Зейнолла Қабдолов
Зейнолла Қабдолов (1927-2006) - 1927 жылы 12 желтоқсанда Атырау облысында туған. Орта мектептен кейін екі жыл (1943-1945) өндірісте жұмыс істейді. 1945 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1950 жылы үздік дипломмен бітіреді де, осы білім ордасында бүгінге дейін елу жылдан астам үздіксіз білім және ғылым жүмыстарын қатар жүргізіп келеді. Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР ҰҒА-ның академигі, филология ғылымының докторы, профессор. Ширек ғасыр бойы ҚазМҰУ-дың әдебиет кафедрасын басқарған, бірнеше жыл "Жұлдыз" журналы мен "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы міндеттерін негізгі мамандығымен қоса атқарған, "Ұшқын" (басында "Өмір ұшқыны") және "Жалын" (Бүкілодақтық жүлдеге ие болды, 1972) романдарының, "Адам" (1964), "Сыр" (1975) атты жинақтарына енген әңгіме-очерктері мен Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық және бірнеше облыстық театрлардың сахналарында қойылған "Сөнбейтін от" драмасының авторы. "Менің Әуезовім" романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы (1998) берілді. Қазақ және Қырғыз Республикалары ғылымдарының еңбек сіңірген қайраткері. ҚазМҰУ жанындағы филология ғылымының докторы дәрежесін беру жөніндегі тұрақты диссертациялық кеңестің төрағасы. А.Пушкин мен Н.Гогольдің жекелеген шығармалары, Л.Кассиль, В.Добровольский, В.Закруткиннің романдарын, А.Островскийдің "Ұшынған ақша", М.Горькийдің "Күн перзенттері", Н.Хикмеггің "Елеусіз қалған есіл ер" пьесаларын аударған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, "Құрмет Белгісі", Халықтар Достығы, "Парасат" ордендерімен және медальдармен марапатталды. ВЦСПС пен КСРО Жазушылар одағы, Қазақ ПЕН-клубы жөне Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы Бірінші дәрежелі сыйлықтарының лауреаты. Көркем шығармалары бірнеше шетел тілдеріне аударылды.
Зейнолла Қабдолов 2006 жылы 78 жасында дүниеден өтті. Алматы қаласындағы мекен-тұрағы болған Желтоқсан көшесіндегі №132 үйдің қабырғасына мемориалды тақта орнатылып, қаладағы көшелердің біріне жазушының есімі берілген.
Көп оқылғандар
26.10.2026
1561
28.10.2026
1444
27.10.2026
847
26.10.2026
763
27.10.2026
737
28.10.2026
674
28.10.2026
405
24.10.2026
385
25.10.2026
384
28.10.2026
302
23.10.2026
255
25.10.2026
237
28.10.2026
233
23.10.2026
210
21.10.2026
4379
22.10.2026
4233
20.10.2026
3370
07.10.2026
3278
15.10.2026
3208
20.10.2026
2915
09.10.2026
2863
16.10.2026
2571
09.10.2026
2283
05.10.2026
2281
30.09.2026
2169
08.10.2026
2129
15.10.2026
2115
14.10.2026
1871
