Маралтай Ыбыраев
Маралтай Райымбекұлы Ыбыраев 1969 жылы 29 сәуірде Жамбыл облысы, Сарысу ауданында дүниеге келген. Өлеңдері 1987 жылдан бастап республикалық басылымдарда жарияланған. 1996 жылы “Жазушы” баспасынан “Ай-Нұр” атты тұңғыш кітабы және 1999 жылы “Жазушы” баспасынан “Ай” деген өлеңдер жинағы жарық көрген. “Студенттер көктемі” фестивалінің бас жүлдегері болған. Көптеген республикалық басылымдарда жауапты қызметтер атқарған. Қазақстан Жазушылар одағында Әдебиетшілер үйінің директоры, 2007-2008 жылдары «Кентавр» газетінің Бас редакторы, 2008-2012 жылдары Қазақстан теле-радио корпорациясында редактор-жүргізуші және шолушы қызметтерін атқарды. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасы Президентінің 4 мәрте стипендиаты. Қазақстан Республикасы Президенті Грантының иегері. 2008 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Кентавр» өлеңдер жинағы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанған. Қожа Ахмет Иассауи атындағы Тараз Мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің мүшесі. Қазіргі кезде Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы Төрағасының орынбасары.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
