Қайып Айнабеков
Қайып Айнабеков (1885–1955) - 18 мамырда Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Көбетай ауылында туған. Халық ақыны. Бала жасынан жетім қалып, нағашысының қолында тәрбиеленеді. Орталық Қазақстандағы ауылды жаңа шаруашылық саласына жұмылдыру жұмысына белсене қатысып, кеңес, шаруашылық, ағарту саласында қызмет істеген.
1921 жылы Орынборда өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық ІІ съезіне делегат болды.
1923 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық этнографиялық көрмеге қатысып, қобызда ойнап, ән айтады. Сол жолы белгілі музыка жинаушы А.В.Затаевич одан «Сұлушаш», «Қоскөтерме», «Әупілдек», «Назқоңыр», «Жеңеше» сияқты халық әндерін жазып алады. Он бес жасынан өлең шығарады.
1929 жылдан өмірінің соңына дейін Қарағанды қаласында тұрып, кеншілер мен жұмысшылар еңбегін шығармаларына арқау етті.
1943 жылы Қарағандыда өткен облыстық ақындар айтысын бастаушылардың бірі болды. Ілияс Манкинмен, Сәби Әзденбаевпен, Көшен Елеуовпен айтысты. Отан қорғауға шақырған патриоттық жырлар шығарып, қас батырларға арналған «Әбдірдің Нүркені», «Ер Төлеген» толғауларын өмірге әкелді. Өз жанынан эпикалық дастандар да шығарды. Бұрынғы қазақ тұрмыстіршілігі мен әйел теңдігін баяндайтын «Қолаң», 1916 жылғы ұлтазаттық көтерілісіне арналған «Амангелді» дастандарын жазды. Өлеңдері, дастандары мен айтыстары халық ақындарының жинақтарында, 1958 жылы Мәскеуде орыс тілінде жарық көрген қазақ поэзиясының антологиясында жарияланды. Бірнеше рет Қарағанды облыстық, қалалық кеңестеріне депутат болып сайланды. Таңдаулы шығармаларының жинағы үш рет жеке жарық көрді.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2633
28.10.2026
2467
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
856
26.10.2026
843
29.10.2026
839
29.10.2026
791
28.10.2026
605
28.10.2026
602
29.10.2026
520
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2633
16.10.2026
2586
28.10.2026
2467
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
