Махмұт Абдрахманов
Махмұт Абдрахманов 1934 жылы 20 шілдеде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ташкенсаз ауылында туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Ұйғыр тіліндегі «Коммунизм туғи» газетінде әдеби қызметкер, Қазақ КСР Ғылым академиясының Ұйғыртану бөлімінде аға ғылыми қызметкер болып істеген. 1983 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ұзтаздық етіп келеді.
Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұйғыр әдебиетітарихы авторларының бірі. Оның ұйғыр, қазақ және орыс тілдерінде, әр түрлі басылымдарда жарияланған 200ден астам мақалаларында ұйғыр ақын, жазушыларының шығармашылық жолы, ұлт әдебиетінің даму ерекшеліктері, әдеби байланыстар зерделенген.
Бірнеше өлеңдер жинағының авторы. Ол Абай, Пушкин, Р.Ғамзатов, Х.Ерғалиев, Қ.Мырза Әли, Т.Молдағалиев, т.б. өлеңдерін ұйғыр тіліне аударған. Өз өлеңдері қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген.
М.Абдрахманов – орта мектепке арналған әдебиет бағдарламаларының және оқулықтары авторларының бірі.
Шығармалары мен еңбектері: Жүрек жырлары. Өлеңдер. «Жазушы», 1967; Ұйғыр совет әдебиеті тарихы. «Ғылым», 1967; Өрлеу үстінде. Әдебисыни мақалалар. «Жазушы», 1977; Белестер. Өлеңдер. «Жазушы», 1983; Адымдар. Өлеңдер. «Жазушы», 1984; Ұйғыр совет әдебиетінің тарихы. «Ғылым», 1986; Жылдар жаңғырығы. Мақалалар мен өлеңдер. Чонжа, 1999; Түйіндер. Өлеңдер мен мақалалар. «Білім», 2004; Шеберлік шыңына ұмтылып. «Мир», 2009; Ұйғыр әдебиеті. Оқулық пен хрестоматия, 8 сынып үшін. «Мектеп», 2000; Ұйғыр әдебиеті. Оқулық пен хрестоматия, 10 сынып үшін. «Мектеп», 2003.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2635
28.10.2026
2469
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
29.10.2026
843
26.10.2026
843
29.10.2026
791
28.10.2026
605
28.10.2026
602
29.10.2026
521
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2635
16.10.2026
2586
28.10.2026
2469
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
