Серік Асылбекұлы
Асылбекұлы Серік 1951 жылы 18 қыркүйекте Қызылорда обылысының Қармақшы ауданындағы Ленин ауылдық советіне қарасты Қарақ деген жерде дүниеге келген. Оның екі жасында ата-анасы көршілес Қазалы ауданына қоныс аударған. 1968 жылы Қазалы ауданының Қазалы ауылындағы №100 Кеңтүп» қазақ орта мектебін, 1973 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор.
Асылбекұлы Серік 1973-2001 жылдары орта мектепте мұғалім, мектеп директорының оқу істері жөніндегі орынбасары, республикалық әдеби баспалар мен журналдарда редактор, бас редактор, Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінде жетекші маман болып қызмет атқарды. 2001-2008 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясының аға оқытушысы, доценті, профессоры, 2009-2013 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы. Қазір Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында қызмет етеді.
С.Асылбекұлы 1984 жылы Москва қаласында өткен Жас жазушылардың ҮІІІ Бүкілодақтық кеңесінің қатысушысы, Қазақстан Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы сыйлығының лауреаты (1987 ж.), қазақ және орыс тілдеріндегі 10 прозалық кітаптың, шет елдердің, атап айтқанда, Ресей Федерациясының, Украинаның, Моңғолияның, Қырғызстанның, Қытай Халық Республикасының ғылыми басылымдарында жарық көрген бірнеше әдеби-зерттеу мақалаларының, бір монографияның авторы. Л.Толстой, Ги де Мопоссан, М.Пришвин, А.Грин, А.Васильевич, В.Железников, Г.Далидович, т.б. лардың кейбір новеллалары мен әңгімелерін, Ш.Айтматовтың «Жаңғырық» («Плаха») атты романының бір тарауын орыс тілінен қазақшаға аударған.
С.Асылбекұлы сондай-ақ драматург ретінде де танымал. Оның «Желтоқсан түні ызғарлы» («Бір түнгі оқиға») пьесасы бойынша қойылған спектакльге осы заман шындығын шынайы бейнелегені үшін 1998 жылы Тараз қаласында өткен ҮІ Республикалық театр фестивалінің, «Империядағы» туған күн кеші» пьесасы бойынша қойылған спектакльге 2013 жылы Ақтөбе қаласында өткен ХХІ Республикалық театр фестивалінің, ал «Күзгі романс» пьесасына 2005 жылы Қазақстан Ұлттық кітапханасы мен «Самсунг электроникс» корпорациясының үздік драмалық шығармаларды анықтау мақсатында өткізген республикалық әдеби конкурсының бас жүлделері берілді. Қазіргі күндері аталған пьесалар бойынша қойылған спектакльдер Қазақ және Қырғыз академиялық, ұлттық драма театрларының сахналарында табыспен жүруде.
Серік Асылбекұлының «Бөтеннің тойы» атты әңгімесі 2016 жылдың 25-28 қараша аралығында Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында өткен, әлемнің 43 елінен 1400 шығарма келіп түскен «Open Eurazian literature Festival book Forum - 2016» халықаралық әдебиет фестивалінде «Көркем шығарма» номинациясы бойынша лауреат атанды. Бұл конкурсты Еуразиялық шығармашылық одақ (Лондон) пен британдық Hertfordshire Press баспа орталығы өткізген болатын.
Шығармалары:
1.Асылбекұлы С. Қазақ мәдениеті – қазақ мемлекеттілігінің жүрегі. Публицистикалық мақалалар. – Алматы: Өнер, 2003. - 240 б.
2. Асылбекұлы С. Қазақ повесі (Генезисі, эволюциясы, поэтикасы). Монография. – Алматы: Ұлағат, 2015 – 288 б.
3. Асылбекұлы С. Шығармалары. Әңгімелер, повестер. 1-том. – Астана: Фолиант, 2008. – 400 б.
4. Асылбекұлы С. Шығармалары. Повесть, әңгімелер, пьесалар, 2-том. – Астана: Фолиант, 2008. – 416 б.
5. Асылбекұлы С. Рәбиғаның махаббаты. Әңгімелер, повестер, пьесалар. – Алматы, Қазpress, 2015- 320 б.
Телефон: 8(727) 396-16-69; +7 778 574 9292
e-mail: serik051@mail.ru
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды