Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
О
Олжас Сүлейменов

Олжас Сүлейменов

Олжас Сүлейменов 1936 жылы 18 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1959 жылы ҚазМУ-дің геология факультетін бітірген. М.Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған. 1962–1971 жж. «Казахстанская правда» газеті редакциясында бөлім меңгерушісі, «Қазақфильм» киностудиясы сценарийлік-редакциялық алқасының бас редакторы, «Простор» журналының бөлім меңгерушісі, 1971–1981 жж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1981–1983 жж. Қазақ КСР кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, 1983–1991 жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, «Невада-Семей» қозғалысының төрағасы, 1995 жылдан Қазақстанның Италиядағы төтенше өкілетті елшісі болды. Бүгінде Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы төтенше өкілетті елшісі және тұрақты өкілі. 
 
 
Туындыларын орыс тілінде жазады. Өлеңдері мен поэмаларының алғашқы жинағы – «Арғымақтар» (1961) шыққаннан кейінгі жылдардан бері «Адамға табын, Жер, енді» өлеңдері бүгінгі ТМД елдері халықтарының көптеген тілдеріне, шет ел тілдеріне аударылып, жеке-жеке кітап болып бірнеше рет басылды. Кинодраматургия, әдеби зерттеу саласында да еңбек етіп жүр. Оның жазған сценарийі бойынша «Атамекен», «Көгілдір маршрут», «Қыс – қолайсыз маусым», «М.Әуезов туралы сөз», «Үндістан сазы», «Жастық шақ заставасы», т.б. фильмдер түсірілген. «Аз и Я», «Язык письма» атты тілге қатысты зерттеулері жарық көрді. «Жалынның шалқуы» атты өлеңдер жинағы француз тілінде шықты.
 
 
Ядролық сынаққа қарсы «Семей-Невада» қозғалысының, Халық Конгресі партиясының лидері. Қазақ КСР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының (1967), Қазақстан комсомолы, БЛКЖО сыйлығының (1966) лауреаты. Қазақстанның Халық жазушысы. Қазақстан Меценаттар клубының «Тарлан» сыйлығының (2000) лауреаты.
 
 
Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі», Октябрь Революциясы, І дәрежелі «Барыс» (2001), «Отан» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Азербайжан Республикасының «Шухрат» орденімен, Украинаның «Ярослав Мудрый», Шешен Республикасының, Францияның және Ресейдің «Достық» ордендерімен марапатталған.
 
 
Шығармалары: 
 
Арғымақтар. Өлеңдер мен поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1961; 
Адамға табын, Жер, енді. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1961; 
Нұрлы түндер. Өлеңдер мен поэма. А., ҚМКӘБ, 1962; 
Қылықты түн. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1963; 
Шапағатты шақ. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1964; 
Мешін жылы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1967; 
Таңдамалы лирика. М., «Молодая гвардия», 1968; 
Қыш кітап. Поэмалар. А., «Жазушы», 1969; 
Ақ дария аспаны. Өлеңдер мен проза. Т., Ғафур Ғұлам атындағы көркем әдебиет баспасы, 1970; 
Атамекен. Өлеңдер мен поэма (қазақшаға аударған Қ. Мырза Әли). А., «Жазушы», 1972; 
Әр күн – арайлы таң. Өлеңдер. М., «Огонек» кітапханасы. 1973; 
Жұмыр жұлдыз. Өлеңдер. М., «Советский писатель», 1975; 
Қалаулы қайырма. Таңдамалы өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1973; 
«Аз и Я». Зерттеу кітабы. А., «Жазушы», 1975; 
Көңіл көкжиегі. Таңдамалы өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1976 (екінші басылымы, 1980); 
Жалынның шалқуы. (Трансформация огня). Өлеңдер мен проза. 1) Париж. «Галлимар», Француз тілінде. 1981; 
2) А., «Жалын», 1983; 3) Қайта басылымы, 1985; 
Әр күн – арайлы таң. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1986; Асқардан асу. А., «Жазушы» 1987.
 
 
 

Көп оқылғандар