыс екен. Ағасы Өскені танымайды, іші жылымақ түгіл, келекелеп мазақ етеді.Ақынның болысқа, оның әйеліне, Жаппас елінің атақты байы Жарасбайдың балаларына айтқан өткір өлеңдері осыған байланысты туып, ауыздан ауызға тарап кетеді.
Өскенің өз дәуіріндегі ірі ақын екендігі жазушы Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романында да (бірінші кітап, «Жазушы», 1967) айтылады. Он тоғызыншы ғасырдағы «жыраулардың жампозы» атанған Балқы Базар Өскені өзінің ұстазы санап, өлең-жырларына қосып, жоғары бағалаған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорында Өске шығармалары жинақталған екі папка сақтаулы.(№474,478). Ақын шығармаларын ел аузынан жинаған жанашырлары: Мәриям Хакімжанова, халық ақындары Иманжан Жылқайдаров пен Омар Шипин.
Көп оқылғандар
22.10.2026
4222
22.10.2026
1826
26.10.2026
1523
22.10.2026
1126
28.10.2026
1033
22.10.2026
848
27.10.2026
784
26.10.2026
750
27.10.2026
718
22.10.2026
689
22.10.2026
427
25.10.2026
382
21.10.2026
4371
22.10.2026
4222
20.10.2026
3366
07.10.2026
3273
15.10.2026
3207
20.10.2026
2910
09.10.2026
2860
29.09.2026
2815
16.10.2026
2569
09.10.2026
2277
05.10.2026
2270
30.09.2026
2167
08.10.2026
2126
15.10.2026
2111
