Абдрахман Асылбек
Абдрахман Асылбек 1938 жылы 1 мамырда Жамбыл облысының Талас ауданына қарасты Үшарал ауылында туған. ҚазПИдің тарихфилология факультетін бітіргеннен кейін мектепте мұғалім болған. Аспирантурада оқыған, облыстық газетте, республикалық Қазақ радиосында, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде қызмет жасаған. Сондайақ, «Жазушы», «Жалын» баспаларында, Қазақстан Жазушылар одағындағы көркем әдебиетті насихаттау бюросында, Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облыстық бөлімшесінде, республикалық «Әділет», «Мәдениет», «Заң», «Көзқарас» газеттерінде қызмет істеген. «Заңгер» журналында бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, ҚР Бас Прокуратурасының «Құқықтық Қазақстан» газетінің Бас редакторы болған, қазіргі кезде осы газетте бас редактордың орынбасары.
1955 жылы «Бейбітшілік бақшасы», «Жауды аяған жаралы» сияқты тырнақалды шығармалары басылған. Балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрген.
Содан бергі уақытта 31 жыр кітабын шығарды. Лирика, ән мәтіндерін жазып, сатира және аударма жанрларымен де айналысып келеді. Көптеген байқаулардың жеңімпазы, жүлдегері.
Шығармалары: Жапырақтар. Өлеңдер А., ҚМКӘБ, 1961; Қиял қиясында. Аңыздар. А., ҚМКӘБ, 1963; Алтын дән. Ертегі А., «Жазушы», 1967; Алатау аясында. Ертегіпоэма. А., «Жазушы», 1969; Ғажап бала. Аңыздар, ертегілер. А., «Жазушы», 1969; Балам туралы баллада. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971; Әлемге үні тараған. Балладалар. А., «Жазушы», 1971; Көкорай көктем. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; Түрлітүрлі бала бар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974; Туысыңды таптың ба? Сатиралық өлеңдер. А., «Жалын», 1976; Светофор сыры. Өлеңдер. А., «Мектеп», 1977; Алтын арай. Өлеңдер, ертегілер. А., «Жалын», 1980; Ерден атайдың ертегілері. Ертегілер. А., «Мектеп», 1980; Достық балладасы. Балладалар. А., «Жазушы», 1981; Байқа, балақай. Өлеңдер. Әңгімелер. А., «Мектеп», 1982; Бәйшешектер. Ертегілер. А., «Мектеп», 1984; Хантау қойнауында. Деректі повесть. А., «Қайнар», 1982; Ақ тілек. Өлеңдер, жұмбақтар, ертегілер. А., «Жалын», 1985; За тучами – солнце. Сказки. А., «Жалын», 1986; Сауысқанның сәлемі. Сықақтар, мысалдар. А., «Жазушы», 1986; Сыйқырлы сыбызғы. Ертегілер. А.,1988; Ақ моншақты аруым. Әндер. А., «Өнер», 1995; Шапағат шуағы. Өмірдерек. А., «Қайнар», 1997; Балбұлақ. Өлеңдер, ертегілер. А., «Рауан», 2000; Айдай сұлу аруым. Әндер. А., «Әуен», 2001; Әнші бала. Әндер. А., «Әуен», 2002; Сүйеді екем. Әндер. А., «Әуен», 2003, Биназар батыр. А., «Мария» 2004; Байғозы батыр. А., «Мерей», 2005; Құранға құрмет. А., «Асыл», 2007; И.А.Крылов. Мысалдар. «Аударма», 2008.
2018 жылы 19 қазанда Алматы қаласында дүние салған.
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды