Ғалым Жайлыбай
Қазақтың көрнекті ақыны Ғалым Жайлыбай 1958 жылы 9 ақпанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, «Жеңіс» ауылында туған. Қазақтың менеджмент, экономика және болжау институтын әлеметтанушы мамандығы бойынша (1993) бітірген. Сыртқы істер министрлігінде, түрлі басылымдарда қызмет етті. «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Қазақ радиосының» бас редакторы, Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары, «Жұлдыз» журналының бас редакторы секілді қызметтер атқарған.
«Жанымның жапырақтары» (1988), «Жүрегімнің жұлдызы» (1996), «Құсқанаты» (2001), «Ардакүрең» (2008), «Ақ сиса», «Белый ситец» (2012), «Қара орамал», «Черный платок» (2014), «Бір тал үкі» (2014), Тобылғы жарған» (2014), «Тамакөшкен» (2016), «Есіл ағады» (2016), «Ай сынығы» (2020), «Ай таңбалы арғымақ» (2020), «Черноглазый лик» (2018), «Сұлубайдың әні» (2019), «Жаратқанның жазуы» (2022) жарық көрген. Таңдамалы шығармаларының үш томдығы 2014 жылы «Фолиант» баспасынан басылып шықты. 2018 жылы түрік тілінде «Янки» атты бір томдығы Анкара қаласында жарияланған. Өлеңдері мен поэмалары орыс, ағылшын, түрік, белорус, грузин, украин, татар, қырғыз тілдерінде, жеке топтамалары әлемнің 20-дан аса мемлекетінде басылған.Қарағанды лагері туралы «Қара орамал» поэмасы әлемнің 16 тіліне аударылып жеке кітап-альбом болып оқырманға жетті. Осы поэма Швецияның Стокгольм қаласында VI «ОРЕN EURASIAN» әлемдік байқауында 2017 жылы жүлделі үшінші орынды иеленді. Ғалым Жайлыбайдың Бейжіңдегі «Ұлттар» баспасынан да бір томдық еңбегі жарық көрген. Ресей Жазушылар Одағының С.Есенин атындағы алтын медалінің, «Құрмет» орденінің, бірнеше медальдардың иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). Баянауыл және Жаңаарқа ауданының құрметті азаматы. Қ.Р. Абай атындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2022).
Көп оқылғандар
28.10.2026
1969
28.10.2026
1810
26.10.2026
1580
27.10.2026
955
27.10.2026
808
26.10.2026
802
28.10.2026
483
28.10.2026
483
29.10.2026
426
28.10.2026
405
24.10.2026
396
25.10.2026
393
28.10.2026
310
29.10.2026
288
21.10.2026
4387
22.10.2026
4241
20.10.2026
3379
07.10.2026
3297
15.10.2026
3214
20.10.2026
2931
09.10.2026
2882
16.10.2026
2577
09.10.2026
2293
05.10.2026
2293
30.09.2026
2176
08.10.2026
2134
15.10.2026
2126
28.10.2026
1969
