Шәрбану Бейсенова
Шәрбану Бейсенова - 1947 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Алмасай ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1969). Еңбек жолын «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында әдеби қызметкер болып бастаған (1968). Кейіннен сол басылымда бөлім меңгерушісі, одан соң «Қазақстан әйелдері» журналына бөлім меңгерушісі болып (1980), осы журналда 1998 жылға дейін қызмет атқарған. Жаңадан жарық көрген кітаптардың насихатымен айналысқан. «Қазақ әдебиеті» газетінің «Кітап әлемі» деген қосымшасының редакторы болды. Астананың Алматыдан Ақмолаға ауысуына орай Елордада Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Баспа істері жөніндегі департаментіне бас маман болып орналасты.
Алғашқы әңгімелері, новеллалары облыстық «Дидар» (бұрынғы «Коммунизм туы») газеті мен «Қазақстан әйелдері» журналында жарияланып тұрды. Көптеген деректі әңгімелері «Топжарған қыздар» (1985) және «Тағылымды тағдырлар» (2000) деген атпен жеке кітап болып жарық көрген. Кейінгі жылдары тарихи тұлғаларға арналған «Сүзге дастан» (2008), «Бір махаббат баяны» (2009) сияқты кітаптары шықты.
Ол ТМД-ның бірталай жазушы- ларының: Украин жазушысы Владимир Дроздың «Ең ұзақ күн» (1995), эстон жазушысы Эне Ермаковтың «Мен он алты жастамын» (1995), Әзербайжан жазушысы Анар Рзаевтың «Түсіме жиі кірмеші» (1992), латыш жазушысы Д. Рукшаненің «Шырғалаң» (2007), армян жазушылары Давид Мурадян- ның «Шыршаның жанында тұрған сурет» (2008), Э.Авакянның «Қаңғыбас Коля», «Ақын мен Қарабала» (2009) атты шығармаларын, Х.Андерсеннің ертегілерін (1980); алыс шетел әдебиетінің көрнекті өкілдерінің: латиноамерикалық қаламгер Жоржи Амадудың «Құм жағалаудың капитандары» (2006) атты романын, неміс жазушысы Вольфганг Борхерттің «Жабық есік алдындағы жалғыз» (2010) атты пъесасын және бірқатар әңгімелерін қазақ тіліне аударған. Қазіргі уақытта «Ұлы дала арулары» атты тарихи кітаптар сериясын жасауды қолға алып, осы мақсатта зерттеу, іздену үстінде.
«Сүйінбике – Ұлы Дала аруы» атты кітабы «Фолиант» баспасынан 2016 жылы, «Бозоқ аруы» атты еңбегі 2018 жылы жарық көрді. Еңбектері орыс, татар, түрік тілдеріне аударылған. Ол, сонымен қатар, құдай қосқан қосағы, қоғам қайраткері Сағат Әшімбаевтың артында қалған мұрасының сақта- луының және насихаталуының ұйытқысы. С.Әшімбаев мұралары оның құрастыруымен жарық көруде. Баспасөз саласындағы отыз жылға тарта жасаған еңбегі үшін ҚР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен (1985), ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі мен ҚР мәдениет пен өнерді қолдаудың мемлекеттік қорының «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен (2006), басқа да көптеген мерекелік медальдармен марапатталған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының (2001) лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2007). Ұлан ауданының Құрметті азаматы (2009), Алматы облысы Райымбек ауданының Құрметті азаматы (2017).
Шығармалары: Тойға келген келіншек. Әңгімелер жинағы. Алматы, «Жалын», 1980; Топжарған қыздар. Деректі әңгімелер. Алматы, «Жалын», 1985; Сезімтал жүрек. Повесть және әңгімелер. Алматы, «Жазушы», 1988; Тағылымды тағдырлар. Астана,
«Елорда», 2000; Мизамшуақ әңгімелер жинағы. Алматы, «Өлке», 2006; Сүзгенің соңғы күндері. Хикаят және әңгімелер жинағы. I том, «АнАрыс», 2008; Бір махаббат баяны. Хикаят және әңгімелер жинағы. II том. «АнАрыс», 2009; Туған үйдің түтіні. Таңдамалы шығармалары. Астана, «Фолиант», 2011; Сказ об одной любви. Повести и рассказы (орыс тілінде). Астана, «Аударма», 2011; Сүйінбике – Ұлы Дала аруы. Астана, «Фолиант», 2016; Бозоқ аруы. Повесть. Астана, «Фолиант», 2018; Қызыл қырғын құрбаны – Марғуа (түрік тілінде), Анкара, 2019; Сүзге ханым және Бозоқ гөзелі (түрік тілінде), Анкара, 2019
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды