Абдолла Асылбеков
Абдолла Асылбеков (1896–1937) Ақмола уезі (қазіргі Қарағанды облысының Нұра ауданы) №1 ауылда туған. Бастауыш орыс мектебінде оқыған.
Ақпан революциясынан кейін С.Сейфуллинмен бірге Ақмолада Совет өкіметін орнатысып, «Тіршілік» газетін шығаруды ұйымдастырады. Колчактар оны тұтқынға алып, «Анненковтың азап вагондарында» зарықтырады.
1919 жылы түрмеден қашып шығады. Азамат соғысы жылдарында ол Қиыр Шығыстағы Приморск армиясының полк комиссары болады.
1921 жылы Қазақстанға қайтып келеді. Ақмола губерниялық партия комитетінде жұмыс істейді.
1922–1925 жж. ол РК(б)П қазақ облыстық комитетінің хатшысы және білім бөлімінің меңгерушісі болады.
1926 жылы Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясына оқуға түсіп, оны бітіргеннен кейін жауапты қызметтер атқарады. Мақалалары мен очерктері «Тіршілік», «Еңбекші қазақ», «Советская степь» газеттері мен «Қызыл Қазақстан» журналында жарияланып тұрды.
Шығармалары: Біздің де күніміз туды. Повесть. Орынбор, 1921.
1938 жылы 29 қаңтарда өмірден өткен.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
